статья

Спикер Мажилиса принял участие в форуме парламентариев стран Центральной Азии и Кореи в Ашхабаде

Мәжіліс спикері Ашхабадта Орталық Азия және Корея елдерінің парламентшілері форумына қатысты

Speaker of the Mazhilis Participates in Forum of Central Asian and Korean Parliamentarians in Ashgabat

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗ Английский ↗
Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Корпус Мажилиса Дата события 14 октября 2024 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Позиция

Призыв к региональному сотрудничеству по экологии, климату, воде и энергетике.

Ашхабад, 14 октября. В столице Туркменистана состоялась Вторая встреча Председателей Парламентов государств Центральной Азии и Республики Корея. В мероприятии приняла участие делегация казахстанских депутатов во главе со Спикером Мажилиса Ерланом Кошановым. Встреча глав парламентов началась с пленарной сессии «Партнёрство во имя мира, процветания и взаимного доверия». В своем выступлении Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов подчеркнул актуальность предложенной темы на фоне глобальных климатических и демографических вызовов, обострения конфликтов, роста напряженности и недоверия между государствами. - В настоящее время Центральная Азия как единый регион переживает новый этап развития. Президент Казахстана Касым-Жомарт Кемелевич Токаев назвал это «ренессансом Центральной Азии». Казахстан заинтересован в укреплении межпарламентской дипломатии, развитии надежного политического диалога, экономических и инвестиционных связей региона с Кореей . Наши страны объединены общими целями роста и создания благоприятной среды для общества. Мир и стабильность должны стать незыблемой основой прочного партнерства между странами региона и Республикой Корея , - сказал Спикер Мажилиса. Кроме того, Ерлан Кошанов подчеркнул, что первый в своем роде парламентский форум стран Центральной Азии и Республики Корея становится рабочей площадкой, позволяющей вырабатывать эффективные решения на благо наших стран. Центральноазиатский регион с его богатыми природными ресурсами и динамично растущей экономикой и Южная Корея, обладающая высокими технологиями и инновациями, могут взаимодополнять друг друга. В этой связи большие перспективы сотрудничества открываются в сферах цифровизации и креативной индустрии, а также в вопросах транспортно-транзитного потенциала между Европой и Азией, Центральной и Восточной Азией. Спикер Мажилиса призвал коллег объединить усилия в работе по сохранению био- и экосистем региона, решению вопросов изменения климата, а также обеспечению водной и энергетической безопасности. Он выразил уверенность в востребованности инициативы Казахстана по учреждению Водно-энергетического консорциума стран Центральной Азии и проведению регионального климатического саммита под эгидой ООН в 2026 году. По его мнению, необходимо улучшить совместную работу под эгидой Проектного офиса стран Центральной Азии по охране окружающей среды и изменению климата, созданного по инициативе Президента Казахстана в Алматы. По итогам форума Председателей Парламентов государств Центральной Азии и Республики Корея была принята совместная Декларация. В мероприятии приняли участие Председатель Национальной Ассамблеи Республики Корея У Вон Шик , Председатель Меджлиса Туркменистана Дуньягозель Гулманова , Председатель Жогорку Кенеша Кыргызской Республики Нурланбек Шакиев , Председатель Маджлиси Намояндагон Маджлиси Оли Республики Таджикистан Махмадтоир Зокирзода , Председатель Законодательной палаты Олий Мажлиса Республики Узбекистан Нуриддин Исмоилов и парламентарии стран-участниц форума. В этот же день состоялась встреча Спикера Мажилиса Ерлана Кошанова с Председателем Меджлиса Туркменистана Дуньягозель Гулмановой. Были обсуждены актуальные вопросы межпарламентского сотрудничества двух стран и обмена опытом законотворческой работы. Туркменская сторона была также проинформирована о ходе реализации политических реформ в Казахстане и текущих итогах работы Мажилиса. Пресс-служба Мажилиса, фото Т.Таныбаева

Ашхабад, 14 қазан. Түрікменстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағаларының екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан депутаттары делегациясы қатысты. Парламент басшыларының кездесуі «Бейбітшілік, өркендеу және өзара сенім жолындағы серіктестік» атты пленарлық сессиядан басталды. Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазіргі жаһандық климаттық және демографиялық сын-қатерлердің белең алуы, қақтығыстардың ушығуы, мемлекеттер арасындағы шиеленістер мен сенімсіздіктің өршуі жағдайында ұсынылған тақырыптың өзектілігін атап өтті. – Қазіргі кезде Орталық Азия біртұтас өңір ретінде дамудың жаңа кезеңін бастан кешуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оны «Орталық Азияның ренессансы» деп атады. Қазақстан аймақтың Кореямен сенімді саяси диалогты, экономикалық, инвестициялық байланыстарды дамытумен қатар, парламенттік дипломатияны да нығайтуға мүдделі. Біздің елдерімізді өсіп-өркендеу және жайлы қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ мақсаттар біріктіреді. Бейбітшілік пен тұрақтылық аймақ елдері мен Оңтүстік Корея арасындағы берік серіктестіктің мызғымас негізі болуға тиіс, – деді Мәжіліс спикері. Сонымен қатар Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының тұңғыш парламенттік форумы елдеріміз үшін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жұмыс алаңына айналғанын атап өтті. Табиғи ресурстарға бай, экономикасы өсіп келе жатқан Орталық Азия аймағы мен тың технологиялары, инновациялары бар Оңтүстік Корея бірін-бірі толықтыра алады. Осыған байланысты цифрландыру мен креативті индустрия саласында, сондай-ақ Еуропа мен Азия, Орталық және Шығыс Азия арасындағы көлік-транзит әлеуеті мәселелерінде ынтымақтастықтың үлкен перспективаларына жол ашылып отыр. Мәжіліс спикері әріптестерін өңірдің био және экожүйесін сақтау, климат өзгеруі мәселесін шешу, сонымен бірге су қауіпсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күш-жігерді біріктіруге шақырды. Ол Орталық Азия елдерінің су-энергетика консорциумын құру және 2026 жылы елімізде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Өңірлік климаттық саммит туралы Қазақстан бастамасының өзектілігіне назар аударды. Оның пікірінше, Қазақстан Президентінің бастамасымен Алматыда Орталық Азия елдерінің Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалық офисінің аясында бірлескен жұмысты күшейту қажет. Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағалары форумының қорытындысы бойынша бірлескен Декларация қабылданды. Іс-шараға Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шик, Түрікменстан Меджлисінің төрағасы Дуньягозель Гулманова , Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нурланбек Шакиев, Тәжікстан Республикасы Маджлиси Намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзода , Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлисінің Заң шығару палатасының төрағасы Нуриддин Исмоилов және форумға қатысушы елдердің парламентшілері қатысты. Осы күні Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Түрікменстан Меджлисінің төрағасы Дуньягозель Гулманова мен кездесті. Екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және заң шығару жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу жайы талқыланды. Түрікменстан тарапына Қазақстандағы саяси реформалардың жүзеге асырылу барысы мен Мәжіліс жұмысының қорытындылары туралы ақпарат берілді. Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Талғат Таныбаев

Ashgabat, October 14. The Second Meeting of the Speakers of Parliaments from Central Asian countries and the Republic of Korea took place in the capital of Turkmenistan. A delegation of Kazakhstani deputies, led by Mazhilis Speaker Yerlan Koshanov, participated in the event. The meeting of parliamentary heads began with a plenary session titled "Partnership for Peace, Prosperity, and Mutual Trust." In his speech, Mazhilis Speaker Yerlan Koshanov emphasized the relevance of the topic in light of global climate and demographic challenges, escalating conflicts, and growing tensions and distrust among nations. - "Central Asia, as a unified region, is currently undergoing a new stage of development. The President of Kazakhstan, Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev, has referred to this as the 'Renaissance of Central Asia.' Kazakhstan is keen to strengthen inter-parliamentary diplomacy, foster reliable political dialogue, and develop economic and investment ties between the region and Korea. Our countries share common goals for growth and creating a favorable environment for society. Peace and stability should become the solid foundation for a lasting partnership between the countries of the region and the Republic of Korea," said the Mazhilis Speaker. Furthermore, Yerlan Koshanov noted that this first-of-its-kind parliamentary forum between Central Asian countries and the Republic of Korea is becoming a working platform for developing effective solutions for the benefit of our nations. The Central Asian region, with its rich natural resources and rapidly growing economy, and South Korea, with its advanced technologies and innovations, can complement each other. In this regard, there are significant opportunities for cooperation in the fields of digitalization and the creative industry, as well as in enhancing the transportation and transit potential between Europe and Asia, and Central and East Asia. The Mazhilis Speaker urged colleagues to unite efforts in preserving the region’s biodiversity and ecosystems, addressing climate change, and ensuring water and energy security. He expressed confidence in the importance of Kazakhstan’s initiative to establish a Water-Energy Consortium for Central Asian countries and to hold a regional climate summit under the UN's aegis in 2026. In his view, there is a need to improve collaborative work under the Central Asian countries' Project Office for Environmental Protection and Climate Change, created on the initiative of the President of Kazakhstan in Almaty. At the conclusion of the forum of the Speakers of Parliaments of Central Asia and the Republic of Korea, a Joint Declaration was adopted. The event was attended by the Speaker of the National Assembly of the Republic of Korea, Kim Jin-pyo, Speaker of the Mazhilis of Turkmenistan, Dunyagozel Gulmanova, Speaker of the Jogorku Kenesh of the Kyrgyz Republic, Nurlanbek Shakiev, Speaker of the Mazhilis Namoyandagon Mazhilis Oli of the Republic of Tajikistan, Mahmadtoir Zokirzoda, Speaker of the Legislative Chamber of the Oliy Majlis of the Republic of Uzbekistan, Nurdinjon Ismoilov, and other parliamentarians from forum member countries. On the same day, Mazhilis Speaker Yerlan Koshanov met with the Speaker of the Mejlis of Turkmenistan, Dunyagozel Gulmanova. They discussed current issues of inter-parliamentary cooperation between the two countries and the exchange of legislative experience. The Turkmen side was also informed about the progress of political reforms in Kazakhstan and the current results of the Mazhilis' work. Press Service of the Mazhilis, photo by T. Tanybayeva.