статья

Спикер Сената принял участие в церемонии инаугурации Президента Ирана

Сенат Төрағасы Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Senate Speaker Attends Iranian Presidential Inauguration

Сенат Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗ Английский ↗
Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Президентский корпус Дата события 31 июля 2024 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.

По поручению Президента Касым-Жомарта Токаева Председатель Сената Парламента Маулен Ашимбаев принял участие в церемонии инаугурации Президента Ирана Масуда Пезешкиана. Кроме того, Спикер Сената встретился с Председателем Исламского консультативного Совета и руководителем Организации исламской культуры и связей. В ходе этих двусторонних встреч состоялся обмен мнениями о перспективах укрепления казахстанско-иранских взаимоотношений и по актуальным вопросам межпарламентского сотрудничества. От имени Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева Маулен Ашимбаев поздравил вновь избранного Президента Исламской Республики Иран Масуда Пезешкиана с победой на выборах и отметил, что в Казахстане уделяют пристальное внимание дальнейшему развитию сотрудничества между двумя странами. « Позвольте передать Вам искренние слова поздравления от Президента Республики Казахстан. Глава государства придает особое значение развитию двустороннего политического и экономического сотрудничества между нашими странами. Иран - наш сосед в Каспийском регионе и один из важнейших торговых партнеров на Ближнем и Среднем Востоке. Поэтому укрепление взаимоотношений с Ираном остается одним из приоритетных направлений нашей внешней политики. Со стороны Парламента Казахстана мы будем активно способствовать всестороннему укреплению взаимоотношений между нашими странами », - отметил Маулен Ашимбаев. Кроме того, Спикер Сената выразил благодарность иранской стороне за активное участие в Саммите Шанхайской организации сотрудничества, по итогам которой было принято 25 важных документов, включая Астанинскую декларацию. Затронули собеседники и вопросы сотрудничества на парламентском треке. Было отмечено, что в обеих Палатах Парламента Казахстана уже действуют группы дружбы с Ираном, а создание аналогичной группы в обновленном иранском Парламенте окажет положительное влияние на усиление двустороннего взаимодействия. Перспективы дальнейшего укрепления сотрудничества Парламентов Казахстана и Ирана Маулен Ашимбаев обсудил и с Председателем Исламского консультативного совета Мохаммадом-Багером Галибафом. Председатель Сената обозначил ключевые направления взаимодействия Парламентов в сфере законотворчества. « Парламент Казахстана заинтересован в укреплении связей с Исламским консультативным Советом Ирана. Действующие в наших Парламентах группы дружбы составляют прочную основу межпарламентского сотрудничества. Считаем важным в этом направлении выстраивать взаимодействие с акцентом на практическое содержание и содействие решению актуальных вопросов для обеих стран, а также обмен законодательным опытом », - сказал Маулен Ашимбаев, обращаясь к собеседнику. В ходе встречи с руководителем Организации исламской культуры и связей Ирана Мохаммадом Мехди Иманипуром были обсуждены вопросы, касающиеся укрепления культурных и духовных связей двух народов. Особое внимание было уделено растущей роли духовной дипломатии в преодолении глобальных вызовов и важности объединения совместных усилий на этом пути. « В октябре текущего года запланировано проведение XXII заседания Секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий. Предполагается, что на нем будут обсуждены вопросы дальнейшей реализации Концепции развития Съезда, а также утверждены тема и сроки проведения предстоящего VIII Съезда. Также состоится Форум молодых религиозных лидеров. Надеемся на активное участие в этих мероприятиях представителей Ирана », - отметил Маулен Ашимбаев и выразил признательность собеседнику и его коллегам за поддержку инициатив Съезда лидеров мировых и традиционных религий, активное участие в подготовке итоговых документов Съезда, и за вклад в популяризацию идей и ценностей межрелигиозного согласия. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – А. Байжуманов)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран Президенті Масуд Пезешкианды ұлықтау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ Палата Спикері Ислам кеңесі мәжілісінің Төрағасымен және Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының басшысымен кездесті. Екіжақты кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты арттыру және парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар ол Қазақстан екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беріп отырғанын атап өтті.

« Сізге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауы мен жылы лебізін жеткізуге рұқсат етіңіз. Мемлекет басшысы біздің елдеріміз арасындағы екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Иран – Каспий өңіріндегі көршіміз, сондай-ақ, Таяу және Орталық Шығыстағы маңызды сауда серіктестеріміздің бірі. Сондықтан Иранмен қарым-қатынасты нығайту біздің сыртқы саясатымыздағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл ретте Қазақстан Парламенті өз тарапынан елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты нығайтуға ықпал етеді », – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Иран тарапына аталған елдің делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммитіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Саммиттің нәтижесінде маңызды 25 құжат, оның ішінде Астана декларациясы қабылданғаны белгілі.

Сұхбат кезінде парламентаралық ынтымақтастық мәселелері де сөз болды. Соның аясында Қазақстан Парламентінің қос Палатасында Иранмен достық топтары жұмыс істейтіні айтылды. Одан бөлек, Иранның жаңартылған Парламентінде осындай топ құру екіжақты қарым-қатынасқа оң әсер ететініне де назар аударылды.

Ислам кеңесі мәжілісінің Төрағасы Мохаммад Багер Галибафпен кездесуде Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Иран Парламенттерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасына тоқталды. Палата Төрағасы заң шығару саласындағы өзара байланыстың негізгі бағыттарын атап өтті.

« Қазақстан Парламенті Иранның Ислам кеңесі мәжілісімен өзара байланысты арттыруға мүдделі. Біздің Парламенттерімізде жұмыс істеп келе жатқан достық топтары парламентаралық ынтымақтастықтың берік негізін құрайды. Бұл бағытта өзара байланысты практикалық мазмұнға басымдық бере отырып, қалыптастырған маңызды. Сондай-ақ екі ел үшін өзекті мәселелерді оң шешуге ықпал ету және заң шығару ісінде тәжірибе алмасу да айрықша мәнге ие », – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан басқа, Сенат Төрағасы Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының президенті Мохаммад Мехди Иманипурмен кездесті. Онда тараптар екі халықтың мәдени және рухани байланыстарын нығайту мәселелеріне назар аударды. Бұл ретте жаһандық сын-қатерлерді еңсеру жолында рөлі артып келе жатқан рухани дипломатияға және осы бағытта күш біріктірудің маңызына аса мән берілді.

« Биыл қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXII отырысын өткізу жоспарланып жатыр. Онда Съезді дамыту Тұжырымдамасын әрі қарай іске асыру мәселесі талқыланады. Одан бөлек, келесі VIII Съездің тақырыбы мен өткізу мерзімі бекітіледі. Сондай-ақ Жас діни лидерлер форумы өткізіледі. Аталған іс-шараларға Иран елінің өкілдері белсенді қатысады деп үміттенеміз », – деген Мәулен Әшімбаев Иран тарапына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің бастамаларына қолдау танытып, Форумның қорытынды құжаттарын әзірлеуге белсенді қатысқаны және дінаралық келісімнің идеялары мен құндылықтарын дәріптеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

On behalf of President Kassym-Jomart Tokayev, Senate Chairman Maulen Ashimbayev participated in the inauguration ceremony of Iran's newly elected President, Masoud Pezeshkian. During his visit, Ashimbayev also met with the Chairman of the Islamic Consultative Council and the head of the Organization of Islamic Culture and Relations to discuss enhancing Kazakhstan-Iran relations and inter-parliamentary cooperation.

Ashimbayev conveyed President Tokayev’s congratulations to Pezeshkian, emphasizing Kazakhstan's commitment to strengthening bilateral political and economic ties with Iran, an important neighbor and trading partner. He highlighted the role of parliamentary friendship groups in fostering relations and discussed future collaborations in legislative matters.

In his meetings, Ashimbayev addressed the importance of cultural and spiritual ties between the two nations, underscoring the role of spiritual diplomacy in addressing global challenges. He invited Iranian participation in upcoming events, including the XXII Session of the Secretariat of the Congress of Leaders of World and Traditional Religions and the Forum of Young Religious Leaders.

(Senate Press Service, 74-72-27. Photo – A. Baizhumakov)