Подведены итоги работы Общественной палаты
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды
Астана, 24 июня, Дом Мажилиса. Завершилась работа Общественной палаты при Мажилисе во второй сессии восьмого созыва. На итоговом заседании Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов поблагодарил членов Палаты за плодотворную работу и отметил её главные достижения. Во второй сессии Общественная палата провела десять заседаний, три из которых были выездными, сообщил Председатель палаты Айдос Сарым. Темами для обсуждения стали законодательные поправки по ужесточению наказания за любые формы насилия в отношении несовершеннолетних, по вопросам противодействия незаконному обороту наркотических средств, проекты законов о защите прав потребителей, по вопросам противодействия коррупции, игорного бизнеса, государственной статистики, проект Бюджетного кодекса. В Алматы прошли выездные заседания по законопроектам о масс-медиа и о науке, проект нового закона о государственных закупках обсуждали на площадке Центра электронных финансов Минфина. Подводя итоги работы Общественной палаты, Ерлан Кошанов отметил, что план ее работы был синхронизирован с законотворческой работой Мажилиса и это задало особую практическую направленность всех обсуждений. Спикер Мажилиса также поделился своим видением того, как должна развиваться площадка. – Общественная палата играет важную роль в реализации поручения Главы государства о том, что все дискуссии должны перейти с улиц в Парламент. Это прежде всего, площадка, где есть возможность довести позицию общества, общественных институтов до власти. Но для нас было бы интересно получать через вас и обратную связь от общества по принимаемым законам, понимать, как работают конкретные нормы на деле, – сказал Ерлан Кошанов. Для этого Спикер Мажилиса призвал членов Общественной палаты принимать активное участие в выездах депутатов в регионы и предложил проводить там кустовые заседания с пулом местных экспертов. Он также отметил, что в новой сессии Парламенту предстоит серьезная работа над Водным, Строительным, Налоговым и Бюджетным кодексами. В этих процессах, по словам Ерлана Кошанова, эксперты могут выступать «независимыми консультантами» как власти, так и населения, а сама Общественная палата должна стать заметным институтом гражданского общества. На заседании выступили также председатели профильных комитетов Мажилиса. Они дали членам Общественной палаты обратную связь по их рекомендациям, данным в процессе подготовки законопроектов. Председатель комитета по социальн о-культурному развитию Асхат Аймагамбетов рассказал о работе над законом о защите прав женщин и детей, отметив участие экспертов Общественной палаты. – С учетом предложений члена Общественной палаты Хасенова Муслима Канатовича Комитетом разработана правовая норма, направленная на предупреждение суицида, которая впервые вводит уголовную ответственность за пропаганду самоубийства (штраф в размере 200 МРП) и усиливает ответственность за суицид или суицид в виде лишения свободы на срок от пяти до девяти лет. Кроме того, введена административная ответственность за преследование несовершеннолетнего и киберзапугивание (штраф в размере 10 МРП). Членами Общественной палаты было предложено ускорить открытие Центров поддержки семьи в регионах, – рассказал Асхат Аймагамбетов. Члены Общественной палаты также приняли активное участие в работе комитета над законами о масс-медиа, о лотереях и игорном бизнесе, по вопросам науки и технологической политики. О роли экспертов в разработке поправок по противодействию незаконному обороту наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров рассказала председатель Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Снежанна Имашева. Глава Комитета по экономической реформе и региональному развитию Нуртай Сабильянов поблагодарил членов Общественной палаты за сотрудничество в работе над поправками по вопросам государственной статистики и управления данными, новым законом о государственных закупках и текущую работу над законопроектом о защите прав потребителей. В завершении Спикер Мажилиса отметил самых активных экспертов из состава Общественной палаты благодарственными письмами и пожелал всем плодотворной работы в новой сессии. Пресс-служба Мажилиса 74-66-20. Фото Ж. Жумабекова.
Астана, 24 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның сегізінші шақырылымдағы екінші сессиясының жұмысы аяқталды. Қорытынды жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Палата мүшелеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, оның негізгі жетістіктерін атап өтті. Палата төрағасы Айдос Сарым екінші сессияда Қоғамдық палата он отырыс өткізгенін, оның үшеуі көшпелі болғанын айтты. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатайтатын заңнамалық түзетулер, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, сыбайлас жемқорлыққа, ойын бизнесіне, мемлекеттік статистикаға қарсы күрес мәселелері бойынша заң жобалары, Бюджет кодексінің жобасы және өзге де тақырыптар талқыланды. Алматы қаласында масс-медиа және ғылым туралы заң жобалары бойынша көшпелі отырыстар өтіп, Қаржы министрлігінің Электрондық қаржыландыру орталығында мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы талқыланды. Қоғамдық палатаның қызметін қорытындылаған Ерлан Қошанов оның жұмыс жоспары Мәжілістің заң жобалау ісімен үндес екенін және бұл барлық талқылауға ерекше практикалық назар аударғанын атап өтті. Мәжіліс спикері алаңды дамытуға қатысты да өз ойымен бөлісті. – Мемлекет басшысының барлық талқылау көшеде емес Парламентте болуы керек деген тапсырмасын жүзеге асыруда Қоғамдық палата маңызды рөл атқарады. Бұл, ең алдымен, қоғам мен қоғамдық институттардың ұстанымын билікке жеткізуге мүмкіндік беретін алаң. Бірақ біз үшін сіздер арқылы қабылданып жатқан заңдарға қатысты қоғамнан кері байланыс алу, нақты нормалардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіну маңызды, – деді Ерлан Қошанов. Осы мақсатта Мәжіліс төрағасы Қоғамдық палата мүшелерін депутаттардың өңірлерге іссапарларына белсене атсалысуға шақырып, онда жергілікті сарапшылардың қатысуымен жиындар өткізуді ұсынды. Сондай-ақ ол Парламенттің жаңа сессиясында Су, Құрылыс, Салық және Бюджет кодекстері бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. Бұл үдерістерде, Ерлан Қошановтың айтуынша, сарапшылар билік үшін де, тұрғындар үшін де «тәуелсіз кеңесші» бола алады. Ал Қоғамдық палатаның өзі азаматтық қоғамның көзге көрінетін институтына айналуға тиіс. Отырыста Мәжіліс комитеттерінің төрағалары да сөз сөйледі. Олар Қоғамдық палата мүшелеріне жобаны әзірлеу барысында берген ұсыныстары бойынша пікірлерін айтты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Қоғамдық палата сарапшыларының қатысуымен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Қоғамдық палата мүшесі Мүслім Хасеновтың ұсыныстарын ескере отырып, Комитет суицидтің алдын алуға бағытталған құқықтық норма әзірледі. Онда алғаш рет суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі (200 АЕК мөлшерінде айыппұл) және суицидке әкелгені немесе өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін жауапкершілік күшейтіледі (5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде). Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланы қудалау (буллинг) және кибербуллинг үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді (10 АЕК айыппұл). Қоғамдық Палата мүшелеріне өңірлерде отбасын қолдау орталықтарын ашуды жеделдету ұсынылды, – деді Асхат Аймағамбетов. Қоғамдық палата мүшелері масс-медиа туралы, лотерея және ойын бизнесі туралы заңдар, ғылым және технологиялық саясат мәселелері жөніндегі комитет жұмысына да белсене қатысты. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша түзетулерді әзірлеудегі сарапшылардың рөлі туралы айтты. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің басшысы Нұртай Сабильянов Қоғамдық палата мүшелеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша түзетулер енгізу, мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді. Соңында Мәжіліс төрағасы Қоғамдық палатаның белсенді сарапшыларын алғыс хаттармен марапаттап, жаңа сессиядағы жұмысына жемісті еңбек тіледі. Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-04. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков.