Спикер Мажилиса выступил на Международном форуме к 80-летию Победы в Волгограде
Мәжіліс спикері Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық форумда сөз сөйледі
The Speaker of the Mazhilis spoke at the International Forum for the 80th Anniversary of Victory in Volgograd
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан активно участвовал в войне, формируя военные части.
Более 300 тысяч казахстанцев участвовали в Сталинградской битве.
29 апреля, Волгоград. Парламентская делегация во главе с Председателем Мажилиса Ерланом Кошановым приняла участие в Международном форуме «Великое наследие – общее будущее» в Волгограде. Мероприятие было посвящено 80-летию со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В форуме приняли участие парламентские делегации Китая, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Туркменистана, Азербайджана, Армении, Вьетнама, Кубы, Монголии, Сербии, Словакии и других стран. Итоговая сессия прошла с участием президентов Российской Федерации Владимира Путина и Республики Беларусь Александра Лукашенко. В своем выступлении на открытии форума Ерлан Кошанов отметил, что Вторая мировая война как одна из самых трагических страниц в летописи человечества навсегда останется частью истории многонационального Казахстана. – Мы собрались на этой священной земле в преддверии 80-летия Победы в Великой Отечественной войне. Победы, которая имеет всемирно-историческое значение. Наш святой долг – помнить о войне, о героях, об их мужестве. В этой связи хотел бы процитировать Президента Касым-Жомарта Токаева. Он сказал: «Казахстан всегда выступал и будет выступать за историческую правду, сохранение настоящей памяти об этом самом кровопролитном конфликте в истории человечества», – заявил Спикер Мажилиса. Он также рассказал, что в год 80-летия Великой Победы по всему Казахстану пройдет около двух тысяч памятных, научно-исследовательских, просветительских и других мероприятий. Самым масштабным событием станет военный парад в Астане. По инициативе Главы государства более пятисот улиц в населенных пунктах по всей стране будут названы в честь уроженцев этих мест – героев войны. Ерлан Кошанов подчеркнул, что в Казахстане в годы войны были сформированы десятки военных частей, воевавших на всех фронтах. Всего на фронт ушло более 1,7 млн казахстанцев – это четверть всего населения республики на тот момент. Более половины из них не вернулись с поля боя. 500 казахстанцев стали Героями Советского Союза, более ста – полными кавалерами Ордена Славы, четверо из которых были дважды удостоены звания Героя Советского Союза. Спикер Мажилиса напомнил, что в битве под Сталинградом – одной из крупнейших и самых кровопролитных за историю Второй мировой войны – героически сражались более трехсот тысяч казахстанцев. Четверо из них – Нуркен Абдиров, Карсыбай Сыпатаев, Тимофей Позолотин, Гаяз Рамаев – были удостоены звания Героя Советского Союза. В ходе визита делегация Мажилиса приняла участие в памятных мероприятиях на Мамаевом кургане. Здесь депутаты возложили цветы к памятнику казахстанцам, мужественно сражавшимся при обороне Сталинграда, а также к памятной плите Героя Советского Союза Нуркена Абдирова, казахстанского военного летчика, героически погибшего в бою в декабре 1942 года в возрасте 23 лет. В ходе посещения музея-панорамы «Сталинградская битва» Ерлан Кошанов от имени Мажилиса Парламента передал в дар музею мини-копию памятника Нуркену Абдирову, установленного на родине героя, в Караганде. Казахстанские депутаты также приняли участие в работе панельных сессий форума и в церемонии зажжения Вечного огня на Аллее героев. Пресс-служба Мажилиса, 74-66-20. Фото Т.Таныбаева.
29 сәуір, Волгоград. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Волгоградта «Ұлы мұра – ортақ болашақ» атты халықаралық форумға қатысты. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Форумға Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Вьетнам, Куба, Моңғолия, Сербия, Словакия және басқа да елдердің Парламент делегациялары қатысты. Қорытынды сессия Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен өтті. Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат шежіресіндегі ең қайғылы оқиғаның бірі ретінде көпұлтты Қазақстанның ортақ тарихының бір бөлігі болып қалғанын атап өтті. – Біз осынау қасиетті жерде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз. Бұл Жеңіс – дүниежүзілік маңызы зор тарихи оқиға. Соғысты, қаһармандарды, олардың ерлігін мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөзін айтқым келеді. Ол: «Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды», – деді Мәжіліс спикері. Ол сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан бойынша екі мыңға жуық еске алу, ғылыми-зерттеу, ағартушылық және басқа да іс-шаралар өткізілетінін айтты. Астанадағы әскери шеру ең ауқымды оқиға болмақ. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендерде бес жүзден астам көшеге соғысқа қатысқан жергілікті қаһармандардың есімі беріледі. Ерлан Қошанов соғыс жылдарында Қазақстанда барлық майданда шайқасқан ондаған әскери бөлім құрылғанын айтты. Жалпы майданға 1,7 миллионнан астам қазақстандық аттанды. Бұл сол кездегі республика халқының төрттен бір бөлігі болатын. Олардың жартысынан астамы ұрыс алаңынан оралмады. 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды, 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері болды. Ал төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Мәжіліс спикері Сталинград майданында – Екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы ең ірі әрі қантөгісті ұрыстардың бірінде үш жүз мыңнан астам қазақстандық жауынгер ерлікпен шайқасқанын еске салды. Солардың төртеуі – Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Тимофей Позолотин және Ғаяз Рамаев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Мамаев қорғанындағы еске алу іс-шараларына қатысты. Мұнда депутаттар Сталинград қорғанысы кезінде ерлікпен шайқасқан қазақстандықтарға арналған ескерткішке және 1942 жылы желтоқсанда 23 жасында шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, қазақстандық әскери ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды. «Сталинград шайқасы» музей-панорамасын аралау кезінде Ерлан Қошанов Мәжіліс атынан музейге Нұркен Әбдіровтің туған жері Қарағандыда орнатылған ескерткішінің шағын көшірмесін сыйға тартты. Сондай-ақ Қазақстан депутаттары форумның панельдік сессияларына және Батырлар аллеясындағы Мәңгілік алау жағу рәсіміне қатысты. Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген – Т.Таныбаев.
April 29, Volgograd. The parliamentary delegation headed by the Chairman of the Mazhilis Erlan Koshanov took part in the International Forum "Great Heritage - Common Future" in Volgograd. The event was dedicated to the 80th anniversary of Victory Day in the Great Patriotic War. The forum was attended by parliamentary delegations from China, Kyrgyzstan, Uzbekistan, Tajikistan, Turkmenistan, Azerbaijan, Armenia, Vietnam, Cuba, Mongolia, Serbia, Slovakia and other countries. The final session was held with the participation of the Presidents of the Russian Federation Vladimir Putin and the Republic of Belarus Alexander Lukashenko. In his speech at the opening of the forum, Erlan Koshanov noted that World War II, as one of the most tragic pages in the annals of mankind, will forever remain part of the history of multinational Kazakhstan. – We have gathered on this sacred land on the eve of the 80th anniversary of the Victory in the Great Patriotic War. A victory that has world-historical significance. Our sacred duty is to remember the war, the heroes, their courage. In this regard, I would like to quote President Kassym-Jomart Tokayev. He said: "Kazakhstan has always stood and will stand for the historical truth, preserving the true memory of this bloodiest conflict in the history of mankind," the Speaker of the Mazhilis said. He also said that in the year of the 80th anniversary of the Great Victory, about two thousand memorial, scientific research, educational and other events will be held throughout Kazakhstan. The largest event will be the military parade in Astana. At the initiative of the Head of State, more than five hundred streets in populated areas throughout the country will be named in honor of the natives of these places - war heroes. Erlan Koshanov emphasized that dozens of military units were formed in Kazakhstan during the war, fighting on all fronts. In total, more than 1.7 million Kazakhstanis went to the front - this is a quarter of the entire population of the republic at that time. More than half of them did not return from the battlefield. 500 Kazakhstanis became Heroes of the Soviet Union, more than a hundred became full Cavaliers of the Order of Glory, four of whom were twice awarded the title of Hero of the Soviet Union. The Speaker of the Mazhilis recalled that more than three hundred thousand Kazakhstanis fought heroically in the Battle of Stalingrad, one of the largest and bloodiest in the history of World War II. Four of them - Nurken Abdirov, Karsybai Sypatayev, Timofey Pozolotin, Gayaz Ramayev - were awarded the title of Hero of the Soviet Union. During the visit, the Mazhilis delegation took part in memorial events on Mamayev Kurgan. Here, the deputies laid flowers at the monument to the Kazakhs who bravely fought in the defense of Stalingrad, as well as at the memorial plaque of the Hero of the Soviet Union Nurken Abdirov, a Kazakh military pilot who heroically died in battle in December 1942 at the age of 23. During a visit to the panorama museum "Battle of Stalingrad", Erlan Koshanov, on behalf of the Mazhilis of Parliament, donated to the museum a mini-copy of the monument to Nurken Abdirov, erected in the hero's homeland, in Karaganda. Kazakh deputies also took part in the work of the panel sessions of the forum and in the ceremony of lighting the Eternal Flame on the Alley of Heroes. Press department of the Mazhilis, 74-66-20. Photo by T. Tanybaev.