Главная / Хронология / Обращение
обращение

Телеграммы поздравления в адрес Президента Казахстана по случаю Дня Независимости

Жаңалықтар

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 17 декабря 2024 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Оценка

Казахстан достиг успехов в госстроительстве, экономике и внешней политике после обретения независимости.

Позиция

Казахско-таджикские отношения развиваются динамично.

Позиция

Казахско-туркменские контакты успешно развиваются по всем направлениям.

На имя Касым-Жомарта Токаева поступают поздравления от глав иностранных государств и руководителей международных организаций по случаю Дня Независимости. Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев поздравил с праздником Касым-Жомарта Токаева и народ Казахстана. – Уверен, что стратегическое партнерство и союзнические отношения в духе взаимного доверия, уважения и поддержки между двумя странами, которые являются добрыми соседями и друзьями на протяжении столетий, будут и впредь динамично развиваться, – говорится в телеграмме. Президент Кыргызстана Садыр Жапаров подчеркнул, что с приобретением Независимости Казахстан добился значительных успехов в государственном строительстве, социально-экономическом развитии и активной внешней политике. – Твердо верю, что взаимоотношения между нашими странами, сформированные на основе многовековой дружбы, добрососедства и стратегического партнерства, будут и впредь укрепляться, – отмечается в поздравлении. Президент Таджикистана Эмомали Рахмон высоко оценил динамичный характер казахско-таджикских связей. – Мы придаем большое значение последовательному продвижению взаимовыгодных отношений и готовы предпринять конкретные шаги для углубления двустороннего сотрудничества в интересах наших государств, – написал он. Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов поздравил Главу государства и казахстанцев, подчеркнув, что контакты между двумя странами успешно развиваются по всем направлениям. – Хочу отметить особую значимость Вашего недавнего официального визита в Туркменистан. Твердо верю, что договоренности, достигнутые в рамках переговоров в Ашхабаде, внесут весомый вклад в дальнейшее укрепление отношений между двумя странами, – говорится в телеграмме. Главу нашего государства с Днем Независимости также поздравил Председатель Халк Маслахаты Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов. Кроме того, поздравления направили Президент ОАЭ шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян, Вице-президент, Премьер-министр ОАЭ, Правитель Дубая шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум, Хранитель двух святынь – Король Саудовской Аравии Салман бен Абдельазиз Аль Сауд, Наследный принц, Премьер-министр Саудовской Аравии Мухаммед бен Салман бен Абдельазиз Аль Сауд, Президент Украины Владимир Зеленский, Президент Палестины Махмуд Аббас, Председатель Президентского совета Ливии Мухаммад Юнис Аль-Манфи, Султан Государства Бруней-Даруссалам Хассанал Болкиах, Президент Молдовы Майя Санду, Президент Мальты Мириам Спитери Дебоно, капитаны-регенты Сан-Марино Далибор Риккарди и Франческа Чиверкья, Генеральный секретарь СНГ Сергей Лебедев, Генеральный секретарь ОТГ Кубанычбек Омуралиев, Генеральный секретарь Всемирной туристской организации Зураб Пололикашвили, Раис Татарстана Рустам Минниханов и другие. Поздравления продолжают поступать.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

– Жүздеген жылдардан бері тату көрші әрі дос саналатын екі ел арасындағы өзара сенім, құрмет және қолдау рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынас қарқынды дами беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров тәуелсіз Қазақстанның мемлекет басқару, әлеуметтік-экономикалық даму мен белсенді сыртқы саясат жүргізу істерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізгеніне тоқталған.

– Елдеріміздің арасындағы сан ғасырлық достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген байланыстың алдағы уақытта да өрлей беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтауында қазақ-тәжік байланысының қарқынды сипатын жоғары бағалады.

– Біз өзара тиімді ықпалдастықты дәйекті түрде ілгерілетуге баса мән береміз. Сонымен қатар мемлекеттеріміздің басты мүддесіне сай екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін нақты қадамдар жасауға дайынбыз, – деп жазған Тәжікстан Президенті.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, екіжақты байланыс барлық бағыт бойынша табысты өрлей түскеніне назар аударған.

– Бұл орайда Сіздің жақында Түрікменстанға жасаған ресми сапарыңыз ерекше маңызға ие. Ашхабадта жүргізген келіссөздер аясында қол жеткізілген уағдаластықтар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай үлес қосарына сенімім мол, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те құттықтауын жолдаған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жеделхаттарын БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері, Министрлер кеңесінің төрағасы Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Сауд, Украина Президенті Владимир Зеленский, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнус әл-Манфи, Бруней Даруссалам Мемлекетінің Сұлтаны Хассанал Болкиах, Молдова Президенті Майя Санду, Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоно, Сан-Мариноның капитан-регенттері Далибор Риккарди мен Франческа Чиверкья, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Татарстан Раисы Рүстем Минниханов және басқалары жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.