статья

Касым-Жомарт Токаев направил приветствие участникам Евразийского курултая социального предпринимательства

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайына қатысушыларды құттықтады

Kassym-Jomart Tokayev sent greetings to participants of the Eurasian Kurultai of Social Entrepreneurship

Сенат Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗ Английский ↗
Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Президентский корпус Дата события 15 ноября 2024 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.

Евразийский курултай социального предпринимательства с участием мировых лидеров сферы и ведущих экспертов в области ESG, представителей общественных и международных организаций, а также благотворительных фондов состоялся сегодня в Астане. Спикер Сената Парламента Маулен Ашимбаев выступил на мероприятии и зачитал приветственное письмо от Президента страны Касым-Жомарта Токаева. В обращении Главы государства отмечено, что Евразийский курултай социального предпринимательства служит уникальной диалоговой площадкой, объединяющей предпринимателей, экспертов и лидеров с активной гражданской позицией и занимающихся продвижением нравственных ценностей в обществе. « Социальное предпринимательство является важной составляющей мировой экономики. Инициативы в этом направлении выполняют ключевую роль в формировании инклюзивной среды и повышении условий жизни для граждан с ограниченными возможностями. В нашей стране поддержке социального предпринимательства уделяется особое внимание, оказывается всесторонняя помощь. Благодаря предпринимаемым мерам этот вид предпринимательства, основная цель которого – совершать добрые дела, активно развивается. Представители этой сферы предлагают различные инновационные методы для решения актуальных общественных проблем. Уверен, что итогом сегодняшней встречи также станут конструктивные идеи и предложения, а Евразийский курултай придаст новый импульс международному сотрудничеству и поспособствует укреплению взаимодействия между народами », – говорится в приветствии Касым-Жомарта Токаева. В своем выступлении Маулен Ашимбаев подчеркнул, что современном мире социальное предпринимательство становится все более востребованным. Бизнес, ориентированный на решение социальных проблем, находит все больше поддержки инвесторов, государственных структур и общества в целом. Казахстан, в свою очередь, целенаправленно и на системной основе поддерживает и развивает данную категорию бизнеса как часть национальной стратегии устойчивого развития. Спикер Сената подчеркнул, что по инициативе Главы государства предприняты конкретные меры и внесены законодательные изменения по поддержке социального предпринимательства. В результате с прошлого года число зарегистрированных компаний в реестре субъектов социального предпринимательства значительно выросло. « Социальные предприниматели являются важными партнерами государства в решении ключевых общественных задач. По поручению Президента страны Касым-Жомарта Кемелевича Токаева разработан и принят Закон о социальном предпринимательстве, а также внесены соответствующие изменения в Социальный кодекс. Это позволило на законодательном уровне впервые определить правовой статус, а также создать правовую основу для деятельности социальных предпринимателей. Сегодня они могут претендовать как на финансовую, так и на инфраструктурную и консультационную государственную поддержку », – сказал Спикер Сената в своем выступлении. Однако, как подчеркнул Маулен Ашимбаев, существует ряд актуальных вызовов в сфере социального предпринимательства, для преодоления которых необходима комплексная работа и единый подход в работе всех заинтересованных сторон. В этой связи он призвал коллег усилить взаимодействие вокруг трех задач в рамках Парламентской комиссии по мониторингу реализации национальных целей и задач в области устойчивого развития, образованной по поручению Главы государства. « Социальные предприятия зачастую зависят от грантов и пожертвований. Поэтому для поддержки социальных проектов важно развивать механизмы микрофинансирования и другие инструменты. Одним из приоритетных направлений поддержки и развития социального предпринимательства могла бы стать реализация программ обучения и наставничества. Также важно создание специальной инфраструктуры при социально-предпринимательских корпорациях в регионах, предоставляющих не только физическое пространство для работы, но и консультационные услуги, обучение и тренинги, а также доступ к финансированию. Депутаты Парламента готовы активно работать с социальными предпринимателями и другими заинтересованными сторонами по решению этих и других вопросов », – отметил Маулен Ашимбаев и выразил готовность к дальнейшей поддержке инициатив социальных предпринимателей – активных граждан с ответственной позицией. В рамках обсуждения участниками курултая, среди которых Президент Ассоциации социальных инноваторов Эмин Аскеров, руководство Министерства национальной экономики, столичного акимата, Евразийской группы, а также участники из России, Таджикистана, Узбекистана и международных организаций, высказаны предложения по развитию социального предпринимательства в селах и инициированы совместные проекты по расширению доступа к образованию и здравоохранению, совершенствованию ключевых механизмов поддержки сферы. Отметим, что в рамках Евразийского курултая социальных предпринимателей запланированы разноформатные мероприятия, среди которых – тематические тренинги, выставки и ярмарки. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)

Бүгін Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті. Оған аталған бағыттағы әлемдік көшбасшылар, ESG саласындағы жетекші сарапшылар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорлардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

Мемлекет басшысының құттықтауында әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы белсенді, азаматтық ұстанымы айқын, қоғамда игі құндылықтардың орнығуына атсалысып жүрген кәсіпкерлер, сарапшылар және көшбасшылар бас қосатын бірегей диалог алаңы екені айтылған.

« Әлеуметтік кәсіпкерлік әлем экономикасының маңызды қыры саналады. Осы бағыттағы бастамалар инклюзивті орта қалыптастыру және мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс сапасын жақсарту ісінде ерекше рөл атқарады. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке айрықша мән беріледі, оған жан-жақты қолдау көрсетіледі. Соның арқасында бизнестің жасампаздық пен жанашырлыққа негізделген осы түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Бұл саланың өкілдері түрлі мәселенің түйінін тарқататын инновациялық тәсілдер ұсынып жүр. Бүгінгі басқосуда да салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылады деп сенемін. Форум Еуразия халықтары арасындағы серіктестікті нығайтуға серпін беріп, өзара ықпалдастықты арттыра түсері сөзсіз », – делінген ел Президентінің құттықтау хатында.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде қазір әлемде уақыт өткен сайын әлеуметтік кәсіпкерлікке сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бизнес инвесторлар, мемлекеттік құрылымдар және жалпы қоғам тарапынан көбірек қолдауға ие.

Бұл ретте Қазақстан да бизнестің аталған санатын орнықты дамудың ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде мақсатты әрі жүйелі негізде қолдап, өркендетіп келеді. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының бастамасымен осы бағытта нақты шаралар қабылданғанын және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау жөнінде заңнамалық өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде былтырдан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне тіркелген компаниялардың саны айтарлықтай артқан.

«Әлеуметтік кәсіпкерлер өзекті қоғамдық мәселелерді шешу жолында мемлекеттің маңызды серіктестері екенін атап өткен жөн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заң әзірленіп, қабылданды. Сондай-ақ Әлеуметтік кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлер қызметінің құқықтық мәртебесін анықтауға және оған қажетті құқықтық негіз қалыптастыруға жол ашты. Осыған байланысты әлеуметтік кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық қолдау алу мүмкіндігіне ие болды», – деді Палата Спикері.

Дегенмен, Мәулен Әшімбаев атап өткендей, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында бірқатар өзекті сын-қатерлер бар. Оларды еңсеру үшін кешенді жұмыс және барлық мүдделі тараптың іс-әрекетінде бірыңғай тәсіл қажет. Осыған байланысты Сенат Төрағасы әріптестерін Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссия аясындағы үш міндет төңірегінде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

«Әлеуметтік кәсіпорындар көбінесе гранттар мен қайырымдылыққа тәуелді. Сондықтан әлеуметтік жобаларды қолдау үшін микроқаржыландыру тетіктерін және басқа механизмдерді дамытудың маңызы зор. Оқыту және тәлімгерлік бағдарламаларын іске асыру әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың негізгі бағыттарының бірі бола алады. Сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары жанынан жұмыс істеуге қолайлы кеңістік ұсынып қана қоймай, консультациялық қызметтерді, оқыту мен тренингтерді және қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы инфрақұрылым қалыптастырған абзал. Парламент депутаттары осы және басқа да мәселелерді шешу үшін әлеуметтік кәсіпкерлермен, сондай-ақ, барлық мүдделі тараппен бірлесіп, белсенді жұмыс істеуге мүдделі», – деген Мәулен Әшімбаев әлеуметтік кәсіпкерлер мен ел ертеңіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтардың бастамаларына одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Құрылтай барысында ауылдарда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ұсыныстар, сапалы білім мен денсаулық сақтауға қолжетімділікті арттыруға қатысты бірлескен жобалар бойынша тың бастамалар және саланы одан әрі жетілдіруге арналған ұтымды пікірлер айтылды. Іс-шарада Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Эмин Аскеров, Ұлттық экономика министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Еуразиялық топ басшылығының өкілдері, сондай-ақ, Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан және халықаралық ұйымдардан келген қатысушылар сөз сөйледі.

Айта кетейік, Еуразиялық құрылтай аясында әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде тақырыптық тренингтер, көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жоспарланған.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

The Eurasian Kurultai of Social Entrepreneurship with the participation of world leaders in the field and leading experts in the field of ESG, representatives of public and international organizations, as well as charitable foundations, was held today in Astana. Speaker of the Senate of the Parliament Maulen Ashimbayev spoke at the event and read a welcome letter from the President of the country Kassym-Jomart Tokayev.

The Head of State’s address noted that the Eurasian Kurultai of Social Entrepreneurship serves as a unique dialogue platform that unites entrepreneurs, experts and leaders with an active civic position and engaged in the promotion of moral values in society.

"Social entrepreneurship is an important component of the global economy. Initiatives in this area play a key role in creating an inclusive environment and improving living conditions for people with disabilities. In our country, special attention is paid to supporting social entrepreneurship, and comprehensive assistance is provided. Thanks to the measures taken, this type of entrepreneurship, the main goal of which is to do good deeds, is actively developing. Representatives of this sphere offer various innovative methods for solving urgent social problems. I am confident that today's meeting will also result in constructive ideas and proposals, and the Eurasian Kurultai will give a new impetus to international cooperation and contribute to strengthening interaction between peoples," Kassym-Jomart Tokayev said in his greeting.

In his speech, Maulen Ashimbayev emphasized that social entrepreneurship is becoming increasingly popular in the modern world. Businesses focused on solving social problems are increasingly supported by investors, government agencies and society as a whole. Kazakhstan, in turn, purposefully and systematically supports and develops this category of business as part of the national sustainable development strategy. The Senate Speaker emphasized that, at the initiative of the Head of State, specific measures have been taken and legislative changes have been made to support social entrepreneurship. As a result, since last year, the number of companies registered in the register of social entrepreneurship entities has increased significantly.

"Social entrepreneurs are important partners of the state in solving key social problems. On the instructions of the President of the country Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev, the Law on Social Entrepreneurship was developed and adopted, and corresponding amendments were made to the Social Code. This made it possible to define the legal status at the legislative level for the first time, as well as to create a legal basis for the activities of social entrepreneurs. Today, they can apply for both financial and infrastructural and consulting state support," the Speaker of the Senate said in his speech.

However, as Maulen Ashimbayev emphasized, there are a number of current challenges in the field of social entrepreneurship, to overcome which a comprehensive work and a unified approach in the work of all stakeholders is necessary. In this regard, he called on his colleagues to strengthen interaction around three tasks within the framework of the Parliamentary Commission for Monitoring the Implementation of National Goals and Objectives in the Field of Sustainable Development, formed on the instructions of the Head of State.

"Social enterprises often depend on grants and donations. Therefore, it is important to develop microfinance mechanisms and other tools to support social projects. One of the priority areas for supporting and developing social entrepreneurship could be the implementation of training and mentoring programs. It is also important to create a special infrastructure at social entrepreneurship corporations in the regions that provide not only physical space for work, but also consulting services, training and workshops, as well as access to financing. Members of Parliament are ready to actively work with social entrepreneurs and other stakeholders to resolve these and other issues," noted Maulen Ashimbayev and expressed readiness to further support the initiatives of social entrepreneurs - active citizens with a responsible position.

During the discussion, the participants of the kurultai, including the President of the Association of Social Innovators Emin Askerov, the leadership of the Ministry of National Economy, the capital's akimat, the Eurasian Group, as well as participants from Russia, Tajikistan, Uzbekistan and international organizations, made proposals for the development of social entrepreneurship in villages and initiated joint projects to expand access to education and healthcare, improve key mechanisms for supporting the sphere.

It should be noted that within the framework of the Eurasian Kurultai of Social Entrepreneurs, various events are planned, including thematic trainings, exhibitions and fairs.

(Press department of the Senate, 74-72-27. Photo - N. Baybulin)