Государственный советник принял участие в презентации аудиосборника «Асыл мұра»
Мемлекеттік кеңесші
Рабочий вывод
Что важно в документе
Сборник будет ценным источником для молодых исполнителей и будущих поколений, а также обогатит базу ИИ.
Сборник «Асыл мұра» сделает народное музыкальное наследие доступным на мировых платформах и усилит популяризацию национальной культуры.
В Астане с участием Государственного советника Ерлана Карина прошла презентация аудиосборника «Асыл мұра», посвященного национальному песенному и фольклорному наследию казахского народа. Крупнейший в истории отечественной музыки сборник «Асыл мұра», изданный республиканской телерадиокорпорацией «Қазақстан», широко представлен на международных стримингах. Проект реализован совместно с музыкальным лейблом «Ozen». В сборник вошли 400 кюев, 300 жыр-терме, 400 народных песен и песен народных композиторов, 100 сказок, 50 колыбельных, 250 ретро-хитов, хранившихся в «Алтын қор». Особенность и уникальность аудиоиздания заключается в том, что него вошли аутентичные произведения, то есть оригинальные записи первых исполнителей. 1 500 отобранных аудиозаписей теперь представлены на более чем 100 мировых музыкальных платформах, среди которых Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music и другие. Также материалы доступны на сайте altynqor.com ТРК «Қазақстан». Выступая на презентации, Государственный советник отметил, что выпуск сборника «Асыл мұра» обеспечит доступность народного музыкального наследия на мировых платформах, что придаст новый импульс популяризации национальной культуры. – 1500 оригинальных произведений, которые хранились только в архиве Государственной телерадиокорпорации, теперь размещены на мировых музыкальных платформах. Эта мера направлена на реализацию инициативы по созданию Национального цифрового архива с которой выступил Президент Касым-Жомарт Токаев на ІV заседании Национального курултая. Такие проекты способствуют систематизации национального культурного контента. Сборник станет богатым и достоверным источником информации для молодых исполнителей, будущих поколений, а также значительно пополнит базу искусственного интеллекта, – сказал Ерлан Карин. Сборник будет передан в национальные библиотеки страны, библиотеки университетов искусств, также он будет доступен в свободной продаже.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Астанада қазақ халқының ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы жарыққа шығарған «Асыл мұра» – отандық музыка өнері тарихында халықаралық стримингтерде кеңінен таралған ең ірі жинақ. Жоба «Ozen» музыкалық лейблымен бірге жүзеге асырылды.
Жинаққа «Алтын қорда» сақталған 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық әні мен халық композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро хит ән енгізілді. Аудиожинақтың ерекшелігі – мұндағы шығарманың көбі аутентикалық формада, яғни, алғашқы орындаушылары жеткізген түпнұсқа күйінде берілген.
Жобаға енген таңдамалы 1500 аудиожазба Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты әлемге танымал 100-ден астам музыкалық платформаға жүктелді. Сондай-ақ туындылар «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына енгізілді.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Мемлекеттік кеңесші «Асыл мұра» аудиожинағының жарыққа шығуы ұлттық саз өнері мұрасының әлемдік платформаларда қолжетімді етіп, төл мәдениетіміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
– Мемлекеттік телерадиокорпорацияның қорында ғана сақталған 1500 түпнұсқа туынды әлемдік музыкалық платформаларда жарияланып отыр. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген Ұлттық цифрлық мұрағат құру жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мұндай жобалар ұлттық мәдени контентті жүйелеуге жол ашып қана қоймай, өнерпаздардың жаңа буынына, өскелең ұрпаққа сенімді әрі бай дерек көзі болады. Сондай-ақ жасанды интеллектінің жадын едәуір толықтырады, – деді Ерлан Қарин.
Жинақ еліміздегі ұлттық кітапханалар мен өнер университеттерінің кітапханаларына беріледі, сондай-ақ еркін саудаға шығарылады.