В Астане простились с Акимом Тарази
Астанада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Astana bids farewell to Akim Tarazi
Рабочий вывод
Что важно в документе
Наследие Акима Тарази будет служить будущим поколениям.
Токаев уважал творчество Акима Тарази.
24 апреля, Астана. На церемонии прощания с выдающимся казахстанским деятелем, писателем Акимом Тарази в Центральной мечети Астаны Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов зачитал письмо с соболезнованиями от имени Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. «Выражаю глубокие соболезнования в связи с кончиной выдающегося писателя, драматурга, Қазақстанның Еңбек Ері Акима Тарази. Аким Тарази был великим сыном казахского народа, посвятившим всю свою сознательную жизнь развитию отечественной литературы и культуры. Талантливый писатель расширил горизонты казахской прозы и внес неоценимый вклад в продвижение национальной кинематографии и драматургии. В своем творчестве он всегда хранил верность нравственным идеалам. Среди благодарных читателей он был известен как «Әдебиет әлемінің Әкімі» («Аким литературного мира»), а творческая интеллигенция высоко ценила его труды и личные качества. Он прожил достойную жизнь и оставил нам богатое литературное наследие. Светлый образ Акима Тарази навсегда останется в памяти нашего народа», - говорится в соболезновании Президента. Спикер Мажилиса подчеркнул, что Глава государства всегда с особым почтением относился к творчеству Акима Тарази. Несколько лет назад за заслуги перед народом писатель был удостоен высокого звания «Еңбек ері». Ерлан Кошанов отметил, что богатое культурное наследие, которое оставил после себя Аким Тарази, будет служить еще многим поколениям казахстанцев. В церемонии прощания приняли участие родные и близкие писателя, руководство и члены Союза писателей Казахстана, представители государственных органов, творческая интеллигенция страны. Пресс-служба Мажилиса, 74-66-20. Фото Т.Таныбаева
24 сәуір, Астана. Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Онда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді. «Аса көрнекті жазушы, драматург, Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген Президенттің көңіл айтуында. Мәжіліс спикері Мемлекет басшысы Әкім Тарази шығармашылығына әрқашан ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Осыдан бірер жыл бұрын елі алдындағы еңбегін үшін жазушыға «Еңбек ері» атағы берілген еді. Ерлан Қошанов Әкім Таразидың артында қалған мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа рухани азық боларын айтты. Қоштасу рәсіміне жазушының туған-туыстары мен жақындары, Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы мен мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің шығармашыл зиялы қауымы қатысты. Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Т.Таныбаев.
April 24, Astana. At the farewell ceremony for the outstanding Kazakh figure, writer Akim Tarazi in the Central Mosque of Astana, Chairman of the Mazhilis Erlan Koshanov read a letter of condolences on behalf of the President of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev. "I express my deep condolences on the death of the outstanding writer, playwright, Kazakhstan Enbek Yeri Akim Tarazi. Akim Tarazi was a great son of the Kazakh people, who devoted his entire adult life to the development of national literature and culture. The talented writer expanded the horizons of Kazakh prose and made an invaluable contribution to the promotion of national cinematography and drama. In his work, he always remained faithful to moral ideals. Among grateful readers, he was known as "Adebiet Aleminin Akimi" ("Akim of the literary world"), and the creative intelligentsia highly valued his works and personal qualities. He lived a dignified life and left us a rich literary heritage. The bright image of Akim Tarazi will forever remain in the memory of our people," the President's condolences say. The Speaker of the Mazhilis emphasized that the Head of State always treated the works of Akim Tarazi with special respect. Several years ago, the writer was awarded the high title of "Yenbek Yeri" for his services to the people. Erlan Koshanov noted that the rich cultural heritage that Akim Tarazi left behind will serve many generations of Kazakhstanis. The farewell ceremony was attended by relatives and friends of the writer, the leadership and members of the Writers' Union of Kazakhstan, representatives of government agencies, and the country's creative intelligentsia. Press department of the Mazhilis, 74-66-20. Photo by T. Tanybaev