статья

От имени Главы государства был проведен ауызашар для участников Национального курултая

Жаңалықтар

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 14 марта 2025 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Позиция

Единство нации необходимо для решения государственных задач.

Позиция

Участники курултая являются примером гражданской ответственности.

Позиция

Рамазан призывает к добрым делам и духовному росту.

Президент поздравил собравшихся со священным месяцем Рамазан и с Көрісу күні, символизирующим начало Наурыз мейрамы. Глава государства отметил, что на очередном заседании Национального курултая в Кокшетау был высказан ряд ценных предложений и подняты важные вопросы, волнующие общество. – Только сплоченная нация способна объединить усилия во имя решения общегосударственных задач. Вы служите достойным примером гражданской ответственности. Искренне признателен вам за это! Священный месяц Рамазан, который называют «султаном всех месяцев», призывает нас к благим делам, заботе о ближних и духовному совершенствованию. Все это способствует укреплению нашего единства и солидарности, – сказал Касым-Жомарт Токаев. Глава государства призвал соотечественников последовательно идти по пути прогресса. – В нынешнем турбулентном мире сплоченность народа приобретает первостепенное значение. Нам нужно сохранять спокойствие, проявлять мудрость и уверенность! Важно доносить до людей принципы государственной политики. Мы должны быть примером для всех. Следует продвигать талантливых и способных граждан, прежде всего, из числа молодежи. Общими усилиями мы уже осуществили глубокие преобразования. Кардинально обновлена политическая система Казахстана. Воплощаются в жизнь конкретные меры, направленные на реализацию нового экономического курса. Сегодня масштабные реформы уже дают свои плоды. Хочу отметить особую роль Национального курултая в обновлении общества. Ваши инициативы способствуют своевременному решению многих проблем, и работа в этом направлении будет продолжена. В своем интервью газете «Ана тілі» я определил ряд новых задач на ближайшую перспективу. Главная цель – строительство Справедливого Казахстана, государства равных возможностей для всех и каждого. Эта задача по силам ответственным гражданам. Ведь именно ответственный гражданин – Адал азамат – живет по принципам, которые неразрывно связаны с гуманистическими идеями ислама, – заявил Президент. Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что ислам – неотъемлемая часть мировоззрения и образа жизни казахского народа. Эта религия глубоко переплетена с обычаями и традициями наших предков. – Эти две важнейшие ценности – вера и традиции – являются незыблемой основой нашей национальной идентичности. Традиционный ислам – это религия милосердия и созидания, которой чуждо невежество. Вера нашего народа, передаваемая из поколения в поколение, покоится на непоколебимых моральных ценностях, от которых мы никогда не отступим. Нам следует отличать истину от лжи, добро от зла. Особенно важно, чтобы молодые люди были открытыми и образованными, следовали по пути познания. Старшему поколению отводится особая миссия – наставлять молодежь на верный путь, воспитывать подрастающее поколение в духе общечеловеческих ценностей. Важно стремиться к инновациям, сохраняя при этом национальную идентичность. Только так мы станем нацией, которая не только учится, но и у которой учатся другие, – сказал он. Глава государства далее в своем выступлении охарактеризовал ислам как религию чистоты. По его словам, подлинно цивилизованной может стать только та страна, в которой чистоплотность является неотъемлемой частью культуры. – С прошлого года в стране проходит акция «Таза Қазақстан», которая получила широкую поддержку населения и превратилась в общенациональный проект. Особенно активно в ней участвовала молодежь, в том числе и волонтеры. Члены Национального курултая также внесли свою лепту в это важное дело. Я не раз говорил о том, что «Таза Қазақстан» – это не просто акция, содержание которой ограничивается уборкой улиц и дворов. Это начинание способно повлиять на нашу национальную идентичность и преобразить облик всей страны, – отметил Касым-Жомарт Токаев. В завершение Глава государства напомнил, что в нынешних непростой геополитической ситуации особенно важно укреплять сплоченность. – Единство народа – залог стабильности и спокойствия государства. Пусть священный месяц Рамазан принесет процветание нашей стране и благополучие всем согражданам! – сказал Президент.

Президент жиналған қауымды Әз-Наурыздың бастауы – Көрісу күнімен құттықтап, қасиетті Рамазан айында тұтқан оразалары қабыл болуына тілектестік білдірді. Сондай-ақ Көкше жерінде өткен Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында көптеген салмақты ұсыныс айтылып, қоғамды толғандырып жүрген маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтті.

– Елдік істе күш біріктіру – біртұтас ұлтқа тән қасиет. Сіздер әрдайым азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Рамазан айы – «Айлардың сұлтаны». Осы кезде азаматтарымыз игі амалдар жасауға тырысады. Мұқтаж жандарға көмектеседі. Иман келтіріп, рухани жағынан тазарады. Түптеп келгенде, мұның бәрі жұртымыздың ынтымағын арттырады. Берекелі бірлігімізді бекемдей түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы озық ойлы ұлт ретінде тек алға қадам басуға шақырды.

– Қазіргі бұлыңғыр, тұрақсыз әлемде халқымыздың тұтастығы аса маңызды. Сондықтан бәріміз саналы, сабырлы болайық, ағайын! Халыққа негізгі саясатымызды дұрыс түсіндірейік. Жаппай жұртқа үлгі болайық. Ел ішіндегі дарынды, қабілетті азаматтарға, ең алдымен, жастарға жол берейік. Біз бір ел, бір халық болып, елеулі өзгерістерді бірге жасап жатырмыз. Қазақстанның саяси жүйесін толық жаңғырттық. Жаңа экономикалық бағдарымызға сай нақты жоспарымызды жүзеге асыратын болдық. Бүгінде жан-жақты реформалар өз жемісін беріп жатыр. Осы жолда Ұлттық құрылтайдың ерекше рөл атқарғаны сөзсіз. Сіздердің бастамаларыңыз көптеген мәселені уақтылы шешуге ықпалын тигізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Мен «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымда еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттерді атап өттім. Негізгі мақсат – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру. Бұл адал азаматтардың қолынан келетін іс. Адал азаматқа тән қасиеттер исламның гуманистік идеяларымен терең астасады, – деп сабақтады сөзін Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев асыл дініміз халқымыздың бітім-болмысымен, таным-түсінігімен біте қайнасып жатқанына, ата-бабалардан мирас болған салт-дәстүрімізбен сабақтас екеніне назар аударды.

– Осы қос құндылық, яғни дін мен дәстүр – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Дәстүрлі ислам – қараңғылықтан ада, мейірім мен жасампаздықтың діні. Ұлтымыздың атадан балаға жалғасқан наным-сенімі адамгершілік құндылықтарға негізделген. Солай болып қала береді. Жұртымыз ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуі керек. Әсіресе, жастардың көзі ашық, көкірегі ояу болғаны жөн. Олар жасампаздық жолымен жүруі қажет. Аға буын өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруы керек. Жастарымыз барша адамзатқа ортақ құндылықтарды бойына сіңіріп өсуге тиіс. Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, жаңашылдыққа ұмтылғаны абзал. Сонда біз үйренетін әрі үйрететін ұлт боламыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ислам – тазалықтың діні екенін алға тартып, өркениетті ел болу үшін тазалық ұғымын қоғамда терең орнықтыру мәселесіне тоқталды.

– Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Жалпыұлттық жоба жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Әсіресе, жастарымыз, соның ішінде еріктілер ерекше белсенділік танытты. Ұлттық құрылтай мүшелері де игі іске атсалысты. «Таза Қазақстан» жай науқан емес екенін мен бірнеше рет айттым. Оның түпкі мазмұны көшені, ауланы тазалаумен шектелмейді. Бұл – ұлттық болмысымызға қатысы бар мәселе, тұтас еліміздің келбетін өзгертетін бастама, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, қазіргідей геосаяси ахуал күрделенген алмағайып кезеңде ынтымағымызды нығайта түсу маңызды екенін еске салды.

– Тату елде тұрақтылық пен тыныштық болады. Бірлігі мықты ел өркендейді. Қасиетті Рамазан айы еліміз үшін жақсылыққа толы, шарапаты мол ай болсын. Оразада ниет еткен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Президент.