Человеческий капитал – в приоритете: Олжас Бектенов ознакомился с мерами по повышению качества образования и здравоохранения в Костанайской области
Адами капитал – басты назарда: Олжас Бектенов Қостанай облысында білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру шараларымен танысты
Рабочий вывод
Что важно в документе
Развитие человеческого капитала признано основой экономического роста.
15 Май 2025, 16:00 Человеческий капитал – в приоритете: Олжас Бектенов ознакомился с мерами по повышению качества образования и здравоохранения в Костанайской области Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в Костанайскую область проверил реализацию поручений Главы государства по развитию инфраструктуры сфер образования и здравоохранения. На примере Аркалыкского педагогического университета им.И.Алтынсарина Премьер-министр ознакомился с проводимой в регионе работой по развитию высшего образования. Инфраструктура университета включает в себя учебный корпус, 2 общежития, базу практик, спортивно-оздоровительный комплекс, музеи и медицинские кабинеты. Здесь обучаются более 2,6 тыс. студентов и магистрантов. Ректор университета им. И. Алтынсарина Талгат Ещжанов доложил о планах по реконструкции одного из зданий университета с целью его преобразования в современный учебный корпус с 20 лабораториями и 15 лекционными залами. Это позволит увеличить контингент в 2 раза и довести до 5,2 тыс. студентов. Кроме того, планируется расширение образовательных программ и научных баз вуза для подготовки кадров в области IT, экономических, сельскохозяйственных и других специальностей. Премьер-министр подчеркнул важность проводимой работы по развитию человеческого капитала как основы роста экономики. «Современный рынок труда быстро меняется с учетом развития новых технологий. Мы должны готовить сильных и конкурентоспособных специалистов по приоритетным для нашей экономики отраслям. Для этого нам важно улучшать образовательную инфраструктуру, особенно в регионах. По поручению Главы государства на развитие Аркалыкского педагогического университета, в том числе реконструкцию здания учебного корпуса, из Специального государственного фонда выделено 1,9 млрд тенге. Качественная база позволит вузу активнее развивать научно-исследовательские проекты, направленные на реализацию новых экономических идей. Внимание должно быть уделено внедрению инновационных технологий и развитию современных методик обучения», – подчеркнул Олжас Бектенов. В городе Аркалык Премьер-министр также посетил общеобразовательную школу №7, построенную в рамках реализации инициированного Президентом Национального проекта «Комфортная школа». Открытие комфортной школы на 300 мест обеспечило получение качественного образования в соответствии с современными требованиями. Для учащихся здесь функционируют кабинеты робототехники, STEM-лаборатория, цифровая библиотека, музыкальный кабинет, спортивные секции, творческие и научные кружки. Кроме того, внимание уделяется развитию инклюзивного образования. Всего в Костанайской области в 2024-2025 гг. в рамках нацпроекта «Комфортная школа» сданы 4 школы на 3 300 мест. На сегодня ведется строительство 7 школ, в том числе двух комфортных (в г. Рудном на 900 мест и п. Кушмурун Аулиекольского района на 300 мест). 5 общеобразовательных учреждений на 3 240 мест планируется сдать в 2025 году. В целом по Казахстану до конца 2025 года запланировано строительство 217 комфортных школ, из которых 105 школ уже сданы в эксплуатацию. Также в Аркалыке Премьер-министр проверил меры по повышению качества оказываемых гражданам медицинских услуг. В частности, посещено здание родильного дома Аркалыкской региональной больницы, где на сегодня проводится капитальный ремонт. Помимо реконструкции кровли, стен, обновления систем отопления, водоснабжения и канализации, роддом будет оснащен современным оборудованием. Общая стоимость проекта составляет порядка 1,2 млрд тенге. На сегодняшний день строительно-монтажные работы завершены на 70%. По поручению Премьер-министра в ближайшее время будут выделены средства на завершение капитального ремонта медицинского объекта. #Премьер-министр РК #Здравоохранение #Инфраструктурное развитие #Образование #Регионы Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
15 Мамыр 2025, 16:00
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының білім беру мен денсаулық сақтау салаларының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді.
Олжас Бектенов Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетіне барып, өңірдегі жоғары білім беруді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Университеттің инфрақұрылымына оқу корпусы, 2 жатақхана, тәжірибе базасы, спорттық-сауықтыру кешені, мұражайлар мен медициналық кабинеттер кіреді. Мұнда 2,6 мыңнан астам студент пен магистрант білім алады.
Ы.Алтынсарин атындағы университет ректоры Талғат Ещжанов университет ғимараттарының бірін 20 зертханасы мен 15 дәріс залы бар заманауи оқу корпусына айналдыру мақсатында реконструкциялау жоспарлары туралы баяндады.
Бұл контингентті 2 есеге арттыруға және 5,2 мың студентке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар IT, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да мамандықтар бойынша кадрлар даярлау үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мен ғылыми базаларын кеңейту жоспарланып отыр.
Премьер-министр экономикалық өсудің негізі ретінде адами капиталды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
«Заманауи еңбек нарығы жаңа технологиялардың жедел дамуы аясында тез өзгеруде. Біз экономикамыз үшін басым салалар бойынша мықты әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауымыз керек. Оған қол жеткізу үшін бізге, әсіресе, өңірлердегі білім беру инфрақұрылымын жақсарту маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалық педагогикалық университетін дамытуға, оның ішінде оқу ғимаратын реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,9 млрд теңге бөлінді. Жоғары сапалы база ЖОО-ға жаңа экономикалық идеяларды іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды енгізуге және білім берудің заманауи әдістемелерін дамытуға назар аудару керек» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр Арқалық қаласында Президенттің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №7 жалпы білім беретін мектепте болды. 300 орындық жайлы мектептің ашылуы заман талабына сай сапалы білім алуды қамтамасыз етті. Оқушылар үшін робототехника кабинеттері, STEM зертханасы, цифрлық кітапхана, музыка кабинеті, спорт, шығармашылық және ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамытуға баса назар аударылады.
Жалпы Қостанай облысында 2024–2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 300 орындық 4 мектеп қолданысқа берілді. Бүгінде 7 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі ыңғайлы мектеп (Рудный қаласында 900 орындық және Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында 300 орындық).
3 240 орындық 5 жалпы білім беру мекемесін 2025 жылы тапсыру жоспарлануда. Жалпы Қазақстан бойынша 2025 жылдың соңына дейін 217 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп пайдалануға берілген.
Сондай-ақ Премьер-министр Арқалықта азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру шараларын тексерді. Атап айтқанда, бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Арқалық өңірлік ауруханасының перзентхана ғимаратына барды. Перзентхана ғимараты төбесі, қабырғалары қалпына келтіріліп, жылу, су, кәріз жүйелерін жаңартумен қатар, заманауи құрылғылармен жабдықталмақ. Жобаның жалпы құны шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 70%-ға аяқталды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жақын арада медициналық нысанда күрделі жөндеуді аяқтау үшін қаражат бөлінетін болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз