статья

Диверсификация экономики по поручению Президента: доля обрабатывающей промышленности в структуре ВВП — 13%

Президент тапсырмасына сәйкес экономиканы әртараптандыру: ЖІӨ құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 13%-ды құрайды

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 2 декабря 2025 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Оценка

Развитие обрабатывающей промышленности — основа устойчивого экономического роста.

Оценка

Предприятиям нужно активнее внедрять цифровые решения и ИИ, а госорганам — создавать условия.

Оценка

Системные меры поддержки отечественных производителей необходимы для роста обрабатывающей промышленности.

02 Декабрь 2025, 11:15 Диверсификация экономики по поручению Президента: доля обрабатывающей промышленности в структуре ВВП — 13% На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития и цифровизации обрабатывающей промышленности. О проводимой работе доложили министры промышленности и строительства, энергетики, сельского хозяйства, здравоохранения, искусственного интеллекта и цифрового развития. Заслушаны акимы Костанайской, Атырауской и Северо-Казахстанской областей. Премьер-министр отметил, что развитие обрабатывающей промышленности является базовым условием устойчивого роста экономики. По итогам 10 месяцев т.г. объем производства превысил 24 трлн тенге, увеличившись на 5,8%. Рост обеспечен прежде всего за счет увеличения производства в ключевых сегментах: металлургии, машиностроении, химической отрасли, а также строительных материалов. В целом, за 5 лет объем производства в обрабатывающей отрасли вырос почти на треть. Запущены десятки новых предприятий, в том числе с участием таких глобальных лидеров, как Kia, Sinopec, John Deere, Claas. Экспорт обработанной продукции за прошлый год превысил $23 млрд. И это уже не только металлы, но и машиностроение, химия, продукты питания. «Главой государства четко обозначены задачи по диверсификации экономики, повышению производительности труда, внедрению новых технологий и укреплению промышленного потенциала страны. Именно в обрабатывающем секторе создается добавленная стоимость. Здесь открываются высококвалифицированные рабочие места. Обработка формирует технологический суверенитет страны. Сегодня доля сектора в структуре ВВП страны составляет около 13%. Важно продолжать активную диверсификацию экономики. Наша цель – к 2030 году довести долю обрабатывающей промышленности в ВВП до 15%, а к 2035 году – до 18-20%. Подчеркну, что это реальная задача. Для этого у нас есть все необходимое – сырье, энергия, выгодное географическое положение, молодой и образованный человеческий капитал», — подчеркнул Олжас Бектенов. Премьер-министр отметил, что внедрение системных мер поддержки отечественных производителей является важным фактором для достижения цели по увеличению обрабатывающей промышленности в экономике. Принятый механизм обеспечения перерабатывающих предприятий сырьем в ряде отраслей уже дает эффект. Предприятия получили предсказуемые условия загрузки мощностей и планирования модернизации. С начала следующего года будет запущен реестр казахстанских товаропроизводителей, который обеспечит приоритет реально работающих отечественных предприятий на рынке регулируемых закупок. В Послании народу Казахстана Глава государства обозначил приоритетным направление инвестиций в обрабатывающую промышленность. Объем инвестиций в секторе за 10 месяцев текущего года составил 1,7 трлн тенге, что на 30% выше прошлогоднего периода. Данный рост обусловлен, в первую очередь, запуском новых производств в рамках Единой карты индустриализации. В этом году предусмотрена реализация 190 проектов на 1,5 трлн тенге, уже введено 147 из них. В прошлом году было введено 180 проектов. Министерству промышленности совместно с отраслевыми госорганами и акиматами регионов поручено обеспечить до конца текущего года ввод оставшихся проектов карты. Наибольшая часть индустриальных проектов страны реализуется на территориях специальных экономических и индустриальных зон. Это подчеркивает их ключевую роль как опорных площадок индустриализации. Министерству промышленности совместно с министерствами национальной экономики, финансов, акиматами регионов поручено сформировать детальный план по обеспечению инфраструктурой приоритетных СЭЗ и ИЗ с указанием конкретных сроков и источников финансирования. Комплексный план по развитию переработки продукции до 2028 года, реализуемый в агропромышленном комплексе, включает мероприятия по обеспечению предприятий доступным сырьем, предоставлению льготных кредитов и повышению экспортного потенциала. В следующем году в секторе запланирована реализация ряда крупных проектов, включая запуск сахарного завода в Жамбылской области, переработку фруктов и ягод в Алматинской области, птицефабрику в городе Шымкенте. Министерству сельского хозяйства поручено обеспечить своевременный ввод всех запланированных проектов в эксплуатацию. В развитии обрабатывающей промышленности ключевое значение имеют вопросы цифровой трансформации, включая применение технологий искусственного интеллекта. В Казахстане уже есть положительные примеры использования таких технологий. К примеру, на золотодобывающем предприятии «Алтыналмас» используются цифровые системы оптимизации логистики и контроля работы техники на открытых карьерах. В рудниках KAZ Minerals искусственный интеллект анализирует большие массивы данных, оптимизирует работу оборудования и выявляет различные риски. В компании ERG уже работают десятки цифровых ассистентов. Олжас Бектенов отметил, что предприятия должны активнее внедрять цифровые решения и искусственный интеллект, а госорганы – обеспечивать необходимые институциональные и инфраструктурные условия. Вместе с тем особое место в любой отрасли занимают люди. Без современных инженеров, технологов и квалифицированных рабочих невозможно качественное и эффективное развитие. В этой связи министерствам просвещения и науки необходимо интегрировать модули по цифровизации в учебные программы технических университетов и колледжей, с обязательным партнерством с промышленными предприятиями. Министерству труда и социальной защиты населения поручено запустить программу обучения работников промышленных предприятий базовым цифровым компетенциям с использованием онлайн-платформ. По итогам рассмотрения вопроса развития и цифровизации обрабатывающей промышленности на заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов обозначил несколько ключевых задач. В частности, одним из наиболее эффективных инструментов поддержки отечественных производителей является механизм долгосрочных договоров и офтейк-контрактов. В текущем году с казахстанскими производителями было заключено 879 таких соглашений, позволяющих предприятиям уверенно планировать свое производство и развитие. В этой связи Министерству промышленности совместно с заинтересованными госорганами до конца следующего года поручено довести общее количество заключенных долгосрочных договоров и офтейк-контрактов как минимум до 1 тыс. В Казахстане менее 20% предприятий обрабатывающей отрасли используют современные цифровые технологии, включая искусственный интеллект. В свою очередь, в развитых странах, таких как Германия и США, системы предиктивного мониторинга позволяют снижать до 15% затраты на обслуживание оборудования. Министерствам промышленности и искусственного интеллекта поручено обеспечить реализацию на предприятиях обрабатывающей промышленности новых проектов по внедрению искусственного интеллекта для предиктивного обслуживания оборудования, автоматического контроля качества и оптимизации производства. Необходимо расширять потенциал научных разработок для обрабатывающей промышленности. Министерству промышленности совместно с Министерством науки и высшего образования – разработать комплексный пакет мер по поддержке научных исследований в сфере обработки. Общий контроль и координация закреплены за первым заместителем Премьер-министра Романом Скляром. Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

02 Желтоқсан 2025, 11:15

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері тыңдалды.

Премьер-министр өңдеу өнеркәсібін дамыту экономиканың орнықты өсуінің негізгі шарты екенін атап өтті.

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асып, 5,8%-ға артты. Өсім ең алдымен металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары сияқты негізгі сегменттердегі өндірістің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Жалпы, Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі кейінгі бес жылда шамамен үштен бірге өсті. Kia, Sinopec, John Deere, Claas сияқты жаһандық көшбасшылардың қатысуымен ондаған жаңа кәсіпорын іске қосылды.

Өткен жылы өңделген өнімнің экспорты $23 млрд-тан асты. Бұл ретте металл бұйымдары ғана емес, сонымен қатар машина жасау, химия, тамақ өнімдерінің экспорты да артып келеді.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, еңбек өнімділігін арттыру, жаңа технологиялар енгізу және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту жөнінде нақты міндеттерді айқындап берді. Дәл осы өңдеу секторында қосылған құны жоғары өнімдер жасалады. Біліктілігі жоғары жұмыс орындары ашылады. Өңдеу саласы еліміздің технологиялық егемендігін қалыптастырады. Бүгінде жалпы ішкі өнім құрылымындағы өңдеу секторының үлесі шамамен 13%-ды құрайды. Экономиканы белсенді түрде әртараптандыру ісін жалғастыру маңызды. Біздің мақсатымыз – жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібіНің үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға дейін, ал 2035 жылға қарай 18-20%-ға дейін жеткізу. Бұл нақты орындалатын міндет екенін ерекше атап өтемін. Ол үшін бізде шикізат, энергия, қолайлы географиялық жағдай, жас әрі білімді адами капитал тағы басқа да не қажеттінің бәрі бар» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр отандық тауар өндірушілерге жүйелі қолдау экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізудің маңызды шарты екенін атап өтті.

Бірқатар салада қабылданған өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетігі қазірдің өзінде нәтижесін беруде. Кәсіпорындар қуаттылықты жүктеу мен жаңартуды жоспарлаудың болжамдауға болатын шарттарын алды.

Келесі жылдан бастап реттелетін сатып алулар нарығында шын мәнінде жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындарға басымдық беретін қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібіне инвестиция салуды басым бағыт ретінде айқындап берді.

Биыл 10 айда осы секторға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 30%-ға жоғары.

Мұндай өсім, ең алдымен, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жаңа өндірістердің іске қосылуына байланысты болып отыр.

Биыл Картаға сәйкес, жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны жүзеге асыру көзделген. Қазірдің өзінде 147 жоба пайдалануға берілді. Өткен жылы 180 жоба іске қосылды.

Өнеркәсіп министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін Картаның қалған жобаларын іске қосуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Еліміздегі индустриялық жобалардың басым бөлігі арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында іске асырылуда. Бұл олардың индустрияландырудың тірек алаңдары ретіндегі маңызды рөлін айқын көрсетеді.

Өнеркәсіп министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, басымдық берілген Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша нақты мерзімдері мен қаржыландыру көздерін көрсете отырып, егжей-тегжейлі жоспар әзірлеу тапсырылды.

Агроөнеркәсіп кешенінде өнімді қайта өңдеуді дамыту бойынша 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, жеңілдікті несиелер беру және экспорттық әлеуетті арттыру шараларын қамтиды. Келесі жылы секторда бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Жамбыл облысында қант зауытын, Алматы облысында жеміс-жидекті қайта өңдеу зауытын, Шымкент қаласында құс фабрикасын іске қосу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жоспарланған барлық жобалардың уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Өңдеу өнеркәсібін дамытуда цифрлық трансформация, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері басты мәнге ие болып отыр.

Елімізде мұндай технологияларды қолданудың оң мысалдары аз емес. Мысалы, «Алтыналмас» алтын өндіру кәсіпорнында ашық карьерлердегі логистиканы оңтайландырып, техника жұмысын бақылайтын цифрлық жүйелер қолданылады.

KAZ Minerals кеніштерінде жасанды интеллект көлемді деректерді талдап, жабдықтар жұмысын оңтайландырады және әртүрлі тәуекелдерді анықтап-тіркейді. Ал ERG компаниясында ондаған цифрлық ассистент жұмыс істейді.

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындар цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізуі керек. Ал мемлекеттік органдар қажетті институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайларды қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатаркез келген салада адамдардың орны ерекше екені белгілі. Заман талабына сай келетін инженерлер, технологтар мен жоғары білікті жұмысшылар болмаса сапалы әрі тиімді даму мүмкін емес.

Осыған байланысты Оқу-ағарту және Ғылым министрліктері өнеркәсіп кәсіпорындарымен міндетті түрде серіктестік орната отырып, цифрландыру бойынша модульдерді техникалық университеттер мен колледждердің оқу бағдарламаларына интеграциялауы қажет.

Еңбек министрлігіне онлайн-платформаларды пайдалана отырып, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлерін базалық цифрлық құзыреттерге оқыту бағдарламасын іске қосу тапсырылды.

Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов негізгі бірқатар міндетті атап өтті.

Атап айтқанда, отандық өндірушілерді қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар тетігі болып отыр. Биыл қазақстандық өндірушілермен кәсіпорындарға өз өндірістері мен дамуын сенімді түрде жоспарлауға мүмкіндік беретін осындай 879 келісім жасалды.

Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жасалған ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттардың жалпы санын келесі жылдың соңына дейін кемінде 1 мыңға дейін жеткізу тапсырылды.

Қазақстанда заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдаланып отырған өңдеу кәсіпорындары 20%-ға да жетпейді. Ал, Германия мен Америка Құрама Штаттары сияқты дамыған елдерде проактивті мониторинг жүйелері жабдыққа қызмет көрсету шығындарын 15%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп және Жасанды интеллект министрліктеріне өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында жабдықтарға предиктивті қызмет көрсету, сапаны автоматты бақылау және өндірісті оңтайландыру үшін жасанды интеллектіні енгізуге арналған жаңа жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Өңдеу өнеркәсібіне арналған ғылыми зерттеулер әлеуетін кеңейту қажет. Өнеркәсіп министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңдеу саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдаудың кешенді шаралар пакетін әзірлеуі тиіс.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз