статья

Ерлан Кошанов встретился с жителями Карагандинской области

Ерлан Қошанов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗
Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Корпус Мажилиса Дата события 26 июля 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Позиция

Спикер Мажилиса одобрил региональный опыт и рекомендовал его распространение.

Карагандинская область, 26 июля. Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов во главе группы депутатов посетил Карагандинскую область. Он ознакомился с работой социальных объектов и предприятий, а также встретился с жителями региона. Во встречах также приняли участие министр по чрезвычайным ситуациям Чингис Аринов и аким области Ермаганбет Булекпаев. Председатель Мажилиса ознакомился с работой нового диспетчерско-аналитического центра в угольном департаменте АО «Qarmet». Центр презентовали учредитель Андрей Лаврентьев и Генеральный директор Вадим Басин. Новый объект отвечает за единовременный контроль ситуации по промышленной безопасности на всех угледобывающих предприятиях, в том числе по замеру уровня кислорода и концентрации метана. Специалисты круглосуточно отслеживают состояние шахт в реальном времени и могут выйти на связь с любым работником для выяснения текущей ситуации. «Большим событием не только для Караганды, но и для всей страны стал возврат «Qarmet» в собственность казахстанской компании. Это было волевое, политическое решение Главы государства. Ключевые условия – это обязательства нового инвестора провести комплексную модернизацию производства. В течение 5 лет комбинат должен вернуть себе статус лидера металлургии. При этом должна быть усилена безопасность труда, промышленная безопасность. Самое главное – это сохранение жизни и здоровья наших работников. Должны быть исключены аварии и несчастные случаи», – сказал Ерлан Кошанов. Также Председатель «AMANAT» обсудил с членами профсоюзов имеющиеся вопросы по улучшению социальной поддержки рабочих и шахтеров со стороны государства. Так, совместными усилиями депутатов Парламента, партии «AMANAT» и Правительства был восстановлен Институт профессиональных заболеваний и гигиены труда, приняты новые законы, которые обеспечивают полную страховую выплату работнику при несчастных случаях, несмотря на наличие вины работника, а также расширяют полномочия инспекторов труда сразу останавливать производство в случае нарушения техники безопасности. В ходе беседы особое внимание было уделено работе нового закона, дающего возможность получения специальной социальной выплаты с 55 лет работникам вредных производств. Председатель профсоюзной организации угольщиков «Қорғау» Евгений Буслаев отметил, что уже более 800 работников АО «Qarmet» воспользовались новой возможностью. А всего по стране выплаты получают более 8 тысяч человек. Он особо подчеркнул, что данный закон – это конкретный показатель заботы государства о Человеке труда, поблагодарил за его оперативное принятие Президента и партию «AMANAT». Также Спикер Палаты посетил села Садовое и Чкалово Бухар-Жырауского района, где ознакомился с работами по восстановлению защитных валов после паводков и дамбы. Еще в 2017 году вокруг данных сел были возведены плотины из скальника, что позволило уберечь данные населенные пункты от наводнений в этом году. Однако, если с большой водой проблема решена, то по словам местного аксакала Сайлаухана Шошина, жителям негде пасти скот. Председатель «AMANAT» рассказал о работе партийной комиссии «Жер аманаты», благодаря которой за два года возвращено государству более 10,8 миллионов гектар незаконно приобретенных пастбищ. Для помощи личным подсобным хозяйствам по поручению Главы государства был принят закон «О пастбищах», который вводит новые нормы об общественных пастбищах, запрещает внеконкурсное распределение пастбищ, перевод пастбищ в другие виды сельхозугодий, повышает нормативы по выпасу животных на одном гектаре с 20 до 50%. Далее в Караганде Ерлан Кошанов посетил Центр государственных и сервисных услуг, где в октябре прошлого года открылся первый в стране женский полицейский участок, функционально ставший Единым центром помощи семье. Здесь могут получить комплексную помощь жертвы домашнего насилия. В центре работают психологи, юристы, судебные исполнители, ювенальная полиция, теологи, волонтеры, медиаторы, соцработники и другие. Председатель Мажилиса положительно оценил опыт Карагандинской области и предложил рассмотреть внедрение данной практики в других регионах страны. В этот же день Спикер Палаты ознакомился с ходом строительства школы на 600 мест в микрорайоне Кунгей. Школа строится в рамках реализации Дорожной карты по исполнению общереспубликанской Предвыборной программы «Халықпен бірге!» партии «AMANAT». Местные активисты долгое время поднимали вопрос об отсутствии школы в этой части города. Все работы планируется завершить к концу этого года. Также Спикер Мажилиса ознакомился с работами по модернизации сетей теплоснабжения Караганды. Новая магистраль решит острую проблему дефицита тепловых мощностей, а также разгрузит имеющие сети города. Это позволит создать необходимый запас для дальнейшего развития города. Проект будет полностью реализован осенью 2024 года. Фото: Талгат Таныбаев, Асылхан Сейдахмет

Қарағанды облысы, 26 шілде. Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Қарағанды облысына келді. Ол әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысымен танысып, өңір тұрғындарымен кездесті. Нысандарды аралау жұмысына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қатысты. Мәжіліс Төрағасы «Qarmet» АҚ Көмір департаментіндегі жаңа диспетчерлік-сараптамалық орталықтың жұмысымен танысты. Онда қандай міндеттер атқарылатынын компанияның құрылтайшысы Андрей Лаврентьев пен бас директор Вадим Басин көрсетті. Бұл нысан өндірістік қауіпсіздікті бақылауға жауап береді, оның ішінде оттегі деңгейі мен метан концентрациясын өлшеу жұмыстары да бар. Мамандар шахталардың жағдайын тәулік бойы бақылайды және кез келген қызметкермен байланысқа шыға алады. «Qarmet»-тің қазақстандық компанияның меншігіне қайтарылғаны Қарағанды үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға болғаны белгілі. Бұл Мемлекет басшысының маңызды саяси шешімі болды. Жаңа инвестор өндірісті кешенді түрде жаңғыртуға міндетті. Бес жыл ішінде комбинат металлургия көшбасшысы статусын қайтаруы керек. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту қажет. Ең бастысы – біздің жұмысшыларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау. Апаттар мен жазатайым оқиғалар болмауы керек», – деді Ерлан Қошанов. «AMANAT» Төрағасы кәсіподақ мүшелерімен кездесу барысында жұмысшылар мен шахтерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды күшейту мәселелерін талқылады. Парламент депутаттарының, «AMANAT» партиясының және Үкіметтің бірлескен күш-жігерімен Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ғылыми институты қайта құрылып, жұмысшыға жазатайым оқиғалар кезінде кінәлі болуына қарамастан толық сақтандыру төлемін қамтамасыз ететін жаңа заңдар қабылданды. Сондай-ақ кездесуде еңбек жағдайлары зиянды өндіріс жұмысшыларына 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігін беретін жаңа заңға ерекше назар аударылды. Көміршілер кәсіподақ ұйымының Төрағасы Евгений Буслаев жаңа мүмкіндікті «Qarmet» АҚ-ның 800-ден астам қызметкері пайдаланғанын атап өтті. Бүгінде бүкіл ел бойынша төлемдерді 8 мыңнан астам адам алуда. Ол бұл заңның еңбек адамдарын қолдаудағы мемлекеттің нақты қадамы екенін айтып, оның жедел қабылданғаны үшін Президентке және «AMANAT» партиясына алғысын білдірді. Бұдан бөлек, Мәжіліс спикері Бұқар-Жырау ауданындағы Садовое және Чкалов ауылдарына барып, су тасқынынан кейінгі қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. 2017 жылы осы ауылдардың айналасында жартастан жасалған бөгеттер салынды. Абырой болғанда, ол биыл бұл елді мекендерді су тасқынынан қорғап қалды. Алайда ауылда су тасқыны мәселесі шешілгенімен, жергілікті ақсақал Сайлаухан Шошиннің айтуынша, тұрғындардың мал жаятын жерлері жоқ. Өз кезегінде «AMANAT» Төрағасы партиялық «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы туралы айтты. Жоба арқасында екі жыл ішінде 10,8 миллион гектардан астам заңсыз иемденген жайылым жер мемлекет меншігініне қайтарылды. Жеке қосалқы шаруашылықтарға көмек көрсету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайылымдар туралы» заң қабылданды. Бұл заң қоғамдық жайылымдар туралы жаңа нормаларды енгізеді, яғни жайылымдарды конкурссыз бөлуге, жайылымдарды басқа ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыруға тыйым салады және бір гектарға мал жаю нормативін 20-дан 50-ге дейін арттырады. Қарағандыда Ерлан Қошанов мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығына барды. Онда өткен жылдың қазан айында елдегі алғашқы әйелдерге арналған полиция учаскесі ашылды. Ол функционалды түрде отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына айналды. Бұл жерде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсетіледі. Орталықта психологтар, заңгерлер, сот орындаушылары, ювеналды полиция, теологтар, волонтерлер, медиаторлар, әлеуметтік қызметкерлер және басқалар жұмыс істейді. Мәжіліс Төрағасы Қарағанды облысының тәжірибесін оң бағалап, мұндай жобаны еліміздің басқа өңірлерінде де енгізуді ұсынды. Дәл осы күні Мәжіліс спикері Күнгей шағын ауданында 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты. Білім ұясы «AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында салынып жатыр. Жергілікті белсенділер қаланың осы бөлігінде мектептің жоқтығы туралы мәселені көптен бері көтеріп келген. Барлық жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы Қарағандының жылу желілерін жаңғырту жұмыстарымен танысты. Жаңа магистраль жылу қуатының тапшылығы мәселесін шешеді және қаланың қолданыстағы желілеріне түсетін ауыртпалықты азайтады. Бұл шаһардың одан әрі дамуы үшін қажетті қорды құруға мүмкіндік береді. Жоба 2024 жылдың күзіне дейін толық жүзеге асырылады. Фото: Талғат Таныбаев, Асылхан Сейдахмет