Маулен Ашимбаев вручил награды победителям Кубка мира по бочча
Мәулен Әшімбаев боччадан Әлем кубогының жеңімпаздарын марапаттады
Maulen Ashimbayev presented awards to the winners of the Boccia World Cup
Паспорт доказательности qazvision:document:126 · 8756cddbd3dc
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 8756cddbd3dc519e6322b91e8260264fe7d5be1e9b9a38b903d5aa06df56cd8b
qazvision:citation:document:MA-2026-S07
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Пожелание сохранить дружбу и теплые воспоминания о Казахстане.
Развитие параспорта в Казахстане является результатом инициатив Президента по инклюзивному обществу.
Ценность турнира — в дружбе и инклюзии, а не в спортивных результатах.
Финал Кубка мира Astana 2026 World Boccia Cup состоялся сегодня в легкоатлетическом спортивном комплексе «Qazaqstan». Участие в торжественной церемонии принял Спикер Сената Парламента, Президент Казахстанской Федерации по бочча Маулен Ашимбаев.
Приветствуя спортсменов, Маулен Ашимбаев подчеркнул, что благодаря инициативам Главы государства Касым-Жомарта Токаева по построению инклюзивного общества в Казахстане динамично развивается параспорт, а проведение Кубка мира по бочча стало реальным результатом этой системной работы.
«В последние годы по инициативе Президента страны Касым-Жомарта Кемелевича Токаева в Казахстане реализуются важные инициативы по формированию инклюзивного общества. В рамках этих инициатив динамично развивается параспорт, казахстанские параатлеты добиваются высоких результатов на международном уровне. Кроме того, в стране проводятся такие соревнования международного уровня, как Кубок мира по бочча. Все спортсмены без исключения продемонстрировали в ходе состязаний высокое мастерство и профессионализм, свойственные чемпионам», – сказал Маулен Ашимбаев, обращаясь к спортсменам, и пожелал им побед.
Вместе с тем, как отметил Президент Казахстанской Федерации бочча, главным достижением Кубка мира стали не медали, а дружба, инклюзия и объединяющая сила спорта. От имени федерации он поблагодарил организаторов, волонтеров, судей и команду World Boccia за вклад в успешное проведение турнира.
«Истинная ценность Кубка мира по бочча выходит далеко за рамки медалей и результатов. Чемпионат стал символом дружбы, взаимного уважения и силы спорта, объединяющего людей из разных стран и культур. Этот турнир еще раз показал, что бочча – это не только спорт. Это пример силы духа, равных возможностей и непоколебимой воли к победе. Надеюсь, что завязавшаяся дружба между командами, спортсменами и тренерами, останется с вами надолго, а воспоминания о Казахстане будут самыми теплыми», – сказал Маулен Ашимбаев.
По итогам в командных соревнованиях первое место в категории ВС1 заняла Индонезия, второе и третье разделили Португалия и Корея.
В категории ВС3 золото завоевала Франция. Параспортсмены Италии и Сингапура удостоились серебряной и бронзовой медалей соответственно.
Победителем Кубка мира по бочча в категории ВС4 стала Великобритания. Второе место получил Специальный административный район Гонконг, КНР, а третье - КНР.
Отметим, международный турнир «Astana 2026 World Boccia Cup», который проходил в Астане с 1 июня, входит в систему официальных рейтинговых соревнований и является важнейшим квалификационным этапом отбора на предстоящие Паралимпийские игры. Среди участников – Бразилия, Канада, Китай, Великобритания, Южная Корея, Франция, Португалия. На сегодняшний день в национальную сборную Казахстана по бочча входит около 50 параспортсменов.
Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Astana 2026 World Boccia Cup Әлем кубогы жолындағы жарыстың финалдық кезеңі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.
Мәулен Әшімбаев спортшыларды дүбірлі доданың аяқталуымен құттықтай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті қоғам қалыптастыруға арналған бастамасының арқасында елімізде параспорт қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол боччадан Әлем кубогының Қазақстанда өтуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі екенін айтты.
«Соңғы жылдары Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптастыру жолында маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде елімізде параспорт қарқынды дамып, қазақстандық параатлеттер халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Сонымен қатар елімізде боччадан Әлем кубогы сияқты халықаралық деңгейдегі жарыстар да ұйымдастырылып жатыр. Осы сайыста барлық спортшы чемпионға тән жоғары шеберлік пен кәсібиліктің биігінен көріне білді», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Қазақстан бочча федерациясының Президенті Әлем кубогының басты жетістігі жүлде ғана емес, жаңа достар табу және инклюзия мәдениеті мен спорттың адамдарды біріктіретін қасиетін дәріптеу екенін атап өтті. Ол Федерация атынан турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушыларға, еріктілерге, төрешілерге және World Boccia командасына алғыс білдірді.
«Боччадан Әлем кубогының негізгі құндылығы жүлделер мен нәтижелерден әлдеқайда ауқымды. Бұл жарыс достықтың, өзара құрметтің және спорттың әртүрлі елдер мен мәдениеттер өкілдерін біріктіретін күшінің жарқын символына айналды. Турнир боччаның жай ғана спорт емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл – асқақ рухтың, тең мүмкіндіктердің және жеңіс жолындағы ерік-жігердің озық үлгісі. Командалар, спортшылар мен жаттықтырушылар арасында орнаған достық ұзақ жылдарға жалғасып, жарысқа қатысушылардың жүрегінде Қазақстан туралы ең жылы естеліктер сақталады деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық сайыста ВС1 санатында Индонезия құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды Португалия мен Корея құрамалары өзара бөлісті.
ВС3 санатында Франция құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлдеге Италия спортшылары ие болса, Сингапур құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Ал, ВС4 санатында Ұлыбритания құрамасы боччадан Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Екінші орынды Қытай Халық Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданы иеленсе, үшінші орын Қытай Халық Республикасының құрамасына бұйырды.
Айта кетейік, Astana 2026 World Boccia Cup сайысы 1 маусымда басталды. Бұл халықаралық турнир ресми рейтингтік жарыстар жүйесінің қатарында және алдағы Паралимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Дүбірлі додаға Бразилия, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция және Португалия бастаған көптеген елдің спортшылары қатысты. Бүгінде боччадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 50-ге жуық параспортшы бар екенін де атап өткен жөн.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)
The Astana 2026 World Boccia Cup Final took place today at the Qazaqstan Athletics Sports Complex. Maulen Ashimbayev, Speaker of the Senate of the Parliament and President of the Kazakhstan Boccia Federation, participated in the ceremony.
Welcoming the athletes, Maulen Ashimbayev emphasized that, thanks to the initiatives of Head of State Kassym-Jomart Tokayev to build an inclusive society, parasports are developing dynamically in Kazakhstan, and the Boccia World Cup is a tangible result of this systematic work.
"In recent years, at the initiative of President Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev, Kazakhstan has been implementing important initiatives to foster an inclusive society. As part of these initiatives, parasports is developing dynamically, with Kazakhstani para-athletes achieving high results at the international level. Furthermore, the country hosts international competitions such as the Boccia World Cup. All athletes, without exception, demonstrated the high skill and professionalism characteristic of champions during the competition," said Maulen Ashimbayev, addressing the athletes and wishing them success.
At the same time, as the President of the Kazakhstan Boccia Federation noted, the World Cup's greatest achievement was not the medals, but the friendship, inclusion, and unifying power of sport. On behalf of the Federation, he thanked the organizers, volunteers, referees, and the World Boccia team for their contributions to the tournament's success.
"The true value of the Boccia World Cup goes far beyond medals and results. The championship has become a symbol of friendship, mutual respect, and the power of sport, uniting people from different countries and cultures. This tournament has once again demonstrated that boccia is more than just a sport. It is an example of fortitude, equal opportunity, and an unwavering will to win. I hope the friendships forged between the teams, athletes, and coaches will last a long time, and that your memories of Kazakhstan will be the warmest," said Maulen Ashimbayev.
Indonesia took first place in the team competition in the BC1 category, with Portugal and Korea sharing second and third.
France won gold in the BC3 category. Para-athletes from Italy and Singapore earned silver and bronze medals, respectively.
Great Britain won the Boccia World Cup in the BC4 category. Hong Kong Special Administrative Region, China, took second place, and China took third.
The Astana 2026 World Boccia Cup, which took place in Astana on June 1, is part of the official ranking competition system and is a key qualifying stage for the upcoming Paralympic Games. Participants include Brazil, Canada, China, Great Britain, South Korea, France, and Portugal. Currently, the Kazakhstan national boccia team includes approximately 50 para-athletes.
(Press Office of the Senate, 74-72-27. Photo by: A. Baizhumanov)