выступление

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия қаламгерлерінің І форумында сөйлеген сөзі

Akorda.kz | Источник ↗
Надежность цитирования высокая опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 4 сентября 2019 Документ дает надежную опору для тезисов: речь или интервью представлены содержательно.
Паспорт доказательности qazvision:document:2545 · 45d69168b3a4
ПервоисточникAkorda.kz
Обновлено12.07.2026 21:24
ЯзыкиRU
Типы опорыпрямая речь: 16

Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: 45d69168b3a4d286cdac0a4ee45d89b96d59bd111347748d2514be672916c283

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Позиция

Произведения 30 казахстанских писателей и 31 поэта переведены на 6 языков ООН и распространятся в 90 странах, охватывая 2,5 миллиарда читателей.

Позиция

Без стремления к духовному совершенствованию нет процветания; такое развитие бессмысленно.

Позиция

Казахская литература — бесценное сокровище, неразрывно связанное с многовековой историей народа.

Полный текст

Құрметті қаламгерлер! Қадірлі қауым! Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілуде. Біздің халқымыз рухани мұраларын сақтап , ұлттық тарихын зерттеуге , мәдениетін жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән береді. Бұл берік ұстаным Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жаңа сипат алып отыр. Қазақ әдебиеті – халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына .

Тұтас түркінің ортақ мұралары « Күлтегін », « Тоныкөк », « Білге қаған » жырлары мен « Қорқыт ата кітабы » – әдебиетіміздің түп -тамыры . Әл-Фараби , Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы тұлғалардың еңбектері ислам дәуіріндегі түркі жұртын төрткүл дүниеге танытты. Алтын Орда заманындағы жыраулық поэзия дәстүрі өз жалғасын тауып келеді. Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты. Оның шығармалары – жалпы адамзатқа ортақ рухани жауһарлар .

Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды . Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүние жүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып , жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни 2,5 миллиард оқырманға тарайды. Бұл – қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды болмаған бірегей оқиға . Ұлы даламыз – сан алуан өркениеттер мен мәдениеттердің куәсі .

Еліміз алып құрлықтың батысы мен шығысын, күнгейі мен теріскейін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Біз – бір кездері Ұлы Түрік Қағанатынан мирас болған түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз. Бүгінгі түркі жұртының теңдессіз жетістіктері сол дәуірлерден қалған ұлы мұралармен тығыз байланысты. Азия – ұлы өркениеттердің дүниеге келуіне, өркен жаюына, кейін тарих қатпарына сіңіп, қалыптасуына куә болған көне құрлық . Араб, парсы, қытай, үнді өркениеттері – адамзат тарихының ажырамас бөлігі .

Шығыс мәдениеттері сан алуан сипаттарына қарамастан өзара астасып жатыр . Азия халықтары өркениеттер қақтығысына ұшырамай, етене үндестікте дамуының басты сыры да – осында. Соңғы жарты ғасырда Азия қайта түлеп, қарқынды дамып келеді. Шығыс мемлекеттері әлемдік алпауыттар қатарынан нық орын алды. Бүгін мен осы форумға өзек болатын бірқатар маңызды мәселелерге тоқталғым келеді. Бірінші . Жаһанданудың шығыстық дәстүрі нақты сипатқа ие болып, кеңейе түсуде. Мысалы, қазір Ұлы Жібек Жолының экономикалық мән-маңызы ғана көбірек айтылады.

Шын мәнінде, оның тұтас өркениеттерді тоғыстыратын күшке ие болғаны ескеріле бермейді. Бүгінде Азияның озық экономикасымен бірге әдебиеті , өнері , білім жүйесі де алдыңғы қатарға шықты. Азия халықтарының Сөз өнері бай, тамыры тереңде. Жер бетіндегі жазу-сызудың Шығыстағы Шумерде , Мысыр мен Қытайда пайда болуы – соның айқын дәлелі. Түркі, қытай, үнді, араб, парсы елдерінің көптеген көне жәдігерлері дәуір сынынан сүрінбей өтіп, бүгінге дейін жетті. Бұл мұралардың құндылығы неде?

Көне ескерткіштердің негізінде жатқан жалпы адамзаттық құндылықтар әдебиет арқылы әлемге таралды. Әр оқырманның көкейіндегі сауалдардың жауабы мен жаһандық мәселелердің шешімі де дәл осындай туындылардан табылады. Екінші . Азия әдебиетінің өрісі айтарлықтай кеңейіп келеді. Шығыстан шыққан қаламгерлер күллі дүниені мойындатып отыр. Бұл ретте, Азия әдебиетін әлемге әйгілеп, дәріптей түсу – форумның тағы бір маңызды міндеті деп санаймын. Шығыс даналығының дәстүр сабақтастығы Сіздердің туындыларыңыз арқылы жалғасын табады деп ойлаймын . Үшінші .

Жаһандану дәуірінде Азия сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып, өзіне тән бірегей ерекшеліктерін сақтап келеді . Батыс технологиясы Азия руханиятымен үндесіп, Шығыстық жаңғыру үлгісін дүниеге әкелді. Қалаларда Шығыс әлемінің болмыс-бітімін насихаттайтын креативті класс пайда болды. Рухани байланыстарды кеңейту – жаңа замандағы Азия халықтарының біртұтастығының кепілі . Біз бұл үрдісті қолдап, әлем халықтарының ынтымақ-бірлігін нығайтуға үлес қосуға тиіспіз. Төртінші .

Азия бір кездері айырылып қала жаздаған мәдени, тарихи қатынастарын қалпына келтіруде . ХХ ғасырда екі жүйенің текетіресі Азияны да екіге бөліп, тұтас мәдениеттер арасына сызат түсірді . Орталық Азия «темір құрсауға» алынды, халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды . Алайда, біз бәрімізге ортақ, бастауы бір құндылықтарымызды сақтап қалдық . Жасанды кедергілер жойылған соң біз біртұтас әлем екенімізді қайта сезіндік. Отбасылық және қоғамдық дәстүрлер, еңбекқорлық пен білімге ұмтылу – Азия халықтарына тән асыл қасиеттер .

Мәдениеттердің жарасымды дамуын бір сөзбен « Әралуандық үйлесімі » деп түсіну қажет. Ұлы Абайдың « Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп » айтқан өсиеті осыны меңзейді. Азия біріге алады . Қайта жаңғырған Ұлы Жібек Жолы – осының айқын дәлелі. Құрметті форумға қатысушылар! Еуразия жүрегіндегі Қазақ даласы батыс пен шығысты жалғайтын дәліз ғана емес. Ұлы Дала Елі – сан тараптағы ғылым мен білімнің, өркениеттердің тоғысқан тұсы . Бүгінгі форум қазіргі заман үрдістерінің адам әлеуетін дамытуға қызмет ететінін көрсетіп отыр .

Рухани кемелденуге ұмтылмай, өркендеу болмайды. О ндай дамудың ешқандай маңызы жоқ . Бұл ретте, Сіздердің еңбектеріңіз Азияның ұлы мәдениетін жаңғырту ісіне елеулі үлес қосып келеді. Азия әдебиетін одан әрі дамыту үшін біз мынадай маңызды мәселелерге назар аударуымыз қажет. Алдымен , Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс.

Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта « Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек . Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз.

Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп , Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін. Бүгінгі Форум жұмысына табыс тілеймін!

Тезисы из этого документа (16)

Қазақ әдебиеті – халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына.
Казахская литература — бесценное сокровище, неразрывно связанное с многовековой историей народа.
Контекст
Вступительная часть речи, где подчеркивается ценность казахской литературы как национального достояния.
Фрагмент первоисточника 365–445
ниетін жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән береді. Бұл берік ұстаным Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жаңа сипат алып отыр. Қазақ әдебиеті – халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына . Тұтас түркінің ортақ мұралары « Күлтегін », « Тоныкөк », « Білге қаған » жырлары мен « Қорқыт ата кітабы » – әдебиетімі
Перейти к полному тексту
Тұтас түркінің ортақ мұралары «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары мен «Қорқыт ата кітабы» – әдебиетіміздің түп-тамыры.
Общетюркские памятники, такие как «Культегин», «Тоныкок», «Бильге-каган» и «Книга Коркыта ата», являются корнями казахской литературы.
Контекст
Перечисление древних тюркских литературных памятников как основы казахской литературы.
Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни 2,5 миллиард оқырманға тарайды.
Произведения 30 казахстанских писателей и 31 поэта переведены на 6 языков ООН и распространятся в 90 странах, охватывая 2,5 миллиарда читателей.
Контекст
Достижения казахской литературы на международной арене, масштаб переводов.
Фрагмент первоисточника 1109–1309
даму көшіне қосылды . Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүние жүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып білуде. Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылып , жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни 2,5 миллиард оқырманға тарайды. Бұл – қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды болмаған бірегей оқиға . Ұлы даламыз – сан алуан өркениеттер мен мәдениеттер
Перейти к полному тексту
Біз – бір кездері Ұлы Түрік Қағанатынан мирас болған түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз.
Мы — народ, сохранивший тюркское происхождение, унаследованное от Великого Тюркского каганата.
Контекст
Подчеркивание тюркских корней казахского народа и преемственности.
Фрагмент первоисточника 1550–1645
ің куәсі . Еліміз алып құрлықтың батысы мен шығысын, күнгейі мен теріскейін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Біз – бір кездері Ұлы Түрік Қағанатынан мирас болған түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз. Бүгінгі түркі жұртының теңдессіз жетістіктері сол дәуірлерден қалған ұлы мұралармен тығыз байланысты. Азия – ұлы өркени
Перейти к полному тексту
Азия халықтары өркениеттер қақтығысына ұшырамай, етене үндестікте дамуының басты сыры да – осында.
Главный секрет развития азиатских народов без конфликта цивилизаций — в их гармоничном сосуществовании.
Контекст
Рассуждение о причинах отсутствия столкновения цивилизаций в Азии.
Фрагмент первоисточника 2022–2120
иеттері – адамзат тарихының ажырамас бөлігі . Шығыс мәдениеттері сан алуан сипаттарына қарамастан өзара астасып жатыр . Азия халықтары өркениеттер қақтығысына ұшырамай, етене үндестікте дамуының басты сыры да – осында. Соңғы жарты ғасырда Азия қайта түлеп, қарқынды дамып келеді. Шығыс мемлекеттері әлемдік алпауыттар қатарынан нық орын а
Перейти к полному тексту
Бүгінде Азияның озық экономикасымен бірге әдебиеті, өнері, білім жүйесі де алдыңғы қатарға шықты.
Сегодня Азия лидирует не только в экономике, но и в литературе, искусстве и образовании.
Контекст
Констатация прогресса Азии в различных сферах.
Фрагмент первоисточника 2572–2671
ән-маңызы ғана көбірек айтылады. Шын мәнінде, оның тұтас өркениеттерді тоғыстыратын күшке ие болғаны ескеріле бермейді. Бүгінде Азияның озық экономикасымен бірге әдебиеті , өнері , білім жүйесі де алдыңғы қатарға шықты. Азия халықтарының Сөз өнері бай, тамыры тереңде. Жер бетіндегі жазу-сызудың Шығыстағы Шумерде , Мысыр мен Қытайда пайда
Перейти к полному тексту
Шығыс даналығының дәстүр сабақтастығы Сіздердің туындыларыңыз арқылы жалғасын табады деп ойлаймын.
Преемственность традиций восточной мудрости продолжается через ваши произведения.
Контекст
Обращение к писателям, подчеркивание их роли в сохранении традиций.
Фрагмент первоисточника 3408–3507
ындатып отыр. Бұл ретте, Азия әдебиетін әлемге әйгілеп, дәріптей түсу – форумның тағы бір маңызды міндеті деп санаймын. Шығыс даналығының дәстүр сабақтастығы Сіздердің туындыларыңыз арқылы жалғасын табады деп ойлаймын . Үшінші . Жаһандану дәуірінде Азия сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып, өзіне тән бірегей ерекшеліктерін сақтап кел
Перейти к полному тексту
Батыс технологиясы Азия руханиятымен үндесіп, Шығыстық жаңғыру үлгісін дүниеге әкелді.
Западные технологии в сочетании с азиатской духовностью породили модель восточного возрождения.
Контекст
Обсуждение синтеза западных технологий и азиатской духовности как основы модернизации.
Фрагмент первоисточника 3633–3719
і . Жаһандану дәуірінде Азия сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып, өзіне тән бірегей ерекшеліктерін сақтап келеді . Батыс технологиясы Азия руханиятымен үндесіп, Шығыстық жаңғыру үлгісін дүниеге әкелді. Қалаларда Шығыс әлемінің болмыс-бітімін насихаттайтын креативті класс пайда болды. Рухани байланыстарды кеңейту – жаңа
Перейти к полному тексту
Рухани байланыстарды кеңейту – жаңа замандағы Азия халықтарының біртұтастығының кепілі.
Расширение духовных связей — залог единства азиатских народов в новую эпоху.
Контекст
Подчеркивание важности духовных связей для единства Азии.
Фрагмент первоисточника 3803–3891
стық жаңғыру үлгісін дүниеге әкелді. Қалаларда Шығыс әлемінің болмыс-бітімін насихаттайтын креативті класс пайда болды. Рухани байланыстарды кеңейту – жаңа замандағы Азия халықтарының біртұтастығының кепілі . Біз бұл үрдісті қолдап, әлем халықтарының ынтымақ-бірлігін нығайтуға үлес қосуға тиіспіз. Төртінші . Азия бір кездері а
Перейти к полному тексту
Орталық Азия «темір құрсауға» алынды, халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды.
Центральная Азия была зажата «железным занавесом», народы и государства были расколоты.
Контекст
Описание последствий холодной войны для Центральной Азии.
Фрагмент первоисточника 4180–4256
қалпына келтіруде . ХХ ғасырда екі жүйенің текетіресі Азияны да екіге бөліп, тұтас мәдениеттер арасына сызат түсірді . Орталық Азия «темір құрсауға» алынды, халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды . Алайда, біз бәрімізге ортақ, бастауы бір құндылықтарымызды сақтап қалдық . Жасанды кедергілер жойылған соң біз біртұтас
Перейти к полному тексту
Мәдениеттердің жарасымды дамуын бір сөзбен «Әралуандық үйлесімі» деп түсіну қажет.
Гармоничное развитие культур следует понимать как «гармонию разнообразия».
Контекст
Формулировка концепции гармоничного сосуществования культур.
Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтқан өсиеті осыны меңзейді.
Завет Абая «Люби все человечество, как брата» указывает на это.
Контекст
Ссылка на Абая в контексте единства и гармонии.
Рухани кемелденуге ұмтылмай, өркендеу болмайды. Ондай дамудың ешқандай маңызы жоқ.
Без стремления к духовному совершенствованию нет процветания; такое развитие бессмысленно.
Контекст
Подчеркивание приоритета духовного развития над материальным.
Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек.
Форум азиатских писателей должен стать важной диалоговой площадкой для творческого сообщества.
Контекст
Предложение о роли форума как диалоговой площадки.
Фрагмент первоисточника 5323–5405
лес қосып келеді. Азия әдебиетін одан әрі дамыту үшін біз мынадай маңызды мәселелерге назар аударуымыз қажет. Алдымен , Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осы
Перейти к полному тексту
Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн.
Для этого следует учредить международную литературную премию «Азия алыбы» (Азиатский гигант).
Контекст
Предложение о создании новой литературной премии.
Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті.
Пришло время создать единую электронную библиотеку произведений азиатских писателей.
Контекст
Инициатива по созданию электронной библиотеки азиатской литературы.
Фрагмент первоисточника 5879–5964
и сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек . Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние бо
Перейти к полному тексту

Медийный отклик

Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.

Открыть Echo
Проверяю связи с нарративами и медийным откликом...