Реализация поручений Президента: для решения проблемных вопросов в туризме Правительством создан Оперативный координационный совет
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет туризм саласына қатысты түйткілді мәселелерді шешу үшін Жедел үйлестіру кеңесін құрды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство создало оперативный координационный совет для решения проблем в туризме.
27 Январь 2026, 12:15 Реализация поручений Президента: для решения проблемных вопросов в туризме Правительством создан Оперативный координационный совет На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития туризма в рамках поставленных Главой государства задач. О подготовке к летнему туристическому сезону и планах развития отрасли доложил министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов, о мерах по развитию транспортной инфраструктуры на туристических объектах – министр транспорта Нурлан Сауранбаев. Председатель правления «Kazakh Tourism» Талгат Газизов доложил о развитии событийного туризма и планах по привлечению иностранных туристов в страну. Также были заслушаны акимы областей Абай, Жетiсу, Карагандинской и Мангистауской областей. «В прошлом году в результате многочисленных обращений граждан Президентом была высказана жесткая критика в отношении ненадлежащего состояния инфраструктуры, сервиса, несоблюдения мер безопасности зоны вокруг озера Алаколь и в целом туристических дестинаций в нашей стране» , — отметил Олжас Бектенов. За прошедшие полгода проведена определенная работа: в ряде регионов созданы постоянно действующие оперативные штабы в сфере туризма, как, например, в области Жетiсу; в прибрежных селах Алаколя решаются вопросы водоотведения и берегоукрепления; в Восточно-Казахстанской области в популярных туристских зонах организована работа коммунальных служб. В глобальном индексе Всемирного экономического форума Казахстан поднялся на 52 место из 119 стран (ранее занимали 66 место). Цель – войти в ТОП-50. В туристской отрасли страны наблюдается рост ключевых показателей. Так, количество туристов по итогам 2025 года выросло на 12% и превысило 10 млн человек. Действует порядка 4,5 тыс. мест размещения – гостиниц, отелей и др. Также в прошлом году зафиксирован рост объема инвестиций в отрасль на 32% в сравнении с аналогичным периодом 2024 года. Всего привлечено свыше 1,2 трлн тенге. Вместе с тем недавние комплексные проверки состояния туристических зон показали, что системных проблем еще достаточно, подчеркнул Премьер-министр. В частности, многие объекты не обеспечены качественным доступом к интернету. Работы либо еще планируются, либо ведутся крайне медленно. Регулярно в СМИ и соцсетях публикуются факты нарушений санитарно-эпидемиологических требований. Так, многими предпринимателями игнорируется получение соответствующих заключений. Например, в Карагандинской области на текущий момент из 149 мест массового отдыха заключения санитарно-эпидемиологических служб выданы только 80 объектам. Из 28 пляжей заключения получили лишь 3. Кроме того, имеются большие вопросы к полноценной транспортной доступности к популярным и удаленным туристическим дестинациям с обеспечением надлежащего придорожного сервиса. В некоторых локациях отсутствует стабильное энергоснабжение. Не везде решаются вопросы организации круглосуточных постов медицинского обслуживания, органов правопорядка и спасательных служб. По-прежнему остаются завышенными цены на гостиничные услуги, в кафе и магазинах близ туристических объектов. Множество жалоб поступает от туристов на замусоренность мест отдыха, отсутствие нормальных подъездных путей и автостоянок. «Для решения имеющихся проблемных вопросов необходимо создать Оперативный координационный совет с участием всех акиматов, палаты «Атамекен», крупных предпринимателей в сфере туризма с каждого региона, а также отраслевых экспертов. Его возглавит Аида Галымовна» , — отметил Олжас Бектенов. Премьер-министр поручил Министерству туризма и спорта в трехдневный срок внести в Аппарат Правительства проект распоряжения. Координационный совет должен в течение месяца обновить План действий к Концепции развития туризма с учетом всех поручений и замечаний Главы государства. Необходимо предусмотреть соответствующие индикаторы для первых руководителей государственных органов, а также выработать конструктивные меры поддержки туристического бизнеса. В дальнейшем оперативное сопровождение туристического сезона будет осуществляться на местах под контролем оперативных штабов в каждой области. «Формальный подход недопустим. Аппарат Правительства будет проводить регулярные проверки туристических объектов, постоянно мониторить ситуацию. Уже к началу летнего туристического сезона министерству и акиматам следует принять все необходимые меры для обеспечения комфортных условий пребывания отдыхающих» , — подчеркнул руководитель Правительства Олжас Бектенов. По итогам рассмотрения вопроса Премьер-министр дал ряд поручений профильным министерствам: Отмечено, что внешний турист, прежде чем выбрать страну посещения, использует информацию из открытых источников – из интернета и соцсетей. В Казахстане за последние 4 года не обновлялись инструменты по привлечению иностранных туристов. Используется устаревшая информация, отсутствует охват культурных, этнографических и других материалов. В этой связи Министерству туризма совместно с Министерством культуры, компанией «Kazakh Tourism» и акиматами поручено в месячный срок разработать детальный план работы на 2026 год с учетом всех проводимых культурных, спортивных и иных массовых мероприятий в Казахстане. Имеются вопросы доступа отечественных предпринимателей к территориям национальных парков и другим локациям подобного статуса. В целях устойчивого развития туристической инфраструктуры и повышения качества услуг при одновременном обеспечении сохранности флоры и фауны следует изучить международной опыт и внести предложения по механизмам регулируемого доступа предпринимателей к территориям национальных парков, заповедников, резерватов. Министерству экологии совместно с палатой предпринимателей необходимо проработать соответствующие законодательные поправки. При реализации инвестпроектов представители бизнеса сталкиваются с трудностями, связанными с запретом или ограничением доступа к прибрежной защитной зоне. К примеру, невозможно подвести инфраструктуру для строительства аквапарков. В этом вопросе следует найти золотую середину, подчеркнул Премьер-министр. Министерству водных ресурсов поручено также изучить передовой международный опыт и выработать соответствующие законодательные поправки. Общая координация возложена на заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиду Балаеву. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Туризм Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
27 Қаңтар 2026, 12:15
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде туризмді дамыту мәселесі қаралды.
Жиында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазғы туристік маусымға дайындық және саланы дамыту жоспарлары туралы, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев туристік нысандарды көлік инфрақұрылымын дамыту шаралары туралы, Kazakh Tourism компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов іс-шаралар туризмін дамыту және елімізге шетелдік туристер тарту жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ Абай, Жетісу, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкімдерінің баяндамасы тыңдалды.
«Былтыр Президент азаматтардың көптеген шағымдарынан соң Алакөлдің айналасындағы, сондай-ақ жалпы еліміздегі туристік дестинациялардағы инфрақұрылым мен сервистің нашарлығын, қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауын қатаң сынға алды» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өткен жарты жыл ішінде тиісті жұмыстар атқарылды:
бірқатар өңірлерде, атап айтқанда Жетісу облысындағыдай, туризм саласында тұрақты жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды;
Алакөлге жақын маңдағы елді-мекендерде су бұру және жағалауды бекіту ісі қолға алынды;
Шығыс Қазақстан облысында танымал туристік аймақтарда коммуналдық қызметтердің жұмысы жолға қойылды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-ші орынға көтерілді (бұрын 66-шы орында болатын). Мақсат – үздік 50 елдің қатарына кіру. Еліміздің туризм саласында негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша туристер саны 12%-ға өсіп, 10 млн адамнан асты. Қонақ үйлер, мейманханалар және т. б. 4,5 мыңға жуық орын бар.
Сондай-ақ өткен жылы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салаға инвестиция көлемінің 32%-ға өсуі тіркелді. Барлығы 1,2 трлн теңгеден астам қаржы тартылды.
