В Правительстве рассмотрено исполнение поручений Президента по интеграции цифрового тенге в бюджетную политику для повышения прозрачности
Үкіметте Президенттің ашықтықты арттыру үшін бюджеттік саясатқа цифрлық теңгені интеграциялау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Цифровой тенге обеспечивает прозрачность бюджетных средств через программируемость и маркировку.
11 Июль 2025, 09:00 В Правительстве рассмотрено исполнение поручений Президента по интеграции цифрового тенге в бюджетную политику для повышения прозрачности Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по реализации пилотных проектов, связанных с маркировкой и отслеживанием денег с помощью цифрового тенге. Это соответствует задачам, обозначенным Главой государства в Послании народу Казахстана, в части цифровой трансформации финансовой системы и внедрения передовых технологий для повышения эффективности государственного управления. Рассмотрен ход внедрения национальной цифровой валюты в процессы государственного расходования. В совещании приняли участие заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев, министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова, министр финансов Мади Такиев; в режиме видеоконференцсвязи – министр внутренних дел Ержан Саденов, председатель агентства по делам государственной службы Дархан Жазыкбай. Председатель Национального Банка Тимур Сулейменов сообщил, что на сегодня в оборот выпущено 257,5 млрд цифровых тенге. Платформа находится в опытно-промышленной эксплуатации, в декабре текущего года планируется ее полноценный запуск. Как доложил руководитель цифровой трансформации Национального Банка Бинур Жаленов, цифровой тенге апробирован по более чем десяти направлениям. В частности, цифровой НДС позволил сократить срок возврата налога с 75 до 5 рабочих дней. Маркировка средств на ремонт дорог апробирована на примере проектов «Павлодар–Атырау» и «Мукур–Кульсары». Также цифровой тенге используется для контроля целевого расходования средств в рамках проектов, финансируемых из Национального фонда, включая строительство участка железной дороги «Достык–Мойынты» и газопровода «Талдыкорган–Ушарал». В перспективе — реализация таких проектов, как газопровод «Бейнеу–Бозой–Шымкент», газосепарационный комплекс и участок ж/д «Бахты–Аягоз». Кроме того, в рамках программы микрокредитования «Ауыл Аманаты» успешно протестирован механизм временного блокирования средств. Внедрение цифрового тенге также прорабатывается в других направлениях: сделки с недвижимостью и автотранспортом, школьное питание, закупки дорогостоящих товаров, а также инструменты госкредитования в агропромышленном комплексе. Внимание уделено совершенствованию нормативно-правовой базы. На сегодня подготовлены поправки в Закон «О платежах и платежных системах», включая введение понятия цифрового счета и иных сопутствующих норм. Премьер-министр подчеркнул ключевые преимущества цифрового тенге – возможность программируемости и маркировки, что позволяет отслеживать движение средств и предотвращать нецелевое использование. «По поручению Главы государства поэтапно реализуются пилотные проекты по маркировке и отслеживанию денег с помощью цифрового тенге. Цифровой тенге обеспечит полную прозрачность и системный контроль за целевым использованием бюджетных средств. Для эффективного масштабирования маркировки денег необходимо обеспечить своевременную интеграцию информационных систем с платформой “Цифрового тенге”. Также требуется проработать соответствующую нормативную правовую базу. Внедрение механизма “окрашенных денег” должно быть осуществлено качественно и полномасштабно. Поручаю в ближайшее время перевести в формат “цифрового тенге” не менее ста крупных проектов, финансируемых за счет Нацфонда и бюджета», — подчеркнул Олжас Бектенов. По итогам совещания Премьер-министр поручил государственным органам совместно с Национальным Банком и заинтересованными организациями разработать Дорожную карту по масштабной ускоренной интеграции цифрового тенге в отдельные секторы экономики. #Премьер-министр РК #Поручение Президента #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
11 Шілде 2025, 09:00
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен қаржы жүйесін цифрлық трансформациялау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін озық технологияларды енгізу бөлігіндегі міндеттерге сәйкес келеді.
Жиында мемлекеттік жұмсау үдерістеріне ұлттық цифрлық валютаны енгізудің барысы қаралды.
Талқылауға сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, қаржы министрі Мәди Тәкиев және бейне конференция байланысы арқылы ішкі істер министрі Ержан Сәденов, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын хабарлады. Платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде, алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр.
Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленов баяндағандай, цифрлық теңге бүгінде оннан астам бағыт бойынша сыналған. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау «Павлодар – Атырау» және «Мұқыр – Құлсары» жобаларында сыналды. Сондай-ақ «Достық – Мойынты» темір жолының және «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры учаскесінің құрылысын қоса алғанда, Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін де пайдаланылуда. Алдағы уақытта «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын, газ бөлу кешені және «Бақты – Аягөз» теміржол учаскесі сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарда тұр. Бұдан басқа, «Ауыл аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы аясында қаражатты уақытша бұғаттау тетігі сынақтан сәтті өтті.
Цифрлық теңгені енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікке қатысты мәмілелер жасау, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік несиелеу құралдары сияқты басқа да бағыттарда пысықталып жатыр.
Жиында сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге де назар аударылды. Бүгінгі таңда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға, цифрлық шот ұғымын және басқа да ілеспе нормаларды енгізуді қоса алғанда, бірқатар түзетулер дайындалған.
Премьер-министр цифрлық теңгенің негізгі артықшылықтарын атап өтті. Олар – бағдарламалауға және таңбалауға икемдігі. Бұл қаражаттың қозғалысын қадағалауға және мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Цифрлық теңге бюджет қаражатын мақсатты пайдалануда толық ашықтықты және жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Ақшаны таңбалауды кеңейтуді тиімді жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйелердің «Цифрлық теңге» платформасымен уақтылы интеграциялануын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық базаны пысықтау талап етіледі. «Боялған ақша» тетігін енгізу сапалы және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Жақын арада Ұлттық қор мен бюджет есебінен қаржыландырылатын кемінде жүз ірі жобаны «цифрлық теңге» форматына ауыстыруды тапсырамын» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға Ұлттық банкпен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп, экономиканың жекелеген секторларына цифрлық теңгені кең көлемде жедел интеграциялау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз