Между Казахстаном и Султанатом Оман подписано Соглашение об инвестиционном сотрудничестве
Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан заявляет о готовности развивать торгово-экономическое и инвестиционное сотрудничество с Оманом.
24 Апрель 2026, 13:45 Между Казахстаном и Султанатом Оман подписано Соглашение об инвестиционном сотрудничестве Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с заместителем Премьер-министра по экономическим вопросам Султаната Оман Зиязином бен Хайсамом Аль Саидом, прибывшим в Казахстан с официальным визитом. Обсуждены вопросы развития торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества в рамках достигнутых на высшем уровне договоренностей. Внимание уделено расширению взаимодействия в энергетике, транспортно-логистической, горнодобывающей, металлургической, цифровой сферах, АПК, туризме и др. «Глава нашего государства Касым-Жомарт Токаев придает важное значение первому официальному визиту Вашего Высочества в Астану. Султанат Оман является дружественным и надежным партнером Казахстана на Ближнем Востоке и во всем арабском мире. Правительство Казахстана готово активно развивать торгово-экономическое сотрудничество с Оманом, укреплять двусторонние отношения, расширять инвестиционные связи и создавать благоприятные условия для реализации совместных проектов», — подчеркнул Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов. «Большой честью для меня было получить из рук Президента Республики Казахстан орден «Достық». Между Султанатом Оман и Казахстаном выстроены сильные партнерские связи и мы готовы укреплять и развивать их и далее. Есть сферы, в которых уже налажено инвестиционное сотрудничество. Мы планируем также акцентировать внимание на таких направлениях, как энергетика, возобновляемые источники энергии, технологии, финансовый сектор и другие сферы», — отметил заместитель Премьер-министра по экономическим вопросам Султаната Оман Зиязин бен Хайсам Аль Саид. В совместном портфеле Казахстана и Омана – 5 крупных инвестиционных проектов на сумму $3 млрд. Из них уже реализованы 2 проекта на $1,1 млрд в сферах энергетики и ж/д перевозок, на стадии реализации – проекты в области переработки руд. В ходе переговоров сторонами обозначена заинтересованность в объединении усилий по наращиванию торгово-экономического сотрудничества. В частности, внимание уделено планам по реализации совместных инициатив в горнодобывающей отрасли и нефтегазовой сфере с акцентом на модернизацию и технологическое развитие предприятий. С учетом проводимой Казахстаном работы по развитию транзитно-транспортного потенциала Среднего коридора отмечены точки соприкосновения в сфере логистики. Развитию экономик двух государств и взаимной торговли также способствуют совместные меры по созданию перерабатывающих предприятий, обмену технологиями в области сельского хозяйства и заключению долгосрочных соглашений о поставках сельхозпродукции. Перспективным направлением является цифровая отрасль с реализацией проектов в области GovTech и искусственного интеллекта. Отмечена важность обмена опытом в развитии экотуризма, гостиничного и сервисного бизнеса, продвижении культурных и природных достопримечательностей и др. Стороны подтвердили приверженность дальнейшему укреплению сотрудничества и партнерства между Казахстаном и Оманом по всем приоритетным направлениям. По итогам встречи в присутствии Премьер-министра Казахстана Олжаса Бектенова и заместителя Премьер-министра по экономическим вопросам Султаната Оман Зиязина бен Хайсама Аль Саида между АО «Самрук-Қазына» и Oman Investment Authority подписано Соглашение об основных условиях (Heads of Terms) инвестиционного сотрудничества. Документ закладывает институциональную основу для формирования совместной инвестиционной платформы, запуска новых казахско-оманских предприятий, инвестфондов и иных механизмов соинвестирования на паритетной основе. Соглашение предусматривает реализацию проектов в приоритетных секторах экономики, включая промышленность, энергетику, здравоохранение, логистику, горнодобывающую отрасль и др. Инвестиции планируется направлять как в действующие активы, так и в новые проекты на территориях Республики Казахстан и Султаната Оман. #Олжас Бектенов #АПК #Инвестиции #Международное сотрудничество #Транспорт #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
24 Сәуір 2026, 13:45
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті.
Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, металлургия, цифрлық салалар, АӨК, туризм және т. б. салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мәртебелі Сұлтанның Астанаға алғашқы ресми сапарына айрықша мән береді. Оман Сұлтандығы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және бүкіл араб әлеміндегі сенімді серіктесі. Қазақстан Үкіметі Оманмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, инвестициялық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын» , — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.
«Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан "Достық" орденін алу мен үшін үлкен мәртебе болды. Оман Сұлтандығы мен Қазақстан арасында берік әріптестік байланыстар орнаған, біз оларды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайынбыз. Қазірдің өзінде инвестициялық ынтымақтастық жолға қойылған салалар бар. Біз сондай-ақ энергетика, жаңартылатын энергия көздері, технологиялар, қаржы секторы сияқты және басқа да бағыттарға басымдық беруді жоспарлап отырмыз» , — деп атап өтті Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид.
Қазақстан мен Оманның бірлескен портфелінде құны $3 млрд-ты құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларында $1,1 млрд болатын 2 жоба іске қосылды. Қазір кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылу сатысында.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында күш-жігер біріктіруге мүдделі екендерін жеткізді. Атап айтқанда, кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға баса назар аудара отырып, тау-кен өндіру және мұнай-газ саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарға назар аударылды.
Қазақстанның Орта дәліздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын ескере отырып, логистика саласындағы түйісу нүктелері белгіленді. Екі мемлекеттің экономикасы мен өзара сауданың дамуына өңдеу кәсіпорындарын құру, ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялармен алмасу және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімдер жасасу жөніндегі бірлескен шаралар да ықпал етеді.
GovTech және жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отырған цифрлық сала перспективалы бағытардың бірі болып танылып отыр.
Экотуризмді, қонақ үй және сервистік бизнесті дамытуда, мәдени және табиғи көрікті жерлерді насихаттауда тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority арасында инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі шарттары (Heads of Terms) туралы келісімге қол қойылды.
Құжат бірлескен инвестициялық платформаны қалыптастыру, жаңа қазақ-оман кәсіпорындарын, инвестициялық қорларын және басымдық негізде бірлесіп инвестициялаудың өзге де тетіктерін іске қосу үшін институционалдық негіз қалайды.
Келісім өнеркәсіп, энергетика, денсаулық сақтау, логистика, тау-кен өндіру саласын және тағы да басқа қоса алғанда, экономиканың басым секторларында жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Инвестицияларды Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығының аумақтарындағы қолданыстағы активтерге де, жаңа жобаларға да бағыттау жоспарлануда.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз