Глава государства выразил соболезнования родным и близким выдающегося писателя и драматурга Дулата Исабекова
Жаңалықтар
Президент Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования в связи с кончиной выдающегося писателя и драматурга, Қазақстанның Еңбек Ері, лауреата Государственной премии Дулата Исабекулы Исабекова. – Дулат Исабекулы, всю свою жизнь посвятивший национальной литературе, был поистине достойной личностью. На протяжении всего творческого пути он неустанно трудился во имя обогащения духовного мира казахского народа и расширения горизонтов национальной прозы. Лучшие драматические произведения, вышедшие из-под его талантливого пера, являются подлинным достоянием мировой сцены, прославляя на международном уровне священное искусство слова. Светлый образ Дулата Исабекулы, оставившего после себя богатое литературное наследие, навсегда сохранится в наших сердцах, – говорится в телеграмме.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
– Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді. Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.