Олжас Бектенов обсудил с Премьером Госсовета КНР Ли Цяном вопросы экономического сотрудничества и выступил на сессии инициативы «Один пояс, один путь»
Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі
Паспорт доказательности qazvision:document:263 · 76a7637d369e
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 76a7637d369e3f12bdcc7281d3ffe9aa906489f2d40d2842182577d931cb919d
qazvision:citation:document:OB-2026-S01
Ревизия корпуса17caa104a731ab84
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан вступает в новый этап развития, закрепленный в Конституции после референдума.
Усилены меры по защите прав инвесторов и верховенству закона в рамках принципа «Закон и Порядок».
Отношения Казахстана и Китая переходят в период «золотого тридцатилетия» стратегического партнерства.
В рамках рабочего визита Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова в Китайскую Народную Республику состоялась встреча с Премьером Государственного совета КНР Ли Цяном.
Стороны обсудили ход реализации договоренностей, достигнутых на высшем уровне, а также перспективы дальнейшего укрепления казахско-китайского сотрудничества, включая развитие торговли, расширение инвестиционного взаимодействия, сотрудничество в АПК, транспортно-логистической сфере и др.
Премьер-министр РК отметил, что Казахстан вступает в новый этап развития. В Конституции, принятой по итогам общенационального референдума, закреплены инициативы Президента Касым-Жомарта Токаева, направленные на построение Справедливого и Прогрессивного Казахстана. В частности, в соответствии с принципом «Закон и Порядок» усилены меры по защите прав и законных интересов иностранных инвесторов, обеспечению стабильности инвестиционной среды, а также повышению гарантий верховенства закона.
«Казахстан и Китай имеют долгую историю дружбы и сотрудничества, основанную на взаимном уважении и поддержке. В настоящее время двусторонние отношения развиваются в духе вечного и всестороннего стратегического партнерства и вступают в новый период «золотого тридцатилетия». Интенсивный доверительный диалог между лидерами наших стран, уважаемыми Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым и Си Цзиньпином, являются движущей силой устойчивого развития межгосударственных отношений как образцовой модели партнерства» , — отметил Премьер-министр РК Олжас Бектенов.
Премьер Государственного совета КНР Ли Цян подчеркнул высокий уровень стратегического взаимодействия и выразил готовность к дальнейшему укреплению двусторонних отношений.
«В последние годы наши государства поддерживают тесные контакты на высшем уровне: Председатель КНР Си Цзиньпин и Президент Касым-Жомарт Токаев встречаются ежегодно. Сегодня всестороннее стратегическое партнерство Казахстана и Китая постоянно углубляется и обогащается, став образцом взаимной поддержки и добрососедства. В текущей международной ситуации наши страны как надежные партнеры должны укреплять координацию, чтобы сообща работать во благо совместного развития. Китайская сторона готова продолжать совместные усилия, укреплять политическое доверие, координировать стратегии развития и расширять многовекторное сотрудничество во имя процветания наших народов» , — отметил Ли Цян.
Китай является одним из ключевых торговых и инвестиционных партнеров Казахстана. По итогам 2025 года объем взаимной торговли превысил $48 млрд, привлеченных прямых инвестиций из КНР – $2,8 млрд.
Показатели двусторонней торговли в агропромышленном комплексе демонстрируют устойчивый рост. По итогам 2025 года товарооборот вырос на 36% и превысил $1,9 млрд. В транспортно-логистической сфере Казахстан сохраняет ключевую роль в сухопутных перевозках между Китаем и Европой: через территорию республики проходит более 85% грузопотоков. По итогам 2025 года железнодорожные перевозки между Казахстаном и КНР достигли 35,6 млн тонн с ростом на 11%.
В городе Далянь Премьер-министр принял участие в сессии, посвященной инициативе «Один пояс, один путь». Выступая на заседании, Олжас Бектенов отметил, что Казахстан, расположенный в сердце Евразии, обеспечивает доступ к рынку порядка 1,7 млрд потребителей. За последние годы на развитие транспортно-транзитной инфраструктуры было направлено более $35 млрд. Реализован ряд крупных проектов, включая контейнерный хаб в Актау, сухой порт в Сиане, вторые пути железной дороги «Достык-Мойынты» и др.
Внимание уделено пяти приоритетным направлениям дальнейшего развития инициативы «Один пояс, один путь»: укреплению инфраструктурной взаимосвязанности, формированию цифрового Среднего коридора, продвижению «зеленой» повестки, а также расширению торговли, инвестиций и финансовых механизмов.
«Реализация инициативы «Один пояс, один путь» ясно продемонстрировала одну вещь: когда расширяется взаимосвязанность, множатся и возможности. Казахстан и Китай являются ярким примером этого. Шелковый путь всегда процветал благодаря открытости, доверию и готовности объединять усилия. Казахстан сохраняет приверженность этому духу. Мы считаем себя надежным партнером Китая и ключевым мостом между регионами. В то же время мы в равной степени открыты для амбициозных, взаимовыгодных проектов со всеми партнерами, разделяющими это видение. В конечном счете взаимосвязанность – это не только инфраструктура. Это люди, благополучие и совместный прогресс» , — подчеркнул Премьер-министр РК Олжас Бектенов.
В работе сессии также приняли участие руководители правительств ряда стран, представители экспертного и научного сообществ. Обсуждены перспективы дальнейшего продвижения инициативы «Один пояс, один путь», ее влияние на экономическое развитие стран-участниц, перестройку торговых потоков и цепочек поставок, вопросы цифровой инфраструктуры и перспективы инициативы до 2040 года.
23 Маусым 2026, 10:47
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өтті.
Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын, қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, оның ішінде сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, АӨК, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ҚР Премьер-министрі Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамалары бекітілген. Атап айтқанда, «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және заң үстемдігі кепілдіктерін арттыру жөніндегі шаралар күшейтілді.
«Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
«Кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыс орнады, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кездеседі. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік өзара қолдау мен тату көршілік үлгісіне айналып, ұдайы тереңдей түсуде. Қазіргі халықаралық жағдайда екі ел сенімді серіктестер ретінде ортақ дамудың игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзара үйлестіруді нығайтуы қажет. Қытай тарапы саяси өзара сенімді нығайтуға, даму стратегияларын үйлестіруге және екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын», — деп атап өтті Ли Цян.
Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $48 млрд-тан асты, ҚХР-дан тартылған тікелей инвестиция көлемі – $2,8 млрд.
Агроөнеркәсіп кешендегі екіжақты сауда көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, аталған бағыт бойынша тауар айналымы 36%-ға өсіп, $1,9 млрд-тан асты. Көлік-логистика саласында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші рөл атқарады: республика аумағы арқылы жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалы 11% өсіммен 35,6 млн тоннаға жетті.
Далянь қаласында Премьер-министр «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған сессияға қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Олжас Бектенов Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан шамамен 1,7 млрд тұтынушысы бар нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті. Соңғы жылдары көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға $35 млрд-тан астам қаржы жұмсалды, Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань құрғақ порты, «Достық – Мойынты» теміржолының екінші жолдары секілді ірі жобалар жүзеге асырылды.
«Бір белдеу – бір жол» бастамасын одан әрі дамытудың бес басым бағытына назар аударылды. Олар: инфрақұрылымдық өзара байланысты нығайту, цифрлық орта дәлізді қалыптастыру, «жасыл» күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ сауданы, инвестицияларды және қаржы тетіктерін кеңейту.
«"Бір белдеу, бір жол" бастамасы өзара байланыстардың кеңеюі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айқын көрсетті. Бүгінде Қазақстан мен Қытай осының жарқын мысалы болып отыр. Жібек жолы әрдайым ашықтық, сенім және күш-жігер біріктіруге дайын болудың арқасында өркендеп келеді. Қазақстан осы қағидаттарға берік. Біз өзімізді Қытайдың сенімді серіктесі әрі өңірлерді байланыстыратын маңызды көпір ретінде көреміз. Сонымен қатар осы көзқарасты бөлісетін барлық серіктеспен өзара тиімді әрі ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз. Түптеп келгенде, өзара байланыс инфрақұрылым ғана емес, бұл – адамдардың әл-ауқаты мен ортақ прогресс», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Сессия жұмысына сондай-ақ бірқатар елдің үкімет басшылары, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі ілгерілету перспективалары, оның қатысушы елдердің экономикалық дамуына әсері, сауда бағыттары мен жеткізу тізбектерін қайта құру, цифрлық инфрақұрылым мәселелері және бастаманың 2040 жылға дейінгі келешегі талқыланды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз