Сенатор Дархан Кыдырали ознакомился с работой пунктов пропуска в Туркестанской области
Сенатор Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы өткізу бекеттерінің жұмысымен танысты
Сенатор Дархан Кыдырали провёл встречу с депутатами маслихата города Шымкента. Во встрече приняли участие члены общественного совета, представители интеллигенции и сотрудники городской научно-универсальной библиотеки имени Аль-Фараби. Депутат рассказал об основных тезисах интервью Президента Касым-Жомарта Токаева, которое было опубликовано в газете «Ана тілі». Парламентарий подробно остановился на таких ключевых месседжах интервью, как важность сбалансированного регионального развития, повышение уровня жизни граждан и укрепление экономики. Также сенатор ответил на вопросы участников встречи и обсудил с ними актуальные проблемы региона. Кроме того, сенатор ознакомился с работой пограничных пунктов «Жібек жолы» и имени Конысбаева в Сарыагашском районе Туркестанской области. Дархан Кыдырали, побеседовал с пограничниками и обсудил текущие вопросы, касающиеся организации работы на границе. Сенатор отметил значимость этих объектов для обеспечения безопасного и эффективного пересечения границы между Казахстаном и Узбекистаном. Депутат подчеркнул, что работа, направленная на укрепление международного сотрудничества и развитие регионов, будет продолжена при активной поддержке со стороны Парламента. (Пресс-служба Сената, 74-72-27)
Сенатор Дархан Қыдырәлі Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Жүздесуге қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері және әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлері қатысты.
Депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатының негізгі тұжырымдарына жан-жақты тоқталды. Онда өңірлердің тепе-тең дамуының маңыздылығы, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру және экономиканы нығайту сияқты негізгі тақырыптарға баса назар аударылды. Сенатор кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өңірдің өзекті мәселелерін де талқылады.
Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында «Жібек жолы» және Қонысбаев атындағы шекара бекеттерінің жұмысымен танысу барысында Дархан Қыдырәлі шекарашылармен әңгімелесіп, шекарадағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сенатор Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадан қауіпсіз және тиімді өтуді қамтамасыз етудегі осы нысандардың маңыздылығын атап өтті. Депутат Парламент тарапынан халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өңірлерді дамытуға бағытталған жұмыс белсенді жалғасатынын атап өтті.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)