Реализация поручений Президента: в Правительстве рассмотрены меры по развитию и цифровизации транспортно-транзитной сферы
Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Президент поставил задачу сделать Казахстан ключевым транспортным узлом Евразии.
Поручено до 1 апреля 2026 года завершить интеграцию всех сервисов и информационных ресурсов.
Поручено ускорить строительство и соблюдать сроки на внутренних транспортных маршрутах.
09 Декабрь 2025, 11:30 Реализация поручений Президента: в Правительстве рассмотрены меры по развитию и цифровизации транспортно-транзитной сферы На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития и цифровизации транспортно-транзитной сферы. С докладами выступили министры транспорта Нурлан Сауранбаев, финансов Мади Такиев, вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Ростислав Коняшкин, председатели правления АО «НК «Қазақстан темір жолы» Талгат Алдыбергенов и «Национальная компания «ҚазАвтоЖол» Дархан Иманашев. По данным Минтранса, в текущем году строительством и ремонтом охвачено 13 тыс. км автодорог. Автоперевозчики доставили 288 млн тонн грузов (+1,7 %), пассажиропоток достиг 1,5 млрд человек (+12,2 %). Продолжается автоматизация транспортного контроля и внедрение электронных сопроводительных документов. В авиации обработано 139,6 тыс. тонн грузов, перевезено 13,1 млн пассажиров. Железнодорожные перевозки составили 380,3 млн тонн (+7,9 %) и 16,4 млн пассажиров. Премьер-министр подчеркнул, что Главой государства поставлена задача превратить Казахстан в ключевой транспортный узел Евразии. «Главой государства поставлена стратегическая задача по превращению Казахстана в ключевой транспортный узел на евразийском пространстве. Для ее решения принимаются системные меры. Увеличена пропускная способность Транскаспийского международного транспортного маршрута (ТМТМ), синхронизирована тарифная политика с иностранными партнерами и сокращены сроки доставки грузов. Ведется модернизация автодорожной инфраструктуры с акцентом на транзитные и международные коридоры. Зафиксирован рост контейнерных перевозок. На казахстанско‑китайской границе реализуется проект «Умная таможня» с беспилотными перевозками и единой электронной декларацией», — отметил Олжас Бектенов. Благодаря реализуемым мерам за 10 месяцев текущего года объем транзитных перевозок через Казахстан превысил 29 млн тонн. При этом Премьер-министр подчеркнул, что на фоне растущей конкуренции за транзитные грузопотоки необходимо активно развивать потенциал транспортно-логистической системы, особенно через ускоренную цифровизацию процессов на международных коридорах и пунктах пропуска. Одним из ключевых направлений в рамках реализации Послания Президента стало внедрение сквозных цифровых решений, включая экосистему Smart Cargo для онлайн-мониторинга движения грузов и сопряжения государственных и частных платформ. Однако часть сервисов пока не подключена. Премьер-министр дал поручение Министерству транспорта совместно с заинтересованными госорганами до 1 апреля 2026 года завершить полную интеграцию всех сервисов и информационных ресурсов. Для дальнейшего развития транспортно-транзитной сферы отмечена приоритетнтость формирования авиахабов, которую Глава государства обозначил на недавнем совещании. В связи с этим Правительством ведется работа по расширению географии полетов, привлечению новых иностранных авиаперевозчиков, увеличению грузовых и пассажирских потоков через аэропорты страны. Осуществляется модернизация аэропортовой инфраструктуры, обновление спецтехники и цифровизация сервисов обслуживания пассажиров и авиакомпаний. Все это позволит превратить казахстанские аэропорты в конкурентоспособные региональные хабы. Олжас Бектенов при этом отметил необходимость развития информационно-аналитической системы транспортной базы данных. Уже создан единый массив данных и запущены модули мониторинга движения грузов, но монолитная архитектура системы усложняет интеграцию и внедрение инноваций. Министерству транспорта совместно с Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития поручено перейти на модульную масштабируемую архитектуру с открытыми интерфейсами и поэтапно внедрять для прогнозирования и управления потоками ИИ-инструменты. Кроме того, Премьер-министр дал ряд поручений по направлениям транспортно-транзитной сферы. В частности, в рамках обеспечения качества автодорожной инфраструктуры требуется обеспечить цифровой мониторинг реализации проектов, акиматам регионов до 1 июля 2026 года необходимо будет завершить полную паспортизацию дорог местной сети и ускорить установку автоматизированных станций измерения. Запускаемая система «E-жолдар» должна стать главным инструментом учета состояния дорог и контроля исполнения работ. Для ускорения перехода на электронный документооборот в грузовых авиаперевозках министерства транспорта, финансов и сельского хозяйства до 1 марта 2026 года поручено завершить интеграцию с системой e-Freight для автоматизации обмена данными по таможенным, ветеринарным и фитосанитарным документам. В железнодорожной сфере Министерством транспорта совместно с компанией «Қазақстан темір жолы» и заинтересованными госорганами будет продолжено внедрение сквозных цифровых решений и в месячный срок выработаны меры по сокращению времени обработки грузов на пограничных и узловых станциях. «В соответствии с поручением Главы государства в декабре завершается модернизация пунктов пересечения государственной границы. В ближайшее время будет осуществлен запуск 5 пунктов пропуска. Таким образом, все пункты пропуска на внешнем контуре ЕАЭС будут отвечать международным стандартам и обеспечат ускоренное прохождение грузов», — подчеркнул Премьер-министр. Олжас Бектенов поручил Министерству транспорта и «КазАвтоЖолу» на внутреннем контуре ускорить темпы строительства и соблюдать установленные сроки. Данный вопрос находится личном контроле Премьер-министра. Также ведомству и компании совместно с акиматами необходимо обеспечивать комфортные условия для населения и перевозчиков, активно привлекая частные инвестиции. Общий контроль и координация работы закреплены за первым заместителем Премьер-министра Романом Скляром. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Логистика #Транспорт #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
09 Желтоқсан 2025, 11:30
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл 13 мың шақырым жол салынып, жөнделген. Автотасымалдаушылар 288 млн тонна жүк жеткізді (+1,7%), жолаушылар ағыны 1,5 млрд адамға жетті (+12,2%). Көліктік бақылауды автоматтандыру және электронды ілеспе құжаттарды енгізу жалғасуда. Авиацияда 139,6 мың тонна жүк өңделіп, 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Темір жол тасымалы 380,3 млн тоннаны (+7,9 %) құрап, 16,4 млн жолаушы тасымалданды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілеті ұлғайтылды, шетелдік серіктестермен тарифтік саясат үндесімді түрде жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімдері қысқартылды. Автожол инфрақұрылымын транзиттік және халықаралық дәліздерге басымдық бере отырып жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде контейнерлік тасымал көлемі өсті. Қазақстан-Қытай шекарасында пилотсыз тасымал мен бірыңғай электрондық декларацияны қамтитын «Ақылды кеден» жобасы жүзеге асырылып жатыр» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қабылданған шаралар нәтижесінде биылғы 10 айда Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 29 млн тоннадан асып, нақты өсім көрсетті
Бұл ретте Премьер-министр транзиттік жүк тасымалы үшін бәсеке күшейіп бара жатқанын, әсіресе, халықаралық көлік дәліздері мен өткізу пункттеріндегі процестерді жылдам цифрландыру арқылы көлік‑логистикалық жүйенің қолда бар әлеуетін белсенді түрде кеңейту қажет екенін атап өтті.
Президент Жолдауын жүзеге асыруда басым бағыттардың бірі жүк қозғалысына онлайн-мониторинг жүргізу, мемлекеттік және жеке цифрлық платформаларды интеграциялау үшін толықтай цифрлық шешімдерді, оның ішінде Smart Cargo экожүйесін енгізу болды. Алайда, бүгінде сервистердің барлығы бірдей қосылып, жұмыс істеп тұрған жоқ. Премьер-министр Көлік министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін сервистер мен ақпараттық ресурстардың толық интеграциясын аяқтауды тапсырды.
Жуырда өткен кеңесте Мемлекет басшысы атап көрсеткен көлік-тасымал саласын дамыту үшін авиахабтарды дамытудағы басымдық баса айтылды. Осыған байланысты Үкімет ұшу географиясын кеңейту, жаңа шетелдік авиатасымалдаушыларды тарту, еліміздің әуежайлары арқылы жүк және жолаушылар ағынын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, арнайы техниканы жаңарту және жолаушылар мен әуе компанияларына қызмет көрсету сервистерін цифрландыру жүзеге асырылуда. Мұның бәрі қазақстандық әуежайларды бәсекеге қабілетті өңірлік хабтарға айналдыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Олжас Бектенов көліктік деректер қорының ақпараттық-талдау жүйесін дамыту қажеттігін атап өтті. Қазірдің өзінде деректердің бірыңғай массиві жасалып, жүк қозғалысын бақылау модульдері іске қосылды, бірақ жүйенің қазіргі монолитті архитектурасы оны интеграциялау мен инновациялық шешімдерді енгізу кезінде қиындықтар туғызуда. Көлік министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, аталған жүйені ашық интерфейстері бар модульдік және масштабталатын архитектураға көшіру, көлік ағындарын болжау мен басқару үшін жасанды интеллектіні кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды.
Сонымен қатар Премьер-министр көлік-транзит саласы бойынша бірқатар тапсырма берді.
Атап айтқанда, автожол инфрақұрылымы сапасын жақсарту аясында жобаларды жүзеге асырудың цифрлық мониторингін қамтамасыз ету керек, өңір әкімдіктері 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жергілікті жолдарды толық паспорттауды аяқтап, автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнатуды жеделдетуі қажет. Іске қосылатын «E‑жолдар» жүйесі жолдардың жағдайын есепке алу, ақауларды тіркеу және жұмыстардың орындалуын онлайн-режимде бақылау құралы болуы тиіс.
Әуе жүктерін тасымалдауда электронды құжат айналымына көшуді жеделдету үшін Көлік министрлігіне Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылдың 1 наурызына дейін «e-Freight» ақпараттық жүйесімен кешенді интеграцияны аяқтау, кедендік, ветеринариялық және фитосанитариялық құжаттар бойынша деректер алмасуды автоматтандыру тапсырылды.
Темір жол саласында Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту бойынша қосымша шаралар әзірленеді.
Көлік министрлігіне «Қазақстан темір жолы» компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту жөнінде шаралар әзірленеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов Көлік министрлігіне «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.
Сондай-ақ ведомство мен компаниялар әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестицияларды белсенді түрде тарта отырып, халық пен тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауы қажет.
Жұмысты жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз