статья

Маулен Ашимбаев принял участие в церемонии открытия памятника Сагадату Нурмагамбетову

Мәулен Әшімбаев Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Сенат Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗
Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 25 мая 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Оценка

Президент Токаев отметил, что жизнь и достижения Сагадата Нурмагамбетова являются примером для поколений, а его имя навсегда вписано в историю Казахстана.

Торжественное мероприятие, посвященное вековому юбилею Героя Советского Союза, Халық қаһарманы, первого министра обороны независимого Казахстана генерала армии Сагадата Нурмагамбетова прошло сегодня в городе Акколь. По поручению Президента страны Касым-Жомарта Токаева в нем принял участие Председатель Сената Маулен Ашимбаев. Также в церемонии открытия памятника Сагадату Нурмагамбетову приняли участие министр обороны Руслан Жаксылыков, аким Акмолинской области Марат Ахметжанов и дочь героя Айсулу Нурмагамбетова, ветераны Вооруженных сил, Халық қаһарманы генерал армии в отставке Мухтар Алтынбаев, Халық қаһарманы генерал-лейтенант в отставке Бахытжан Ертаев, Герой Советского Союза генерал-майор авиации в отставке Тохтар Аубакиров, воспитанники столичного Военного колледжа, военнослужащие Акмолинского гарнизона, родные Сагадата Нурмагамбетова и жители города. В сопровождении военнослужащих роты почетного караула под торжественные звуки оркестра Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил участники мероприятия установили корзины с цветами у памятника прославленного воина. Маулен Ашимбаев зачитал письмо от имени Президента страны Касым-Жомарта Токаева и подчеркнул, что жизнь и достижения Сагадата Нурмагамбетова служат примером для подражания поколениям, а его имя увековечено в истории Казахстана. «Весь жизненный путь первого генерала армии Казахстана Сагадата Нурмагамбетова был связан с воинской службой. Будучи первым министром обороны, он внес значительный вклад в формирование и укрепление Вооруженных сил страны. Благодаря своим жизненным принципам, знаниям и целеустремленности, скромности и справедливости он стал олицетворением истинного генерала. Этот памятник – дань глубокого уважения и признательности народному герою, всем, кто посвятил свою жизнь служению Отечеству. У Сагадата Нурмагамбетова есть знаменитая фраза: «Бдительно стойте на страже мира!». Эти слова обращены не только к солдатам, но и к каждому гражданину. Следовать этому завету – наш сыновий долг» , – говорится в обращении Главы государства. Отмечая боевые заслуги боевого генерала, Спикер Сената акцентировал внимание на духовном наследии выдающегося государственного, военного и общественного деятеля Казахстана. Изучение жизни и увековечение памяти таких личностей, по мнению Маулена Ашимбаева, способствует укреплению общенациональной идентичности. Слова признательности инициаторам создания скульптуры и ее автору Айдосу Буркитбаеву выразила дочь героя Айсулу Нурмагамбетова, которая поделилась воспоминаниями об отце, вся жизнь которого была посвящена служению Отечеству. Отдавая дань уважения прославленному военачальнику, под звуки военного оркестра парадные расчеты прошли по площади, держа равнение на Героя, запечатленного в бронзе. Напомним, Сагадат Нурмагамбетов родился 25 мая 1924 в селе Трудовое, Акмолинской области. Прошел боевой путь от курсанта военного училища до генерала армии, от командира пулеметного взвода до министра обороны суверенного Казахстана. Самоотверженный ратный труд Сагадата Кожахметовича отмечен 16 орденами и 30 медалями СССР, Республики Казахстан и других стран. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)

Бүгін Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.

Сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішінің ашылу рәсіміне Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық Қаһарманы, отставкадағы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Халық Қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, елордадағы әскери колледждің курсанттары, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Сағадат Нұрмағамбетовтің жақындары және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар әскерилер ротасының құрмет қарауылының және Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталық оркестрінің сүйемелдеуімен даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.

Салтанатты рәсімде Мәулен Әшімбаев жұртшылыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ ол Сағадат Нұрмағамбетовтің өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі екенін және батырдың есімі ел тарихына мәңгіге жазылғанын атап өтті.

«Қазақстанның алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов бүкіл саналы ғұмырын әскери қызмет саласына арнады. Мемлекетіміздің тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде айбынды армиямызды құруға және оны нығайтуға зор үлес қосты. Ол өзінің болмыс-бітімімен, өмірлік ұстанымымен және ақыл-парасатымен қазақ генералының нағыз үлгісіне айналды. Батырдың ескерткіші – халықтың қаһарман ұлына ыстық ықыласының, Отанға қорғауға өмірін арнаған барша азаматқа шынайы құрметінің белгісі. Сағадат Нұрмағамбетовтің «Бейбіт күнді қырағы күзетіңдер!» деген сөзі бар. Бұл – тек сарбаздарға емес, әр отандасымызға жүктелген аманат. Оны орындау – бәріміздің перзенттік парызымыз», – делінген ел Президентінің құттықтау хатында.

Өз сөзінде Сенат Спикері генаралдың ерлігі мен елге сіңірген еселі еңбегі әрдайым халықтың жадында сақталатынын айтты. Сондай-ақ ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен соңында қалған рухани мұрасын дәріптеу маңызды іс екенін, мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайта түсетінін тілге тиек етті.

Батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова әкесі бүкіл ғұмырын Отанға қызмет етуге арнағанын айтып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен бірге ол игілікті іске ұйытқы болған азаматтарға және ескерткіштің авторы Айдос Бүркітбаевқа алғысын білдірді.

Жас сарбаздар даңқты қолбасшыға құрмет көрсетіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен ескерткіш алдынан сап түзеп өтті.

Айта кетейік, Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылғы 25 мамырда Ақмола облысының Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол – әскери колледждің курсантынан армия генералына дейін, пулеметшілер взводының командирінен тәуелсіз Қазақстанның Қорғаныс министріне дейінгі жолды жүріп өткен бірегей тұлға. Сағадат Қожахметұлының ерен ерлігі мен қайсарлығы КСРО-ның, Қазақстан Республикасының және тағы басқа мемлекеттердің 16 орденімен және 30 медальмен марапатталды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)