Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента, озвученных на IV заседании Национального курултая
Олжас Бектенов Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Бектенов требует качественного и оперативного исполнения поручений Президента.
17 Март 2025, 14:15 Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента, озвученных на IV заседании Национального курултая Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросу реализации поручений Президента, озвученных в ходе IV заседания Национального курултая 14 марта т.г. «Глава государства в своем выступлении на IV Национальном курултае определил вектор развития страны на ближайшую перспективу в сфере внутренней политики и экономики. Внимание было уделено многим значимым вопросам, касающимся роста экономики, реализации крупных инфраструктурных и энергетических проектов, цифровизации и развития человеческого капитала. Главное – качественно реализовать поручения Президента», - подчеркнул Олжас Бектенов. Заслушаны подходы министерств по реализации поставленных задач. Заместитель Премьер-министра - министр национальной экономики Серик Жумангарин доложил о работе по созданию новых точек экономического роста и устранению дисбалансов в региональном развитии, развитию справедливой и эффективной налоговой системы, улучшению администрирования налогообложения. В соответствии с поручением Главы государства будет разработан проект Концепции региональной политики на 2025-2030 годы и отдельный закон о развитии приграничных территорий. Министр энергетики Алмасадам Саткалиев сообщил, что в рамках поручения Президента в ближайшие два года планируется реализовать ряд новых проектов, которые дадут прирост мощности энергосистемы порядка 3 ГВт. Кроме того, в 2026 году планируется ввести в эксплуатацию новый газоперерабатывающий завод на Кашагане мощностью 1 млрд м3, магистральный газопровод «Талдыкорган – Ушарал» и вторую нитку газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент». Также внимание уделено вопросам развития атомной отрасли. Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев доложил о внедрении искусственного интеллекта в сферу бюджетного планирования и разработке интеллектуальной модели прогнозирования доходной и расходной части бюджета. В планах также масштабное расширение мощностей дата-центров, что укрепит позиции Казахстана как регионального IT-хаба. В рамках развития транспортной инфраструктуры планируется сократить путь между центральными и западными регионами за счет введения коридора общей протяженностью 791 км по маршруту «Астана - Жантеке - Егиндиколь - Аркалык - Торгай - Иргиз». Для этого предусмотрено охватить ремонтом участки дорог «Астана – Жантеке», «Жантеке – Егиндиколь», «Аркалык – Торгай». Требуется строительство дорог между «Иргиз – Торгай» и «Аркалык – Егиндиколь». Также будет реконструирован аэропорт Аркалыка: планируется строительство современного аэровокзала и обновление взлетно-посадочной полосы. Министр культуры и информации Аида Балаева доложила о начатой работе по усилению законодательства в области кино, планах по развитию казахской анимации для детей. В целях исполнения поручений Президента о пересмотре критериев государственного социального заказа и совершенствованию законодательства о неправительственных организациях создана экспертная комиссия из представителей НПО. Также отмечено, что разработан проект Комплексного плана по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО. В сфере образования в рамках единой программы «Дети Казахстана» будет разработан специальный закон, направленный на обеспечение безопасности и защиты подрастающего поколения от насилия, доступ к качественному образованию и медобслуживанию, предоставление равных возможностей детям с особыми потребностями. В стране функционируют 11 аутизм-центров, отмечена необходимость открыть соответствующие учреждения в каждом регионе. Кроме того, среди предстоящих планов – создание условий для получения востребованных профессий. Особое внимание будет уделено формированию качественной инфраструктуры. К примеру, запланировано строительство международного колледжа на 1,2 тыс. мест. Министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов сообщил о мерах по развитию футбола. На сегодня в Казахстане насчитывается 28 основных стадионов. В рамках проекта ALAN по реновации футбольных полей за последние два года реконструировано 18 площадок, в текущем году будут обновлены еще 9. О реализации поручений по сохранению биоразнообразия и укреплению экологической культуры доложил министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев. В Казахстане расширена сеть особо охраняемых природных территорий – с 869 тыс. га до 30,9 млн га за почти 35 лет. Ведется работа по защите редких видов животных, включая снежного барса, и восстановлению исчезнувших видов, таких как туранский тигр и лошадь Пржевальского. Численность сайгака в настоящее время достигла рекордных 4,1 млн особей, ожидается дальнейший рост. С целью укрепления природоохранных мер разрабатывается Концепция сохранения биоразнообразия, также ведется работа по укреплению экологической культуры в рамках инициативы «Таза Қазақстан». В АПК Казахстан продолжит укреплять позиции в экспорте зерна и муки, наращивая мощности глубокой переработки. В ближайшие 3 года запустят 3 крупных проекта на $560 млн с созданием 1,5 тыс. рабочих мест. Премьер-министр подчеркнул необходимость качественной и оперативной работы по направлениям, отмеченным Главой государства в своем выступлении. Министерствам и акиматам дан ряд поручений. В рамках налоговой реформы первый пакет поправок внесен на рассмотрение Мажилиса Парламента. «Выработаны дополнительные предложения, позволяющие решить некоторые вопросы кардинальным образом. При этом, мы должны максимально сосредоточиться на оптимальном расходовании бюджетных средств и обеспечении доходной части республиканского бюджета», - подчеркнул Олжас Бектенов. Соответствующее поручение дано Минфину совместно с заинтересованными госорганами. МЦРИАП поручено разработать план мероприятий по внедрению новых цифровых технологий в госорганах и квазигоссекторе. К этой работе необходимо привлечь IT-специалистов. «Глава государства поручил Правительству приступить к строительству новой автодороги от Астаны через тургайский регион с выходом к Транскаспийскому транспортному коридору. Министерству транспорта необходимо оперативно актуализировать ранее разработанные ТЭО и ПСД, определиться с источниками финансирования и уже в текущем году приступить к строительству», - отметил Премьер-министр. МСХ поручено разработать комплексный план по глубокой переработке зерна и развитию экспорта. МЭПР необходимо внести в Правительство проект решения о создании Международного фонда по сохранению природного биологического разнообразия. Министерствам туризма, культуры совместно с акимами регионов требуется проработать меры популяризации в каждом регионе точек притяжения для туристов. Поручено создать национальный атлас природного и культурного достояния Казахстана. МВД совместно с Министерством культуры и информации поручено доработать Концепцию по продвижению идеологии закона и порядка на 2025-2030 г.г., а также разработать новый программный документ по профилактике наркомании и наркопреступности на ближайший период. Ряд поручений дан по развитию атомной энергетики, театров, кино, наукоградов, модернизации образовательных, медицинских и спортивных объектов. Кроме того, МЧС и акиматам поручено принять необходимые меры по недопущению масштабных паводков, а также обеспечить круглосуточный мониторинг за обстановкой. #Премьер-министр РК #Поручение Президента #Сельское хозяйство #Цифровизация #Экономика #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
17 Наурыз 2025, 14:15
Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.
«Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ішкі саясат пен экономика саласындағы еліміздің алдында тұрған даму бағдарын белгілеп берді. Экономиканың өсуіне, ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға, цифрландыру мен адам капиталын дамытуға қатысты көптеген маңызды мәселелерге назар аударылды. Ең бастысы – Президент тапсырмаларын сапалы орындау», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Министрліктердің жүктелген міндеттерді жүзеге асырудағы тәсілдері тыңдалды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың өсуіне жаңаша серпін беру және өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктерді жою, әділ және тиімді салық жүйесін дамыту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстары туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік саясат тұжырымдамасының жобасы мен шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленеді.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Президенттің тапсырмасы аясында алдағы екі жылда энергия жүйесінің қуатын шамамен 3 ГВт-қа арттыратын бірқатар жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұдан басқа, 2026 жылы Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 жаңа газ өңдеу зауытын, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» газ құбырының екінші желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ атом саласын дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бюджеттік жоспарлау саласына жасанды интеллектіні енгізу және бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін болжаудың зияткерлік моделін әзірлеу туралы баяндады. Сондай-ақ дата-орталықтардың қуатын ауқымды кеңейту жоспарлануда, бұл Қазақстанның өңірлік IT-хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады.
Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 791 шақырым дәлізді енгізу есебінен орталық және батыс өңірлер арасындағы жолды қысқарту жоспарлануда. Ол үшін «Астана – Жантеке», «Жантеке – Егіндікөл», «Арқалық – Торғай» жол учаскелерін жөндеумен қамту көзделген. «Ырғыз – Торғай» және «Арқалық – Егіндікөл» арасындағы жолдарды салу қажет болады. Арқалық әуежайына да реконструкция жасалады: заманауи аэровокзал салу және ұшу-қону жолағын жаңарту көзделіп отыр.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кино саласындағы заңнаманы күшейту бойынша басталған жұмыстар, балаларға арналған қазақ анимациясын дамыту жоспары туралы баяндады. Президенттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарттарын қайта қарау және үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында ҮЕҰ өкілдерінің арасынан сараптамалық комиссия құрылды. Сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленгені атап өтілді.
Білім беру саласында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өскелең ұрпақты зорлық-зомбылықтан қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы білім мен медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған арнайы заң әзірленетін болады. Елімізде 11 аутизм орталығы жұмыс істейді, әр аймақта тиісті мекемелер ашу қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтарды даярлау үшін жағдай жасау да алдағы жоспарлардың қатарында тұр. Сапалы инфрақұрылымды дайындауға ерекше назар аударылатын болады. Мәселен, 1,2 мың орындық халықаралық колледж салу жоспарланған.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов футболды дамыту шаралары туралы хабарлады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 28 негізгі стадион бар. ALAN футбол алаңдарын жаңарту жобасы аясында соңғы екі жылда 18 алаң реконструкциядан өтті, биыл тағы 9 алаң жаңартылады.
Биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі тапсырмаларды іске асыру туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісі 35 жыл ішінде 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін кеңейтілді. Жануарлардың сирек кездесетін түрлерін, соның ішінде барысты қорғау және тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысы сияқты жойылып кеткен түрлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта киіктің саны рекордтық 4,1 млн басқа жетті, одан әрі өсу күтіліп отыр. Табиғатты қорғау шараларын нығайту мақсатында биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасы әзірленуде, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде экологиялық мәдениетті нығайту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Еліміз АӨК-те астық пен ұн экспортындағы ұстанымын нығайтуды жалғастырып, терең өңдеу қуатын арттыруда. Алдағы 3 жылда 1,5 мың жұмыс орнын ашатын жалпы құны $560 млн-ды құрайтын 3 ірі жоба іске қосылады.
Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы атап өткен бағыттар бойынша сапалы және жедел жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берілді. Салық реформасы шеңберінде түзетулердің бірінші пакеті Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.
«Кейбір мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін қосымша ұсыныстар әзірленді. Бұл ретте бюджет қаражатын оңтайлы жұмсауға және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуге баса назар аударған жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Қаржы министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
ЦДИАӨМ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жаңа цифрлы технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмысқа IT-мамандарды тарту қажет.
«Мемлекет басшысы Үкіметке Астанадан Торғай өңірі арқылы Транскаспий көлік дәлізіне тура шығатын жаңа автокөлік жолының құрылысына кірісуді тапсырды. Көлік министрлігі осыған дейін әзірленген техника-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы жедел өзектендіріп, қаржыландыру көздерін анықтасын. Жол құрылысына биыл кірісу қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.
АШМ-ге астықты терең өңдеу және экспортты дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу тапсырылды. ЭТРМ Үкіметке табиғи биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру туралы шешім жобасын енгізуі қажет. Туризм, Мәдениет министрліктері аймақ басшыларымен бірлесіп, әр өңірде туристер үшін тартымды орындарды насихаттау шараларын пысықтауы қажет. Қазақстанның табиғи және мәдени байлығының Ұлттық атласын құру тапсырылды.
ІІМ мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп 2025-2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы пысықтауды, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі таяу кезеңге арналған жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді тапсырды.
Атом энергетикасын, театрларды, киноларды, ғылыми қалаларды дамыту, білім беру, медициналық және спорт нысандарын жаңғырту бойынша бірқатар міндет жүктелді.
Сонымен қатар ТЖМ мен әкімдіктерге ауқымды су тасқынына жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ ахуалға тәулік бойы мониторингті қамтамасыз ету тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз