Спикер Мажилиса принял участие в очередном заседании ТюркПА
Мәжіліс төрағасы ТүркПА-ның кезекті отырысына қатысты
Рабочий вывод
Что важно в документе
В этой связи Председатель Мажилиса пожелал Азербайджану успешного проведения Саммита 29-й Конференции сторон Рамочной конвенции ООН об изменении климата (СОР29), которая пройдет в Баку в ноябре этого года.
Баку, 6 июня. В столице Азербайджана состоялось ХІІІ Пленарное заседание Парламентской Ассамблеи Тюркских Государств (ТюркПА) и заседание Совета Ассамблеи. В мероприятиях приняла участие делегация Парламента Казахстана во главе с Председателем Мажилиса Ерланом Кошановым. Нынешняя встреча глав парламентов тюркских государств была посвящена теме «Зелёные горизонты для Тюркского мира: роль парламентов в реализации зеленой повестки дня». Визит начался со встречи Президента Республики Азербайджан Ильхама Алиева с главами парламентских делегаций. Лидер Азербайджана отметил роль законодателей в успешной интеграции тюркских государств. Спикер Мажилиса передал теплые слова приветствия и добрые пожелания Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. – Сегодня взаимодействие Казахстана и Азербайджана носит образцовый характер. Залогом нашего успешного сотрудничества является тесный доверительный диалог между Касым-Жомартом Кемелевичем и вами. Парламенты Казахстана и Азербайджана работают в таком же духе доверия и сотрудничества, – заявил Ерлан Кошанов. На заседании Совета ТюркПА Милли Меджлис Азербайджанской Республики принял председательство в Организации. Выступая на пленарной сессии, Спикер Мажилиса отметил, что ТюркПА была создана по инициативе Казахстана как парламентская площадка для укрепления тюркского единства. И уже более 15 лет Организация успешно реализует эту миссию. Подчеркивая актуальность темы заседания, Ерлан Кошанов сказал, что переход к зеленой энергетике и углеродная нейтральность являются общими целями климатической повестки дня для всех стран-участниц Организации. – Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание этим вопросам. Наша страна ведет работу, направленную на достижение обязательств международных договоров по климату. Так, в прошлом году была утверждена и активно реализуется Стратегия достижения углеродной нейтральности до 2060 года. Разрабатываются новые Водный и Налоговый кодексы, учитывающие «зеленую повестку». Парламент полностью вовлечен в эту работу, – сказал Ерлан Кошанов. Он также проинформировал о б исполнении Национально го проекта «Жасыл Қазақстан», в рамках которо го стартовали масштабные проекты по защите экосистем, и выразил поддержку инициативам Азербайджана в борьбе с изменением климата. В этой связи Председатель Мажилиса пожелал Азербайджану успешного проведения Саммита 29-й Конференции сторон Рамочной конвенции ООН об изменении климата (СОР29), которая пройдет в Баку в ноябре этого года. Спикер Мажилиса также обратил внимание участников на необходимость формирования общего видения к стандартам товаров и услуг зеленой экономики. На заседании участники также обсудили ряд модельных законов для стран ТюркПА. Среди них проекты законов о защите персональных данных, подготовке кадров в соответствии с требованиями рынка труда, торговых представительствах, об основах безопасности и качестве продукции, а также об ограничении употребления табачных изделий. Помимо основной сессии, на площадке XIII Ассамблеи прошли заседания группы женщин-парламентариев, молодежной группы, а также встреча руководителей аппаратов парламентов стран ТюркПА. По итогам ХІІІ Пленарного заседания ТюркПА участники приняли Бакинскую декларацию. Также в день заседания спикеры парламентов почтили память Лидера азербайджанской нации Гейдара Алиева и возложили цветы к Вечному огню. Пресс-служба Мажилиса 74-66-20. Фото Т.Таныбаева.
Баку, 6 маусым. Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты. Түркі мемлекеттері парламенттері басшыларының бүгінгі кездесуі «Түркі Әлемі алдындағы жасыл көкжиектер: жасыл күн тәртібіне қол жеткізудегі парламенттердің рөлі» тақырыбына арналды. Сапар Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің парламенттер делегацияларының басшыларымен кездесуінен басталды. Әзербайжан басшысы түркі мемлекеттерінің табысты интеграциясындағы заң шығарушы органдардың рөлін атап өтті. Мәжіліс спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен жылы лебізін жеткізді. - Бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан байланысы үлгі боларлық деңгейде. Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Сіздің араларыңыздағы тығыз сенімді диалог – біздің табысты ынтымақтастығымыздың кепілі. Қазақстан мен Әзербайжан парламенттері де осындай сенім мен ынтымақтастық рухында жұмыс істеп жатыр деп сеніммен айта аламын, – деді Ерлан Қошанов. ТүркПА Кеңесінің отырысында Ұйымға төрағалық етуді Әзербайжан Республикасының Милли Мәжілісі қабылдады. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Ерлан Қошанов ТүркПА Қазақстанның бастамасымен түркі бірлігін нығайту үшін парламенттік алаң ретінде құрылғанын атап өтті. 15 жылдан бері ұйым бұл миссияны сәтті орындап келеді. Жиын тақырыбының өзектілігіне тоқталған Мәжіліс спикері жасыл энергетикаға көшу және көміртегі бейтараптығы Ұйымға қатысушы елдер үшін климаттық күн тәртібіндегі ортақ мақсат екенін атап өтті. - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан климат бойынша халықаралық шарттар міндеттемелеріне қол жеткізуге бағытталған жұмысты жүргізуде. Мәселен, былтыр 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Су және Салық кодекстері әзірленуде. Онда «Жасыл күн тәртібі» ескерілуде. Парламент бұл жұмысқа толығымен атсалысуда, – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс төрағасы «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Оның аясында экожүйені қорғау бойынша ауқымды жобалар қолға алынғанын айтып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Әзербайжанның бастамаларына қолдау білдірді. Осыған байланысты Ерлан Қошанов Әзербайжанға биыл қараша айында Бакуде өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-конференциясының табысты өтуін тіледі. Сонымен бірге Мәжіліс спикері жасыл экономика тауарлары мен қызметтерінің стандарттарына ортақ көзқарас қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Кездесуде тараптар ТүркПА елдеріне арналған бірқатар модельдік заң қабылдау мәселесін де талқылады. Олардың қатарында жеке деректерді қорғау, еңбек нарығының талаптарына сай кадр даярлау, сауда өкілдіктері, айналымға шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы және темекі өнімдерін пайдалануды шектеу туралы заң жобалары бар. Ассамблеяның XIII отырысы алаңында негізгі сессиядан бөлек депутаттардың қатысуымен парламентші әйелдердің, жастар тобының, сондай-ақ ТүркПА аясындағы Парламент аппараттары басшыларының кездесулері өтті. ТүркПА-ның XIII пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар Баку декларациясын қабылдады. Сондай-ақ отырыс күні парламенттер спикерлері Әзербайжан ұлтының көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген – Т.Таныбаев