Исполнение поручений Президента: в Правительстве рассмотрены вопросы модернизации ж/д отрасли
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте теміржол саласын дамыту мәселелері қаралды
Паспорт доказательности qazvision:document:268 · bd3306016c05
SHA-256 опубликованного текстового слоя: bd3306016c053c80f36a544585b5cf6339bb60bf7777293be83449ad8f715d01
qazvision:citation:document:OB-2026-A15
Ревизия корпуса17caa104a731ab84
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено ускорить поставку пассажирских вагонов от Stadler для решения проблем с состоянием вагонов.
Поручено на постоянной основе координировать решения с железнодорожными администрациями соседних стран.
В текущем году планируется завершить крупные инфраструктурные проекты по поручению Президента.
Под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова на заседании Правительства рассмотрены вопросы развития железнодорожной отрасли. С докладами выступили министры транспорта Нурлан Сауранбаев, промышленности и строительства – Ерсайын Нагаспаев, председатель правления «Қазақстан темір жолы» Талгат Алдыбергенов. Заслушаны акимы Мангистауской, Актюбинской, Атырауской Карагандинской областей и областей Абай и Жетысу.
Олжас Бектенов отметил, что Глава государства уделяет особое внимание вопросам развития железнодорожной отрасли и инфраструктуры, которая имеет ключевое значение для укрепления транспортно-логистического потенциала страны.
«Укрепление железнодорожного каркаса страны Глава государства определил задачей первостепенной важности. Ведется масштабная работа по строительству новых железнодорожных линий, обновлению парка вагонов и локомотивов, модернизации действующих путей и реконструкции вокзального хозяйства. По поручению Президента в текущем году планируется завершить ряд крупных инфраструктурных проектов» , — подчеркнул Руководитель Правительства.
В числе проектов, которые будут завершены в текущем году, дороги «Дарбаза – Мактаарал» и «Мойынты – Кызылжар». По поручению Премьер-министра движение по данным линиям будет запущено в ноябре и позволит обеспечить в текущем году рост транзитных перевозок до 55 млн тонн.
При этом Правительство не ограничивается реализуемыми проектами и приступает к подготовке следующего этапа развития железнодорожной инфраструктуры. Министерству транспорта, фонду «Самрук-Қазына» и компании «Қазақстан темір жолы» предстоит разработать техническую документацию и определить источники финансирования по перспективным инфраструктурным проектам с учетом прогнозируемого роста грузопотоков, транзитных перевозок и долгосрочных потребностей экономики.
Отдельное внимание уделено расширению межгосударственных стыков и пунктов пропуска как одной из мер по увеличению экспортных и транзитных грузоперевозок. В этой связи Премьер-министр поручил госорганам на постоянной основе находить совместные решения с железнодорожными администрациями соседних стран.
Рассмотрен вопрос своевременного завершения модернизации и реконструкции железнодорожных вокзалов. По поручению Премьер-министра акимы будут еженедельно лично проверять ход работ, оперативно решать возникающие вопросы, а также обеспечивать соблюдение графика и качество реконструкции. К 1 июля первых пассажиров должны принять 30 обновленных вокзалов, к 1 октября планируется завершить работы по остальным объектам, за исключением реставрации исторических вокзалов Астаны, Алматы и Туркестана.
По итогам заседания Руководитель Правительства ряд поручений госорганам и заинтересованным организациям:
Первое. В связи с уже определенными планами по обновлению парка вагонов и локомотивов Премьер-министр отметил необходимость дальнейшего развития инфраструктуры, в том числе за счет расширения международной терминальной сети, направленной на переориентацию грузопотоков через территорию Казахстана.
Второе. Олжас Бектенов отдельно остановился на жалобах пассажиров на состояние вагонов и поручил Министерству промышленности совместно с «КТЖ» и Stadler обеспечить поставку пассажирских вагонов в кратчайшие сроки с соблюдением всех технических требований безопасности.
До конца текущего года на железнодорожную сеть выйдут 215 новых локомотивов и около 1,5 тыс. грузовых и пассажирских вагонов. Кроме того, до 1 сентября будет утверждена пятилетняя программа приобретения 13 тыс. грузовых и 500 пассажирских вагонов отечественного производства.
Третье. Цифровизация и искусственный интеллект становятся ключевыми инструментами развития железнодорожного транспорта: ведущие страны используют их для точного планирования движения поездов, сокращения простоев и повышения эффективности сети. В этой связи Министерству транспорта совместно с «Қазақстан темір жолы» поручено до конца года принять меры по созданию единой цифровой базы данных, которая позволит управлять транспортно-логистической цепочкой в режиме реального времени.
Министерство также сосредоточится на повышении качества сервиса на железнодорожном транспорте, росте транзитных перевозок и увеличении экспортных грузопотоков. Решения по развитию отрасли будут приниматься проактивно, с учетом долгосрочных потребностей экономики Казахстана.
Общая координация закреплена за первым заместителем Премьер-министра Нурлыбеком Налибаевым.
16 Маусым 2026, 13:25
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, сондай-ақ Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарының әкімдері баяндама жасады.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтудың кілті саналатын теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы еліміздің теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңғырту және вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша биыл бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаныы аяқтау жоспарлануда» , — деп атап өтті Премьер-министр.
Биыл аяқталатын жобалар қатарында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» жолдары бар. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша аталған желілер бойынша қозғалыс қараша айында іске қосылады, бұл транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Үкімет жүзеге асырылып жатқан жобалармен ғана шектелмей, теміржол инфрақұрылымын дамытудың келесі кезеңін дайындауға кіріседі. Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы келешегі зор инфрақұрылымдық барлық жоба бойынша қаржыландыру көздерін айқындай отырып, техникалық құжаттама әзірлеуі тиіс.
Сондай-ақ мемлекетаралық өткізу пункттері тораптарын кеңейту экспорттық және транзиттік бағыттағы жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Осыған байланысты Премьер-министр көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен бірлескен шешімдер әзірлеу үшін тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сонымен қарат теміржол вокзалдарын жаңғырту мен реконструкциялау жұмыстарын уақтылы аяқтау мәселесі қаралды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша әкімдер нысандарды жаңғырту барысын әр апта сайын тікелей өздері бақылап, бекітілген кесте мен жұмыс сапасын қамтамасыз етуі керек.
Туындаған мәселелер бірден шешімін табуы тиіс. Қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге қарай алғашқы жолаушыларды қабылдауын қамтамасыз етіп, Астана, Алматы және Түркістанның тарихи вокзалдарындағы реставрациялау жұмыстарынан басқа, қалған вокзалдар бойынша жұмыстар 1 қазанға қарай аяқтау жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға бірқатар тапсырма берді:
Бірінші. Вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту жоспарлары айқындалды. Инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажет. Осы орайда, жүк ағындарын Қазақстан аумағы арқылы қайта бағыттауға мүмкіндік беретін халықаралық терминал желісін кеңейту қажеттігі атап өтілді.
Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін Астана қаласында, сондай-ақ шетелдік Алят, Свислочь және Селятино қалаларында терминал желісін жүзеге асыруды аяқтауға тиіс. Бұдан бөлек Будапешт, Чэнду және Констанца қалаларында жүзеге асыруға кірісу қажет.
Екіншісі. Олжас Бектенов жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты айтылып жүрген шағымдарға жеке тоқталып, Өнеркәсіп министрлігіне «ҚТЖ» және Stadler компаниясымен бірлесіп, барлық техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Осы жылдың соңына дейін теміржол желісіне 215 жаңа локомотив және шамамен 1,5 мың жүк және жолаушы вагоны шығарылады. Сонымен қатар, 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістегі 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушы вагонын сатып алудың бесжылдық бағдарламасы бекітіледі.
Үшіншісі. Цифрландыру мен жасанды интеллект теміржол көлігін дамытудың негізгі құралдарына айналуда: жетекші елдер оларды пойыз қозғалысын дәл жоспарлау, тоқтап қалуды азайту және желі тиімділігін арттыру үшін пайдалануда. Осыған байланысты Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, жыл соңына дейін көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық деректер базасын құру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Министрлік сондай-ақ теміржол көлігіндегі қызмет сапасын арттыруға, транзиттік тасымалдарды ұлғайтуға және экспорттық жүк ағындарын көбейтуге басымдық бермек. Сала дамуына қатысты шешімдер Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, проактивті түрде қабылданатын болады.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз