Спикер Парламента Сингапура посетил Мажилис
Сингапур Парламентінің спикері Мәжіліске келді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Парламентарии должны обеспечить реализацию договоренностей, достигнутых на высшем уровне.
Казахстан рассматривает Сингапур как ключевого партнера в регионе Юго-Восточной Азии.
Астана, 29 апреля. Дом Мажилиса. В Астану с официальным визитом прибыл Спикер Парламента Республики Сингапур Сеа Киань Пэн. В Мажилисе с ним встретился Председатель Палаты Ерлан Кошанов. Открывая встречу, Ерлан Кошанов отметил, что Сингапур является важным и надежным партнером Казахстана в Юго-Восточной Азии. Он также выразил уверенность, что визит Сеа Киань Пэна придаст мощный импульс всестороннему укреплению и расширению казахстанско-сингапурских отношений и будет способствовать дальнейшему развитию межпарламентских связей. – В этом году исполнился 31 год со дня установления дипломатических отношений между нашими странами. Все эти годы наше двустороннее сотрудничество, основанное на взаимном доверии и уважении, динамично развивается. Во многом этому способствовала личная встреча Президента Касым-Жомарта Токаева и экс-главы Сингапура Халимы Якоб во время её официального визита в Казахстан в прошлом году. Наша задача как парламентариев – создать условия для исполнения всех достигнутых нашими лидерами договоренностей, – сказал Спикер Мажилиса. Ерлан Кошанов рассказал об изменениях, которые происходят сегодня в Казахстане по инициативе Главы государства. При этом он отметил сходство внутриполитической направленности Казахстана и Сингапура. В частности, незыблемость принципа «разные мнения, но единая нация», который ставит во главу угла Президент Касым-Жомарт Токаев. Спикер сингапурского парламента отметил перспективные направления для развития сотрудничества в сфере экономики, образования и здравоохранения. Сеа Киань Пэн заявил о готовности сингапурской стороны делиться с Казахстаном ценным опытом, накопленным за годы развития Сингапура. Гость высоко оценил политические и экономические реформы Касым-Жомарта Токаева. – Эта стратегия направлена на построение Справедливого Казахстана, прогрессивного государства и расширение возможностей для населения. В основе развитой нации лежит способность адаптироваться к различным изменениям, инновациям, принятию реформ. Но еще более важный аспект – ответственность и созидательная направленность самого народа. Эти ценности лежат в основе формирования социальной справедливости, – поделился своим мнением Сеа Киань Пэн. В завершение встречи стороны договорились о дальнейшем укреплении межпарламентского взаимодействия, в том числе по линии групп дружбы. Пресс-служба Мажилиса, 74-66-20, фото Ж.Жумабекова.
Астана, 29 сәуір. Мәжіліс үйі. Астанаға Сингапур Республикасы Парламентінің спикері Сеа Киань Пэн ресми сапармен келді. Мәжілісте мейманды Палата төрағасы Ерлан Қошанов қабылдады. Кездесуде Мәжіліс төрағасы Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Сеа Киань Пэн мырзаның бұл сапары Қазақстан-Сингапур қатынастарын жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге зор серпін беріп, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. – Биыл Қазақстан мен Сингапур арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 31 жыл толды. Осы уақыт ішінде сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапурдың бұрынғы басшысы Халима Якобтың былтырғы Қазақстанға жасаған ресми сапары кезіндегі кездесуі септігін тигізді. Парламентарийлер ретінде біздің міндетіміз – көшбасшыларымыз қол жеткізген барлық келісімдерді жүзеге асыру үшін жағдай жасау, – деді Мәжіліс спикері. Ерлан Қошанов әріптесіне Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен болып жатқан өзгерстер туралы айтып берді. Осы орайда Сингапур мен Қазақстанның ішкі саяси бағытының ұқсастығына назар аударды. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басшылыққа алатан «әртүрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт» қағидатының мызғымастығына мән берді. Сингапур Парламентінің спикері екі ел ынтымақтастығын дамытудағы болашағы зор салалардың қатарында экономика, білім беру мен денсаулық сақтауды атап өтті. Сеа Киань Пэн Сингапурдың даму жылдарында жиған құнды тәжірибелерімен Қазақстанмен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Мәртебелі мейман Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформаларын жоғары бағалады. – Бұл стратегия Әділетті Қазақстан, прогрессивті мемлекет құруға және халықтың мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Түрлі өзгерістерге, инновацияларға бейімделу, реформалар қабылдау – дамыған ұлттың өзегі. Бірақ одан да маңыздысы – халықтың жауапкершілігі мен жасампаздығы. Осы құндылықтар әлеуметтік әділдікті қалыптастырудың негізінде жатыр, – деді Сеа Киань Пэн. Кездесу соңында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты, соның ішінде достық топтары арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға келісті. Мәжілістің Баспасөз қызметі