Олжас Бектенов о продвижении наследия ЮНЕСКО: Правительство окажет всестороннюю поддержку молодежи, занимающейся популяризацией исторических и культурных ценностей народа
Олжас Бектенов ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны ілгерілету туралы: Үкімет халқымыздың мәдени құндылықтарын дәріптеумен айналысатын жастарға жан-жақты қолдау көрсетеді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Министерству культуры поручено разработать предложения до 1 сентября.
Правительство обещает всестороннюю поддержку продвижению наследия в ЮНЕСКО.
Подчеркнута важность включения казахстанского наследия в списки ЮНЕСКО.
23 Апрель 2025, 12:26 Олжас Бектенов о продвижении наследия ЮНЕСКО: Правительство окажет всестороннюю поддержку молодежи, занимающейся популяризацией исторических и культурных ценностей народа Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства, где были рассмотрены вопросы сохранения и продвижения культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО, отметил визитные карточки Казахстана, которые необходимо сделать центрами туристического притяжения. В Список Всемирного наследия ЮНЕСКО на сегодня включены памятники, уже получившие мировое признание и обладающие уникальной исторической ценностью. Среди них мавзолей Ходжа Ахмеда Яссауи, петроглифы Тамгалы, городища Каялык, Талгар, Акыртас и др. Премьер-министр отметил, что Глава государства на заседании Национального курултая подчеркнул важность включения объектов материального и нематериального наследия Казахстана в международные списки ЮНЕСКО. Именно через эти списки мир узнает страну. В этой связи данные визитные карточки страны необходимо сделать центрами туристического притяжения. Их нужно показывать в фильмах и передачах, рассказывать о них в книгах и школьных учебниках, демонстрировать на выставках и форумах. Кроме того, на сегодня в Список нематериального культурного наследия ЮНЕСКО вошли исполнение кюев, қазақ күресі, игры «Асық ату», обряд «Беташар», танец «Ортеке» и др. Это яркие примеры уникальности нашей культуры, которые могут рассказать о стране, народе и традициях. Отмечено повышение интереса со стороны иностранных туристов к историческим ценностям и культурным истокам Казахстана. Самое важное, что интерес проявляет и казахстанская молодежь, возрождая народные промыслы и обряды. Молодые казахстанцы записывают фольклорные подкасты, создают современные интерпретации народных костюмов, а также тянутся к казахской символике в музыке и спорте. Олжас Бектенов подчеркнул, что этим процессам Правительство будет постоянно оказывать всемерную поддержку. На заседании Правительства обозначена важность продолжения работы по расширению присутствия Казахстана в списках ЮНЕСКО. Нужно уделить внимание внесению нематериального наследия в виде практики обучения ремеслам и сохранения обрядов в списки лучших практик. Также следует продолжить подготовку новой транснациональной номинации — «Шелковый путь: Каспийско-Волжский коридор» совместно с Азербайджаном, Ираном, Россией и Туркменистаном. В реестр «Память мира» несколько дней назад была включена рукопись «Хандар шежіресі». Это не только факт признания ценности данного документа, но и инструмент для его международной охраны, дальнейшего изучения и популяризации. «Письменные источники по Золотой Орде, Казахскому ханству, хроники Великого шелкового пути, о становлении независимого Казахстана – это часть мировой исторической памяти. И наша задача не только сохранить, но и продвигать их как свидетельства вклада Казахстана в развитие мировой цивилизации. Через такие документы, признанные исторические и культурные объекты повышается интерес к Казахстану, продвигается имидж страны, укрепляется наша идентичность. Именно поэтому Глава государства поручил активизировать работу в этом направлении. Для этого требуется четкое комплексное межведомственное взаимодействие и бережное отношение к своему прошлому, памятникам, культурному наследию», — подчеркнул Олжас Бектенов. Премьер-министр дал ряд поручений по итогам рассмотрения вопросов сохранения и продвижения культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО: Министерству культуры — разработать и внести до 1 сентября т.г. на рассмотрение Правительства проект Комплексного плана по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО на ближайший период. Совместно с заинтересованными органами и акиматами провести инвентаризацию памятников истории и культуры и направить в ЮНЕСКО соответствующие документы до 1 августа т.г. Акиматам Туркестанской, Жамбылской, Алматинской областей и Жетісу в срок до 15 сентября т.г. включить зоны объектов всемирного наследия в информационную систему Государственного земельного кадастра. Министерству туризма совместно с Министерством культуры разработать и внедрить туристические маршруты, учитывающие объекты и элементы культурного наследия. Также совместно с Министерством цифровизации создать цифровые познавательные продукты по включенным в списки ЮНЕСКО объектам и элементам. Министерству культуры совместно с акиматами вести на постоянной основе информационно-разъяснительную работу по продвижению и пропаганде культурных ценностей Казахстана. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Культура #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
23 Сәуір 2025, 12:26
Премьер-министр Олжас Бектенов ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету мәселе қаралған Үкімет отырысында еліміздің тарихи құнды жәдігерлерін туристерді өзіне тартатын орталықтарға айналдыру қажет екенін атап өтті.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне бүгінде әлемдік деңгейде мойындалған бірегей тарихи-мәдени жәдігерлер енгізілген. Олардың ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері, Қаялық, Талғар, Ақыртас қалашықтары және басқа да теңдесі жоқ құнды, тарихи-мәдени мұралар бар. Премьер-министр Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстанның материалдық және материалдық емес мұраларын ЮНЕСКО-ның халықаралық тізімдеріне енгізудің маңыздылығын атап өткенін, төрткүл дүние елімізді дәл осы тізімдер арқылы танып білетінін жеткізді. Осыған байланысты еліміздің мәдени құнды жәдігерлерін туристерді өзіне тартатын орталықтарға айналдыруымыз керек. Оларды фильмдер мен бағдарламаларда көрсетіп, кітаптар мен мектеп оқулықтарына енгізу қажет. Сондай-ақ көрмелер мен форумдарда кеңінен насихатталуы тиіс.
Сонымен қатар, бүгінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралардың тізіміне күй өнері, қазақ күресі, асық ойыны, «Беташар» салты, «Ортеке» биі және басқа да ұлттық құндылықтарымыз енді. Шетелдік туристер тарапынан Қазақстанның тарихи құндылықтары мен мәдени мұраларына деген қызығушылықтың артқаны атап өтілді. Ең бастысы, біздің жастарымыздың тарапынан тарихты тануға деген ынта-ықылас пен қызығушылық өсіп келеді. Осы орайда халықтың қолөнері мен әдет-ғұрыптары қайта жаңғырып жатыр. Жастар фольклорлық подкасттар жазып, ұлттық киімдердің заманауи интерпретацияларын жасауда. Музыка мен спортта да қазақтың символикалық құндылықтарына жиі мән беріп келеді. Олжас Бектенов мұндай үдерістерге Үкімет үнемі қолдау көрсететінін атап өтті.
Үкімет отырысында Қазақстанның ЮНЕСКО тізімдеріне енгізу жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Материалдық емес мұрамызды, мысалы, қолөнерге үйрету және әдет-ғұрыптарды сақтауды Үздік тәжірибелер тізімдеріне енгізуге назар аудару керек. Сондай-ақ Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп, «Жібек жолы: Каспий-Еділ дәлізі» жаңа трансұлттық номинациясын дайындауды жалғастыру қажет.
Бірнеше күн бұрын «Хандар шежіресі» қолжазбасы «Әлем жады» тізіліміне енгізілді. Бұл – аталған құжаттың құндылығын мойындау фактісі ғана емес, оны халықаралық қорғау әрі қарай зерделеу және дәріптеу құралы.
«Алтын Орда, Қазақ хандығы бойынша жазбаша дереккөздер, Ұлы Жібек жолы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы шежірелер – әлемдік тарихи жадының бір бөлігі. Біздің міндетіміз – оларды сақтай отырып, Қазақстанның жаһандық өркениеттің дамуына қосқан үлесі ретінде ілгерілету. Осындай құжаттар, танылған тарихи және мәдени нысандар арқылы Қазақстанға деген қызығушылық артып, еліміздің имиджі көтеріледі, жалпыұлттық бірегейлігіміз нығаяды. Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Ол үшін кешенді ведомствоаралық өзара іс-қимылмен қатар, халқымыздың төл тарихына, құнды жәдігерлері мен мәдени мұрасына жанашырлықпен қарау қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету мәселелерін қарау қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді:
Мәдениет және ақпарат министрлігі ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі алдағы кезеңге арналған кешенді жоспардың жобасын әзірлеп, осы жылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет қарауына енгізсін. Мүдделі органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, тарих және мәдениет ескерткіштеріне түгендеу жүргізіп, осы жылғы 1 тамызға дейін тиісті құжаттарды ЮНЕСКО-ға жіберуі қажет.
Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері биылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде дүниежүзілік мұра объектілерінің аймақтарын мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізсін.
Туризм және спорт министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірге мәдени мұра объектілері мен элементтерін ескеретін туристік маршруттарды әзірлеп, іске қоссын.
Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ЮНЕСКО тізімдеріне енгізілген объектілер мен элементтер бойынша цифрлық танымдық өнімдер жасауы қажет.
Мәдениет және ақпарат министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, Қазақстанның мәдени құндылықтарын ілгерілету және насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізсін.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз