Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев со 100-летним юбилеем писателя Бердибека Сокпакбаева
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Президент поручил запустить программу «Детская библиотека» для формирования культуры чтения.
Бердибек Сокпакбаев признан выдающимся писателем, внёсшим огромный вклад в детскую литературу.
Юбилей писателя включён в календарь ЮНЕСКО, что свидетельствует о международном признании.
Торжественное открытие памятника в честь векового юбилея выдающегося классика детской казахской литературы Бердибека Сокпакбаева состоялось в селе Нарынкол Алматинской области. Участие в церемонии по поручению Главы государства принял Спикер Сената Парламента РК Маулен Ашимбаев. Он зачитал поздравительное письмо от имени Президента страны Касым-Жомарта Токаева . В поздравительном адресе Главы государства подчеркивается, что Бердибек Сокпакбаев – выдающийся писатель, внесший неоценимый вклад в развитие детской литературы. Такие его бессмертные произведения, как «Путешествие в детство», «Меня зовут Кожа», «Поединок», вошли в сокровищницу отечественной литературы. Раскрывая тонкости человеческой психологии и колоритный внутренний мир казахского народа, писатель искусно создал образы своих героев, которые сразу полюбились читателю. Н а его творчестве выросло не одно поколение казахстанцев. «Уникальное литературное наследие Бердибек а Сокпакбаев а оставило яркий след в казахской литературе . Наш святой долг – чтить имя выдающегося писателя и пропагандировать его творчество . В ключение в календарь памятных дат ЮНЕСКО 100-летия писателя и установление памятника на его малой родине служат свидетельством высокого уважения к мастеру слова. Во всем мире воздвигнуто не так много монументов, изображающих автора произведения и его персонажа. Скульптура мальчика по имени Кожа, установленная в центре Астаны , также отражает огромное влияние творчества Бердибека Сокпакбаева на мировоззрение нашего народа », – говорится в письме Президента страны. В своем выступлении Маулен Ашимбаев подчеркнул, что Алматинская область издавна славится и гордится своими талантливыми сыновьями, такими как Мукагали Макатаев и Райымбек батыр. Золотыми буквами в историю вписано и имя Бердибека Сокпакбаева. В этой связи, подчеркнул Маулен Ашимбаев , важно ценить, изучать и популяризировать наследие выдающихся личностей, являющихся национальным достоянием, и через талант которых ярко проявляется духовный потенциал нации. Спикер Сената также отметил, что произведения всенародно любимого писателя, наполненные душевностью и добротой, оказали влияние не только на детей Казахстана, но и всего мира, и останутся в сердцах и памяти читателей последующих поколений. Так, книга Бердибека Сокпакбаева «Меня зовут Кожа» была переведена на 68 языков, а фильм в 1967 году был удостоен диплома на международном кинофестивале детских и юношеских фильмов в Каннах. Вместе с тем Спикер Сената обозначил высокую роль литературы, искусства и креативной индустрии в формировани и правильной системы ценностей у молодежи, о которых неоднократно говорил в своих выступлениях Глава государства. «На заседании Национального Курултая Президент страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, подчеркивая важную роль формирования культуры чтения у подрастающего поколения, поручил приступить к реализации программы «Детская библиотека». В соответствии с этой задачей формируется специальный список книг, охватывающий различные периоды и жанры казахской литературы, все из которых будут доступны для детей. Кроме того, в этом году в стране появился Национальный день книги. Все эти комплексные меры, несомненно, вн осят значимый вклад в увековечивание имен наших писателей. Поэтому надеемся, что системная работа в этом направлении будет продолжена совместно с заинтересованными государственными органами, Союзом писателей», – сказал в своем выступлении Маулен Ашимбаев. В этот же день Спикер Сената посетил литературно-мемориальный музей Мукагали Макатаева, принял участие в открытии школы искусств в селе Карасаз, которая призвана поддерживать одарённую и талантливую молодёжь региона и способствовать реализации их потенциала. В парке имени Бердибека Сокпакбаева Председатель Сената и другие почетные гости торжества вы сад или деревь я, а также Маулен Ашимбаев посетил детский реабилитационный центр « Қамқорлық » в селе Кеген. Кроме того, Спикер Сената принял участие в акции, инициированной Президентом страны Касым-Жомартом Токаевым «100 книг для сельских библиотек». Председатель Палаты передал в дар школьникам села Костобе , где родился писатель, книги, принадлежащие перу классиков казахской литературы, а также зарубежных авторов. Школьная библиотека пополнилась произведениями Бердибека Сокпакбаева, Ыбырая Алтынсарина, Мухтара Ауезова, Шынгыса Айтматова, Абая, Эрнеста Хемингуэя, Даниеля Дефо, Ивана Тургенева, Жюля Верна и других писателей и поэтов. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)
Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, жергілікті жұртшылыққа ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Мемлекет басшысының құттықтауында Бердібек Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер екені айтылған. Оның «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» сынды теңдессіз туындылар жазып, ешқашан ескірмейтін ғажайып мұра қалдырғаны да назарға алынған. Адам психологиясын, қазақтың жан дүниесін асқан шеберлікпен аша білген суреткердің шығармаларындағы шынайы бейнелер нағыз халықтық кейіпкерлерге айналды. Бірнеше буын ұрпақтың жазушы туындыларын оқып өсуі – осының айқын дәлелі.
« Бердібек Соқпақбаев қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Ардақты азаматтың есімін ұлықтап, еңбегін ел жадында жаңғырту – бәрімізге ортақ парыз. Осы орайда, жазушының 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілуі және туған жерінде сәулетті ескерткішінің бой көтеруі – әйгілі сөз зергеріне деген қадір-құрметтің белгісі. Қаламгердің өзіне ғана емес, оның кейіпкеріне ескерткіш орнату – өте сирек кездесетін оқиға. Астана төрінде тұрған Қожаның мүсіні Соқпақбаев шығармашылығының ұлт руханиятында ерекше орын алатынын көрсетеді », – делінген Президенттің құттықтауында.
Мәулен Әшімбаев өз сөзінде аталған өлкеден Райымбектей айбынды батыр мен Мұқағалидай арқалы ақын шыққанын тілге тиек етіп, осы өңірдің төл перзенті Бердібек Соқпақбаевтың есімі қазақ әдебиетінің тарихына алтын әріппен жазылғанына назар аударды. Сондай-ақ ол соңына қалдырған мұрасы ұлттың рухани қазынасына айналған көрнекті тұлғалардың есімін ұлықтау және оларды өнегелі өмірін кеңінен зерделеп, дәріптеу аса маңызды екенін атап өтті.
Палата Спикері Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы әрдайым өзгелерден дараланып тұратынын және олар шынайылық пен қарапайымдылыққа табан тірейтінін айтты. Жазушының туындылары қазақстандықтармен бірге бүкіл әлем оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп, әр буынның жадында сақталатын құнды дүниеге айналды. Қаламгердің «Менің атым Қожа» повесінің 68 тілге аударылуы соның жарқын көрінісі. Ал, шығарма желісімен түсірілген кинокартина 1967 жылы Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық кинофестивалінде дипломант атанды.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы жас буынның бойында дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыру ісінде әдебиеттің, өнердің және креативті индустрияның рөлі жоғары екенін, бұл мәселеге Мемлекет басшысы бірнеше мәрте тоқталғанын атап өтті.
« Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпақтың бойында оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына назар аударып, осы бағытта «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырды. Бұл жоба қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітаптардың арнайы тізімін жасақтап, олардың балаларға қолжетімді болуы қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ биыл елде «Ұлттық кітап күні» белгіленді. Осындай кешенді шаралардың барлығы қаламгерлеріміздің есімін мәңгілік етуге зор үлесін қосатыны сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдар мен Жазушылар Одағы бірлесе отырып, осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды әрі қарай жалғастырады деп сенеміз », – деді Мәулен Әшімбаев.
Сапар аясында Палата Спикері Қарасаз ауылына арнайы ат басын бұрып, Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейіне барды және өңірдің дарынды жастарын қолдауға арналған Өнер мектебінің ашылу рәсіміне қатысты. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына жиналған меймандармен бірге жазушы атындағы саябақта ағаш отырғызды. Одан бөлек, Кеген ауылына барып, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығының қызметімен танысты.
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауыл кітапханаларына арналған 100 кітап» акциясына атсалысты. Палата Төрағасы жазушы Бердібек Соқпақбаев туған Қостөбе ауылындағы мектепке қазақ әдебиетінің классиктері мен шетелдік авторлардың кітаптарын тарту етті. Атап айтқанда, мектеп кітапханасы Бердібек Соқпақбаевпен бірге Абай, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов, Эрнест Хемингуэй, Даниэль Дефо, Иван Тургенев, Жюль Верн және басқа да жазушылар мен ақындардың шығармаларымен толықты.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)