Сонымен қатар туристік аймақтарда жүргізілген кешенді тексерулер бұл салада әлі де жүйелі мәселелердің барын анықтады, деп атап өтті Премьер-министр. Атап айтқанда, көптеген нысандарда интернет сапасы нашар. Жұмыстар әлі жоспарланып жатыр немесе қарқыны өте баяу.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері жиі көтеріледі. Көптеген кәсіпкерлер қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды құжаттарды керек қылмайды. Мәселен, Қарағанды облысында қазіргі таңда 149 көпшілік демалыс орнының ішінде 80 нысан ғана санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің қорытындысын алған. Ал, 28 жағажайдың тек 3-еуіне тиісті ұйғарым берілген.
Бұдан басқа, көпшілікке танымал және шалғайда орналасқан туристік дестинацияларға көлікпен жету мәселесі мен жол бойындағы сервиске қатысты үлкен сұрақтар бар.
Кей жерлерде энергия қуаты жетіспейді. Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық бекеттерді, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерін ұйымдастыру ісі барлық жерде бірдей шешімін таппай келеді.
Туристік нысандарға жақын дәмханалар мен дүкендерде бағалар сол күйі қымбат.
Шашылып жатқан қоқыстарға, демалыс орындарына апаратын жолдар мен көлік тұрақтарының жоқтығына қатысты туристер тарапынан түсіп жатқан шағымдар көп.
«Осындай мәселелерді шешу үшін барлық әкімдіктің, “Атамекен” палатасының, әр өңірден туризм саласындағы ірі кәсіпкерлердің, сондай-ақ тиісті сарапшылардың қатысуымен Жедел үйлестіру кеңесін құру қажет. Оған Аида Ғалымқызы басшылық етеді» , — деп тапсырды Олжас Бектенов.
Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне үш күн мерзімде Үкімет Аппаратына тиісті өкім жобасын енгізуді тапсырды. Үйлестіру кеңесі Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы мен ескертулерін ескере отырып, бір ай ішінде Туризмді дамыту тұжырымдамасына Іс-қимыл жоспарын жаңартуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары үшін тиісті индикаторларды қарастырып, туристік бизнесті қолдаудың нақты әрі тиімді шараларын әзірлеу қажет. Әрі қарай туристік маусымды жедел қамтамасыз ету барысы жергілікті жерлерде әр облыстағы Жедел штабтардың бақылауымен жүзеге асырылады.
«Бұл іске немқұрайлы қарауға болмайды. Үкімет Аппараты туристік нысандарды жүйелі түрде тексеріп, жағдайды үнемі қадағалап отырады. Жазғы туристік маусым басталғанға дейін министрлік пен әкімдіктер демалушыларды қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылдасын» , — деп атап өтті Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма берді:
Шетелдік турист саяхаттайтын елді таңдамас бұрын, ашық дереккөздердегі ақпараттарды, ең алдымен интернет пен әлеуметтік желілерді шолып шығады, деп атап өтті Олжас Бектенов. Соңғы төрт жылда шетелдік туристерді тарту құралдары жаңартылмаған. Ескірген ақпарат пайдаланылып келеді, мәдени, этнографиялық және басқа да материалдар қамтылмайды.
Осыған байланысты Туризм министрлігіне Мәдениет министрлігі, Kazakh Tourism компаниясы және әкімдіктермен бірге бір ай мерзімде Қазақстандағы барлық мәдени, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ескере отырып, 2026 жылға арналған егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Отандық кәсіпкерлердің ұлттық парктер аумағына, сондай-ақ осы тұрғыдағы басқа да орындарға кіруіне қатысты мәселелер бар. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіНің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында кәсіпкерлердің ұлттық парктер мен қорықтарға, резерваттар аумақтарына реттеу арқылы кіру тетіктері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеп, ұсыныстар енгізу қажет. Экология министрлігі кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеуі тиіс.
Бизнес өкілдері инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде су айдындарының жағалауындағы қорғау аймақтарына қойылған шектеулерге немесе кіруге тыйым салынуына байланысты қиындықтарға тап болады. Мысалы, аквапарк құрылысына қажетті инфрақұрылым жүргізу мүмкін емес. Бұл мәселеде барлық тарапқа қолайлы болатын шешім іздеген жөн, деп атап өтті Премьер-министр.
Су ресурстары министрлігіне озық халықаралық тәжірибені зерттеп, тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеу тапсырылды.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз