статья

Ерлан Кошанов провел переговоры со Спикером Парламента Китая Ли Чжаньшу

Ерлан Қошанов Қытай Парламентінің Спикері Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗
Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Корпус Мажилиса Дата события 28 июня 2022 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Казахстан признает успехи Китая под руководством Си Цзиньпина, ставшего второй экономикой мира.

Позиция

Кошанов рассказал китайской стороне о политических реформах Токаева.

Нур-Султан, 28 июня, Дом Мажилиса . Спикер Мажилиса Ерлан Кошанов провел сегодня по видеоконференцсвязи переговоры с Председателем Постоянного Комитета Всекитайского Собрания Народных представителей КНР Ли Чжаньшу. Собеседники обменялись мнениями по вопросам развития двусторонних отношений, в том числе по линии законодательных органов двух стран. Ли Чжаньшу поздравил Ерлана Кошанова с избранием на пост Председателя Мажилиса Парламента Казахстана, пригласив посетить Китай с официальным визитом. - Сегодня между нашими странами выстроены стратегические и доверительные отношения, надежным фундаментом которых стал регулярный диалог на высшем и высоком уровнях. И всё это стало возможным, благодаря дружбе и доверительным отношениям лидеров наших стран, – подчеркнул Спикер Мажилиса. В свою очередь, китайский парламентарий заявил, что китайско-казахстанские отношения находятся на высоком уровне развития и служат достойным примером межгосударственных отношений. По словам Председателя Мажилиса Ерлана Кошанова, несмотря на глобальные вызовы и сложную международную обстановку, Казахстан всегда был и остается надежным партнером Китая. Спикер Мажилиса подчеркнул, что под руководством Председателя Китайской Народной Республики господина Си Цзиньпина, страна добилась больших результатов, став второй крупнейшей экономикой мира. Ерлан Кошанов проинформировал Ли Чжаньшу о масштабных политических реформах Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, направленных на модернизацию политической системы и развитие страны. Ли Чжаньшу подчеркнул, что под руководством Президента Токаева сохраняется политическая стабильность, наблюдается экономическое процветание и значительно повышаются уровень жизни населения Казахстана и авторитет на международной арене. Стороны обсудили вопросы межпарламентского сотрудничества по линии ряда международных организаций, а также готовность к дальнейшему взаимодействию стран в рамках совместной реализации инициативы «Один пояс – один путь». В данном ключе своевременными являются инициативы «Цифровой Шелковый путь» и «Зеленый Шелковый путь» для запуска крупных совместных проектов в области цифровизации, «зеленых технологий» и инноваций, уточнил Ерлан Кошанов. Стороны обсудили вопросы совместного использования трансграничных рек и пришли к единому мнению о необходимости усиления совместной работы по сохранению их экосистем и ускорению подписания соответствующего соглашения. Говоря об этом, господин Ли Чжаньшу выразил надежду, что «в дальнейшем на основе взаимопонимания наша общая трансграничная река Иртыш превратится в реку дружбы и сотрудничества». Кроме того, спикеры парламентов двух стран обсудили вопросы развития торгово-экономического сотрудничества между Казахстаном и Китаем. Пресс-служба Мажилиса – 74-63-05. Фото Ж. Жумабекова

Нұр-Сұлтан, 28 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты қатынастарды, соның ішінде заң шығарушы органдар арасындағы өзара байланысты тереңдету жөнінде пікір алысты. Ли Чжаньшу Ерлан Қошановты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтай келе, ыңғайлы уақытта Қытай еліне ресми сапармен келуге шақырды. – Осы жылдар ішінде біз стратегиялық және сенімді қарым-қатынас орнаттық. Жоғары деңгейдегі тұрақты диалог соның берік негізіне айналды. Осының барлығы елдеріміздің көшбасшыларының шынайы достығы мен сенімді қатынастарының нәтижесі екені сөзсіз, – деді Мәжіліс Спикері. Өз кезегінде Л.Чжаньшу екіжақты байланыс жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және мемлекетаралық қатынастардың жарқын үлгісіне айналғанын атап өтті. Ерлан Қошановтың айтуынша, геосаяси сын-қатерлерге және күрделі халықаралық жағдайға қарамастан Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі болып қала бермек. Мәжіліс Төрағасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның басшылығымен мемлекет зор табыстарға қол жеткізгенін және әлемдегі екінші ірі экономикаға айналғанын атап өтті. Ерлан Қошанов Ли Чжаньшуды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені жаңғыртуға және елді дамытуға бағытталған ауқымды реформалары туралы хабардар етті. Ли Чжаньшу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен саяси тұрақтылық сақталып, Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі мен халықаралық аренадағы беделі артып келе жатқанын айтты. Тараптар бірқатар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі парламентаралық ықпалдастық мәселелерін талқылап, елдеріміздің «Бір белдеу – бір жол» бастамасын бірлесе жүзеге асыру аясында ықпалдастыққа дайын екенін атап өтті. Бұл ретте Ерлан Қошанов цифрландыру, «жасыл технологиялар» және инновациялар салаларында ірі бірлескен жобаларды іске асыру үшін «Цифрлық Жібек жолы» және «Жасыл Жібек жолы» бастамалары уақыт талабына сай жасалған қадам екенін айтты. Тараптар трансшекаралық өзендерді бірлесе пайдалану мәселелерін талқылап, олардың экожүйелерін сақтау және сол бойынша тиісті келісімге қол қоюды жеделдетуге қатысты бірлескен жұмысты күшейту қажеттілігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Осы орайда Ли Чжаньшу мырза келешекте өзара түсіністік негізінде біздің ортақ трансшекаралық Ертіс өзені достық пен ынтымақтастық көпіріне айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Парламент спикерлері Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. (Мәжілістің Баспасөз қызметі) 1