Среднегодовой рост ВВП на ближайшие три года прогнозируется на уровне 5,4%
Алдағы үш жылда ЖІӨ-нің жылдық орташа өсуі болжам бойынша 5,4%-ды құрайды
Паспорт доказательности qazvision:document:2640 · 2b5f5232e646
Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: 2b5f5232e6463318710f4b3bc685cef412e2862763f85cb264b7b19ed187a05b
На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин представил проекты Прогноза социально-экономического развития на 2026-2028 годы, Долгосрочного прогноза развития на 2026-2035 годы. Прогноз социально-экономического развития сформирован на основе базового варианта. Согласно ему, реальный рост ВВП в 2026 году прогнозируется на уровне 5,4%, со среднегодовым ростом за 3 года в 5,3%.
Номинальный ВВП вырастет со 183,8 трлн тенге в 2026 году до 229,8 трлн тенге в 2028 году. Рост экономики будет обеспечиваться за счет реального сектора и сферы услуг. В обрабатывающей промышленности прогнозируется увеличение темпов роста с 6,2% в 2026 году до 6,6% в 2028 году. Средний рост за три года в горнодобывающей промышленности составит 2,8%, в сельском хозяйстве – 3,9%, в строительстве – 11,0%. Прогнозируется сохранение положительного торгового баланса.
Экспорт увеличится с $77,1 млрд в 2026 году до $83,7 млрд в 2028 году, импорт – с $67,7 млрд до $75,2 млрд. Уровень инфляции в 2026 году не превысит 10%, а в 2027-2028 годах закрепится на уровне 6%. На основе макропрогноза сформирован прогноз бюджетных параметров. Доходы республиканского бюджета, по прогнозам, составят 19,2 трлн тенге в 2026 году с ростом до 23,2 трлн тенге в 2028 году. Гарантированный трансферт из Нацфонда определен в размере 2,77 трлн тенге ежегодно.
Дефицит бюджета в 2026 году определен на уровне 2,5% к ВВП с последующим снижением до 0,9% к ВВП в 2028 году. При таких параметрах бюджет обеспечивает самодостаточность без привлечения целевых трансфертов из Нацфонда. Чистые валютные активы Национального фонда вырастут с $60,8 млрд в 2026 году до $68,6 млрд в 2028 году. Долгосрочный прогноз развития на 2026–2035 годы разработан в реализацию нового Бюджетного кодекса и определяет объем финансовой обеспеченности документов Системы госпланирования.
По словам Серика Жумангарина, в базовом варианте среднегодовой рост ВВП за 10 лет составит 4,5%. Номинальный ВВП увеличится до 473,2 трлн тенге в 2035 году. Доходы государственного бюджета к 2035 году вырастут до 66,8 трлн тенге. Гарантированный трансферт из Нацфонда предусмотрен со снижением до 2,0 трлн тенге с 2029 года. Дефицит бюджета будет постепенно снижаться до 0,4% к ВВП в 2029 году с достижением нулевого уровня начиная с 2030 года. Чистые валютные активы Национального фонда по прогнозам вырастут до $109,9 млрд к 2035 году.
С учетом подходов нового Бюджетного кодекса разработан проект Закона об объемах трансфертов общего характера. Прогноз доходов местных бюджетов определен в объеме 10,7 трлн тенге на 2026 год с ростом до 13,3 трлн тенге в 2028 году. Общий прогноз расходов местных бюджетов составит 14,9 трлн тенге в 2026 году и вырастет до 18,7 трлн тенге в 2028 году.
С учетом прогнозов определены следующие параметры: объемы бюджетных изъятий составят 879,9 млрд тенге в 2026 году с ростом до 1,4 трлн тенге в 2028 году; объемы субвенций – 5,1 трлн тенге в 2026 году с ростом до 6,8 трлн тенге в 2028 году. Как отметил министр, в 2028 году Павлодарская область станет самодостаточной, а Мангистауская область вновь станет регионом-донором.
26 Тамыз 2025, 12:00
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасап, үш жобаны түсіндірді. Олар – 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 2026-2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Заң жобаcы.
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы базалық нұсқа негізінде қалыптастырылған. Базалық нұсқаға сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі болжам бойынша 5,4%, 3 жылдағы орташа жылдық өсім 5,3%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсіммен қамтамасыз етілетін болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаюы болжанады. Тау-кен өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсім 2,8%, ауыл шаруашылығында 3,9%, құрылыста 11,0%, көлік қызметтерінде 10,1% және саудада 6,7%-ды құрайды. Оң сауда балансы сақталады» , — деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуыша, экспорт 2026 жылы 77,1 млрд АҚШ долларынан 2028 жылы 83,7 млрд АҚШ долларына дейін, импорт – 67,7-ден 75,2 млрд АҚШ долларына дейін өседі. Инфляция болжамы төменедейді. Ол 2026 жылы шамамен 10%-дан аспайды, 2027-2028 жылдары орташа 6% маңайында болады.
Макро болжамның негізінде 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есептемегенде болжамдар бойынша 2026 жылы 19,2 трлн теңгені, 2027 жылы – 21,2 трлн теңгені, 2028 жылы 23,2 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бюджет қағидасын ескере отырып, жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды. Ал бюджет тапшылығы 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 0,9%-ға дейін төмендейді деген есеппен, 2026 жылы ЖІӨ-нің 2,5% деңгейінде белгіленді.
Мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан 2,7%-ға дейін қысқарады. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2026 жылы 27,7 трлн теңге, 2027 жылы 28,8 трлн теңге және 2028 жылы 29,8 трлн теңге болмақ. Кірістер мен шығыстар осындай көлемде болған жағдайда бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тарту қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2028 жылы 68,6 млрд долларға дейін өседі деп болжануда.
«2026–2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленді. Ол Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қаржылық қамтамасыз етілу көлемін айқындайды. Құжатта ұзақ мерзімді дамудың үш нұсқасы қаралған. Олар – базалық, қалыпты және балама. Мәселен, балама нұсқадағы экономиканың 10 жылдағы орташа өсуі 5,1%, қалыптыда – 4,3% деңгейінде болжанады. Ал базалық нұсқада 10 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 4,5%-ды құрайды.
Номиналды ЖІӨ 2035 жылы 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде. 2026-2028 жылдарға арналған базалық көрсеткіштер Әлеуметтік-экономикалық дамудың үш жылға арналған болжамына сәйкес келеді. 2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Кепілдендірілген трансферт 2029 жылдан бастап 2 трлн теңгеге дейін азаяды. Соған сәйкес бюджет тапшылығы 2029 жылы ЖІӨ-ге қатысты біртіндеп 0,4%-ға дейін төмендеп, 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетеді деп топшыланып отыр.
Бюджеттік параметрлердің макроболжамы мен болжамы бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қаржылық қамтамасыз етілу көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын ескере отырып, 2026 жылы 37,4 трлн теңгені, 2027 жылы – 39,6 трлн теңгені, 2028 жылы – 41,6 трлн теңгені құрамақ. Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2035 жылы 109,9 млрд долларға дейін өседі деп болжануда» , — дейді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Заң жобасы жаңа Бюджет кодексінде көзделген тәсілдерді ескере отырып әзірленді. Кірістердің болжамы 2026 жылға 10,7 трлн теңге, 2027 жылға 12,1 трлн теңге, 2028 жылға 13,3 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жергілікті бюджеттер шығыстарының жалпы болжамы – 2026 жылға 14,9 трлн, 2027 жылға 17,3 трлн, 2028 жылға 18,7 трлн теңге. Бұл көлемі инфляцияға индекстеуді және өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың болжамды санын ескере отырып есептелген. Даму шығындарының болжамды көлемі ең төменгі стандарттар мен өңірлік стандарттар жүйесін қолдана отырып есептелді.
«Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының болжамын ескере отырып келесідей бюджеттік параметрлер айқындалды. Біріншіден, алып қою көлемі 2026 жылға 879,9 млрд теңгені, 2027 жылға 1,1 трлн теңгені, 2028 жылға 1,4 трлн теңгені құрайды. Екіншіден, 2026 жылға арналған субвенциялар көлемі 5,1 трлн теңге, 2027 жылға 6,4 трлн теңге, 2028 жылға 6,8 трлн теңге болсақ. 2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор болады» , — деді ол.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының қорытындысында 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.