статья

Реализация поручений Президента по улучшению экологии: в Правительстве одобрили Концепцию управления всеми видами отходов на 2026-2030 гг.

Президенттің экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте Қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 25 ноября 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Подчеркнута необходимость создания единой системы управления отходами.

Оценка

Указано на необходимость решения проблем с различными категориями отходов.

25 Ноябрь 2025, 13:33 Реализация поручений Президента по улучшению экологии: в Правительстве одобрили Концепцию управления всеми видами отходов на 2026-2030 гг. На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова одобрен проект Концепции управления всеми видами отходов на 2026-2030 годы. Документ разработан в рамках поручений Главы государства по улучшению экологической ситуации в стране. О ключевых подходах доложил вице-министр экологии и природных ресурсов Жомарт Алиев. Были заслушаны доклады акимов и представителя отраслевой организации Ecojer. Премьер-министр отметил важность внедрения комплексной системы переработки отходов. На сегодняшний день в стране перерабатывается порядка 25% бытовых отходов. «Глава государства всегда отмечает необходимость принятия конкретных мер по улучшению экологической ситуации в стране. Для этого требуется полная переработка всех видов отходов. Для решения данных вопросов в Астане, Алматы и Шымкенте реализуются проекты энергетической утилизации отходов. Уже определены инвесторы, с ними заключены необходимые соглашения. В последующем данный опыт будет тиражироваться и в другие регионы», — подчеркнул Олжас Бектенов. Для улучшения системы обращения с отходами предусмотрено 185 млрд тенге по механизму льготного финансирования, из 60 одобренных проектов уже профинансировано 22. Министерству экологии совместно с акиматами поручено обеспечить реализацию этих проектов. Премьер-министр отметил, что своего решения требуют вопросы по промышленным, медицинским и другим отходам. Концепция позволит наладить четкую систему мониторинга и прогноза для обеспечения экологической и санитарно-эпидемиологической безопасности. Это будет стимулировать формирование отрасли управления отходами, ориентированной на переработку и повторное использование. Подчеркнуто, что данный подход отвечает требованиям инициативы Президента «Таза Қазақстан», направленной на формирование экологической культуры бережного отношения к природе. Внимание уделено цифровизации отрасли, внедрению цифрового учета отходов, контролю их перемещения, складирования и утилизации. Кроме того, отмечен высокий инвестиционный потенциал, имеющийся в отрасли управления отходами. В качестве примера приведены развитые страны мира, которые постепенно переходят от складирования отходов к экономике замкнутого цикла, получая в результате электрическую энергию, вторичное сырье для последующего использования в производстве. В целом Концепция позволит изменить существующие подходы, повысить инвестиционный потенциал отрасли и модернизировать действующую инфраструктуру. В ходе заседания Премьер-министр дал ряд поручений Министерству экологии. В частности, ведомству совместно с госорганами и акиматами регионов поручено обеспечить своевременную реализацию мероприятий Концепции и Плана действий и начать в следующем году строительство заводов по энергетической утилизации отходов в Астане, Алматы и Шымкенте. Также необходимо принять меры по созданию и финансированию инфраструктуры сбора, переработки и утилизации отходов за счет экологических платежей. Координация закреплена за первым заместителем Премьер-министра Романом Скляром. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Зеленая экономика #Поручение Президента #Экология Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

25 Қараша 2025, 13:33

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Құжат Мемлекет басшысының елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде әзірленді. Негізгі тәсілдер туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев баяндады. Өңір әкімдері мен Ecojer салалық ұйымы өкілінің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр қалдықтарды өңдеудің кешенді жүйесін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда елімізде тұрмыстық қалдықтардың шамамен 25%-ы қайта өңделуде.

«Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында нақты шаралар қабылдау қажеттігін үнемі айтып келеді. Ол үшін қалдықтардың барлық түрін толықтай қайта өңдеу керек. Бізде ол тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінің шамамен 25%-ын ғана құрап отыр. Осы мәселелерді шешу үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары іске асырылып жатыр. Қазір инвесторлар анықталып, олармен тиісті келісімдер жасалды. Алдағы уақытта бұл тәжірибе өзге аймақтарға да таратылады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қалдықтарды басқару жүйесін жақсартуға жеңілдетілген қаржыландыру тетігі арқылы 185 млрд теңге қарастырылған, мақұлданған 60 жобаның 22-сіне қаржы бөлінді, Экология министрлігіне әкімдіктермен бірге осы жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Премьер-министр өнеркәсіптік, медициналық және басқа да қалдықтарға қатысты тиісті шешім қабылдау керектігін атап өтті. Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нақты бақылау мен болжам жасау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қайта өңдеу және қайта пайдалануға бағытталған қалдықтарды басқару саласының дамуын ынталандырады.

Аталған тәсіл Президенттің табиғатты аялау жөніндегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасының талаптарына сай келетіні атап өтілді.

Саланы цифрландыруға, қалдықтардың цифрлық есебін жүргізуге, олардың қозғалысын, жинақталуын және кәдеге жаратылуын бақылауға назар аударылды.

Бұдан бөлек, қалдықтарды басқару саласының жоғары инвестициялық әлеуеті атап өтілді. Қалдықтарды жинақтаудан біртіндеп тұйық циклді экономикаға көшіп жатқан, бұл өз кезегінде, электр энергиясын өндіруге және өндірісте қайта пайдалануға болатын шикізат алуға мүмкіндік беретін әлемнің көптеген дамыған елдері мысал ретінде келтірілді.

Жалпы, Тұжырымдама қалыптасқан тәсілдерді өзгертіп, саланың инвестициялық әлеуетін арттыруды және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Отырыс барысында Премьер-министр Экология министрлігіне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, ведомствоға мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Тұжырымдама мен іс-қимыл жоспарының іс-шараларын уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету және келесі жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастау тапсырылды. Сондай-ақ экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз