В Мажилисе состоялась церемония награждения премией «Парламент сөзі»
Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті
Рабочий вывод
Что важно в документе
Закон о масс-медиа разработан совместно с журналистами и учитывает их пожелания.
Астана, 25 июня, Дом Мажилиса. В Мажилисе подвели итоги премии для журналистов «Парламент сөзі». В этом году определены 17 победителей в семи номинациях. Награды им вручил Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов. Открывая церемонию, Ерлан Кошанов поздравил лауреатов премии «Парламент сөзі» и всех представителей средств массовой информации с наступающим профессиональным праздником. – В последние годы многое делается для обеспечения свободы слова, свободы деятельности журналистов. Это важная составляющая политики, проводимой Главой государства Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым. Один из примеров этому – площадка Мажилиса. СМИ на сегодня – это самый главный, объективный и оперативный канал доведения информации до людей. А журналисты – настоящие союзники депутатов в работе по развитию страны, – сказал Спикер Палаты. Ерлан Кошанов подчеркнул, что новый закон «О масс-медиа», разработанный по поручению Президента, писался депутатами вместе с журналистами и учел многие их пожелания. Новый закон защищает интересы СМИ и расширяет возможности для совершенствования отечественной медиа-сферы. В работе над ним приняли самое активное участие депутаты из числа журналистов, которые всегда на связи со своими коллегами и многое делают для открытости Мажилиса. На торжественном собрании награду «За лучшую печатную публикацию» получили главный редактор газеты «Түркістан» Бауыржан Бабажанулы и корреспондент газеты «Юридическая газета» Линара Сактаганова. В номинации «За лучший телевизионный сюжет» награждены корреспондент телеканала «Хабар» Алина Бржанова, журналист телерадиокомпании «Almaty» Омир Ануарбек, корреспондент телеканала «Первый канал «Евразия» Жанель Кайнетден. Номинации «За лучший видео-фотоматериал» удостоились фотокорреспондент международного информационного агентства «Казинформ» Виктор Федюнин и телеоператор телеканала «МИР» Марат Кураков. В номинации «За лучший интернет- и радиоматериал» награды получили корреспондент информационного агентства «BAQ.KZ» Гульжан Раманкулова, руководитель телерадиокомпании «NS Радио-Национальная Сеть» Ербол Бегимбетов, журналист сетевого издания «BES.media» Дамир Байманов. Лучшими в номинации «Специальный репортаж» признаны ведущая программы «Мәжіліс live» телеканала «24.kz» Анна Шолгина, ведущий-редактор You T ube-канала «Abai.live» Абай Тленшиев, корреспондент сайта «Zakon.kz» Андрей Губенко. В номинации «За вклад в развитие парламентской журналистики» победили руководитель программы «Apta» Национального канала «Qazaqstan» Жайна Жаксылыкова и главный редактор газеты «Время» Лев Тараков. Также специальная номинация премии «Парламент сөзі» присуждена коллективам сетевого издания «Tengrinews.kz» и телеканала «Jibek joly». Пресс-служба Мажилиса – 24-38-22. Фото Ж.Жумабекова, Т.Таныбаева.
Астана, 25 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Биыл жеті номинация бойынша 17 адам үздік деп танылды. Жеңімпаздарға сыйлықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тапсырды. Алдымен Палата спикері «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. – Соңғы жылдары журналистердің қызметін, сөз бостандығын қамтамасыз ету жолында көп шаруа атқарылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының негізгі өзегі де сол. Соның бірден-бір көрінісі – осы Мәжіліс алаңы. Бүгінгі таңда БАҚ – бұл ақпаратты халыққа жеткізудің ең маңызды, объективті және жедел арнасы. Ал журналистер қауымын депутаттардың елді дамыту жолындағы нағыз одақтастары деуге болады, – деді Палата спикері. Ерлан Қошанов Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген «Масс-медиа туралы» жаңа заңды депутаттар журналистермен бірге жазғанын және олардың көптеген ұсыныс-пікірін ескергенін атап өтті. Жаңа заң бұқаралық ақпарат құралдарының мүдделерін қорғайды және отандық медиа саласын жетілдіруге мол мүмкіндік береді. Оның жұмысына журналистер арасынан шыққан ең белсенді депутаттар қатысты. Олар әрқашан өз әріптестерімен байланыста және Мәжілістің ашықтығы үшін көп жұмыс істейді. Cалтанатты жиында «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясымен «Түркістан» газетінің бас редакторы Бабажанұлы Бауыржан, «Юридическая газета» басылымының тілшісі Сактаганова Линара Борыевна марапаталды. « Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының тілшісі Бржанова Алина Рашитовна, «Almaty» телерадиокомпаниясының журналисі Ануарбек Өмір Серікбекұлы, «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының тілшісі Қайнетден Жанел Кенжебекқызы үздік деп танылды. «Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясы «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі Федюнин Виктор Владимировичке, «МИР» телеарнасының телеоператоры Кураков Марат Кубайдулловичке табысталды. «Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясын «BAQ.KZ» ақпарат агенттігінің тілшісі Раманқұлова Гүлжан Әбдікәрімқызы, «NS» радиосынан Бегимбетов Ербол Мейрханұлы, «BES.media» желілік басылымының журналисі Байманов Дамир Асқарұлы алды. «Арнайы репортаж» номинациясы бойынша «24.kz» телеарнасы «Мәжіліс live» бағдарламасының жүргізушісі Шолгина Анна Александровна, «Abai.live» Youtube арнасының жүргізуші-редакторы Тленшиев Абай Сейфуллаұлы, «Zakon.kz» сайтының тілшісі Губенко Андрей Олегович марапатталды. «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Qazaqstan» Ұлттық арнасы «Apta» бағдарламасының жетекшісі Жаксылықова Жайна Сламбекқызы мен «Время» газетінің бас рекдакторы Тараков Лев Юрьевич жеңіске жетті. Сондай-ақ «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациясы «Tengrinews.kz» желілік басылымы мен «Jibek joly» телеарнасының ұжымына табысталды. Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01.