Олжас Бектенов провел совещание по прохождению вегетационного периода
Олжас Бектенов вегетациялық кезеңнің өтуі бойынша жиын өткізді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр потребовал усилить контроль за водопользованием и предотвратить нарушения.
17 Июль 2025, 12:09 Олжас Бектенов провел совещание по прохождению вегетационного периода Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам прохождения вегетационного периода и обеспечения южных регионов страны поливной водой в рамках исполнения поставленных Президентом задач по устойчивому развитию сельского хозяйства. С докладом о ситуации на местах выступил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов, заслушаны акимы Туркестанской, Кызылординской областей. На совещании обсуждена текущая водохозяйственная обстановка в южных регионах. По данным Министерства водных ресурсов и ирригации, в настоящее время объем воды в водохранилищах составляет 19,2 млрд м³. Отмечено, что 98% объема поливной воды используется в пяти южных областях — Жетісу, Алматинской, Жамбылской, Туркестанской и Кызылординской, где осуществляется орошение 1,2 млн га угодий. Согласно утвержденному плану, на текущий поливной сезон в указанных регионах планируется подать 10,1 млрд м³ воды. По состоянию на 15 июля т.г. уже забрано 7 млрд м³, до конца вегетации предполагается забрать еще 3,1 млрд м³. По данным РГП «Казгидромет», текущий поливной сезон продолжается в условиях дефицита осадков в южных регионах страны. Министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов доложил, что в Алматинской области и Жетісу обеспечена стабильная ситуация с водоснабжением сельскохозяйственных угодий. В целях повышения оперативности и улучшения эффективности водообеспечения в этих регионах работает командированная группа представителей Министерства и РГП «Казводхоз». По Жамбылской области вегетационный период проходит в плановом режиме. Водохозяйственная обстановка в Шу-Таласском бассейне остается стабильной и находится под постоянным мониторингом. На текущий поливной сезон совокупный плановый объем водоподачи по бассейну рек Шу и Талас с апреля по сентябрь 2025 года составляет 625 млн м³. С начала июля подключена подпитывающая насосная станция на реке Шу в селе Кайнар Кордайского района, что позволило увеличить подачу воды в нижележащие участки. Кроме того, силами филиала РГП «Казводхоз» была произведена очистка участка реки Шу. В Туркестанской и Кызылординской областях вегетационный период в текущем году начался на 20 дней раньше среднегодовых сроков. В условиях пониженной влажности верхнего слоя почвы водопотребление сельскохозяйственных культур на начальном этапе увеличилось в среднем на 50%, что создало дополнительную нагрузку на источники орошения. Внедрена система поочередного и ночного полива, что позволило оптимизировать расход воды и обеспечить равномерное орошение сельскохозяйственных угодий. Активно применяется повторное использование коллекторно-дренажной воды, способствующее экономии водных ресурсов и снижению антропогенной нагрузки на экосистему. Подключен вертикальный дренаж и насосные агрегаты, что обеспечивает стабилизацию уровня грунтовых вод и повышает эффективность мелиоративных мероприятий на орошаемых землях. Для координации работы по водообеспечению аграриев в Туркестанской области находятся заместители председателя Комитета по регулированию, охране и использованию водных ресурсов. В ходе совещания министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов также доложил о выявленных фактах несанкционированных посевов влагоемких культур в Туркестанской области, а также незаконного расходования воды в южных регионах. Олжас Бектенов поручил обеспечить жесткий контроль за рациональным использованием имеющихся водных ресурсов и не допускать подобных фактов впредь. Перед акиматом Туркестанской области поставлена задача заблаговременно принять соответствующие меры для обеспечения бесперебойного водоснабжения населения. Подчеркнута необходимость перехода к упреждающему управлению водными рисками с акцентом на эффективность и экономию, межведомственное взаимодействие. Должностные лица, допустившие несанкционированные посевы влагоемких культур будут привлечены к дисциплинарной ответственности. Кроме того, на совещании рассмотрены принимаемые меры по использованию ресурсов месторождений подземных вод для обеспечения питьевой водой населения Атырауской и Мангистауской областей. #Премьер-министр РК #Водные ресурсы #Сельское хозяйство Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
17 Шілде 2025, 12:09
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің ауыл шаруашылығын орнықты дамыту жөнінде қойған міндеттерін орындау шеңберінде вегетациялық кезеңнен өту және елдің оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жиын өткізді. Жергілікті жерлердегі ахуал туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, Түркістан, Қызылорда облыстарының әкімдері тыңдалды.
Жиында оңтүстік өңірлердің бүгінгі су шаруашылығы жағдайы талқыланды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта су қоймаларындағы су көлемі - 19,2 млрд текше метр. Суармалы су көлемінің 98%-ын оңтүстіктегі бес өңір – Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары пайдаланады, бұл аймақтарда 1,2 млн га жер суарылады.
Бекітілген жоспарға сәйкес, аталған өңірлерге биылғы суару маусымында 10,1 млрд текше метр су беру жоспарлануда. 15 шілдедегі жағдай бойынша әзірге 7 млрд текше метр су жұмсалған, вегетациялық кезеңнің соңына дейін тағы 3,1 млрд текше метр су берілмек.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, биылғы суару маусымы еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынның аз түсуіне байланысты созылып барады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы мен Жетісу облыстарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамту үшін тұрақты жағдай жасалып жатқанын баяндады. Аталған өңірлерді сумен қамтудың тиімділігін жақсарту және жеделдігін арттыру мақсатында министрлік пен «Қазсушар» РМК өкілдерінің іссапарға жіберілген тобы жұмыс істеп жатыр.
Жамбыл облысы бойынша вегетациялық кезең жоспарлы режимде өтуде. Шу-Талас бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы қалыпты және тұрақты бақылауда. Биылғы суару маусымында 2025 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Шу және Талас өзендерінің бассейні бойынша су берудің жиынтық жоспарлы көлемі 625 млн текше метрді құрайды. Шілде айының басында Қордай ауданы Қайнар ауылындағы Шу өзенінде қосымша сорғы стансасы қосылды, бұл оның төменгі жағындағы учаскелерге су беруді арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК филиалының күшімен Шу өзенінің учаскесі тазартылды.
Түркістан және Қызылорда облыстарында биыл вегетациялық кезең орташа жылдық мерзімнен 20 күн бұрын басталды. Топырақтың жоғарғы қабатында ылғалдың төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну көлемі бастапқы кезеңде орта есеппен 50%-ға өсті, бұл суару көздеріне қосымша ауыртпалық тудырды.
Су шығынын оңтайландыруға және ауыл шаруашылығы алқаптарын біркелкі суаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кезектестіре және түнгі суару жүйесі енгізілді. Су ресурстарын үнемдеуге және экожүйеге антропогендік жүктемені азайтуға ықпал ететін коллекторлық-дренажды суды қайта пайдалану белсенді қолданылады. Тік дренаж және сорғы қондырғылары қосылған, бұл жер асты суларының деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз етеді әрі суармалы жерлерде мелиорациялық іс-шаралардың тиімділігін арттырады. Түркістан облысында шаруаларды сумен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру мақсатында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасарлары аталған аймақта жүр.
Жиын барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егудің, сондай-ақ оңтүстік өңірлерде суды заңсыз пайдаланудың фактілері анықталғаны туралы баяндады.
Олжас Бектенов қолда бар су ресурстарын тиімді пайдалануды қатаң бақылауды қамтамасыз етуді және мұндай фактілерге жол бермеуді тапсырды. Түркістан облысы әкімдігіне халықты үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін алдын ала тиісті шаралар қабылдау міндеті жүктелді. Тиімділік пен үнемділікке, ведомствоаралық өзара іс-қимылға баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажеттігі атап өтілді. Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Сонымен қатар жиында Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары кен орындарының ресурстарын пайдалану бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз