«Формальное освоение бюджета недопустимо, должна быть нацеленность на результат» – Спикер Сената
«Бюджетті формальды түрде игеруге болмайды, қаражат нақты нәтижелерге бағытталуы керек» – Сенат Төрағасы
«Formal budget spending is unacceptable; there must be a focus on results,» says the Senate Speaker.
Паспорт доказательности qazvision:document:121 · cb9209a28956
SHA-256 опубликованного текстового слоя: cb9209a289567d5876e798d302e191744cadd3a30d34d5f2f267074c224e4c7d
qazvision:citation:document:MA-2026-S03
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Токаев поручил прекратить формальное освоение бюджета, направлять средства на полезные проекты.
Бюджетный кодекс повысил гибкость, но 8 корректировок говорят о низкой точности планирования.
Рассмотрение отчета об исполнении бюджета за 2025 год.
Под председательством Спикера Сената Парламента РК Маулена Ашимбаева состоялось заседание Палаты. Депутаты рассмотрели отчеты Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2025 год и ряд законов.
В ходе рассмотрения отчетов был отмечен рост национальной экономики на 6,5% по итогам прошлого года. Положительная динамика обусловлена инвестиционным притоком, активизацией деловой среды и укреплением обрабатывающего сектора. Вместе с тем сохраняющееся фискальное стимулирование спровоцировало рост инфляционного давления, повлекший за собой сокращение реальных доходов населения. Данный фактор актуализировал потребность в повышении качества бюджетного планирования, в связи с чем сенаторы обозначили ряд системных проблем.
« Сегодня мы рассмотрели и обсудили отчет Правительства и заключение Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. В прошлом году экономический рост составил 6,5%, достигнутый в результате привлечения инвестиций, роста деловой активности и усиления обрабатывающего сектора. Вместе с тем вопросы у сенаторов вызвали качество планирования бюджета, рост долговой нагрузки и зависимость регионов от центра, а также деятельность внебюджетных фондов и другие направления. В частности, Бюджетный кодекс сделал управление финансами Правительства более гибким. Однако 8 корректировок и масштабное перераспределение средств указывают на низкую точность планирования бюджета », – сказал Маулен Ашимбаев.
Спикер Палаты напомнил о требовании Главы государства Касым-Жомарта Токаева прекратить практику формального освоения бюджетных средств. Он подчеркнул, что финансирование должно выделяться исключительно на те проекты, которые дают ощутимый экономический эффект и приносят реальную пользу населению.
« Президент страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поручил прекратить практику формального освоения бюджета и направлять средства только на те проекты, которые принесут реальную пользу нашим гражданам и экономике страны. Сегодняшнее обсуждение показало, что повышение качества бюджетного процесса требует большой ответственности, порядка исполнения и нацеленности на конкретные результаты. Кроме того, новый Налоговый кодекс должен сбалансировать доходы государства и развитие бизнеса. Надеемся, что Правительство внимательно изучит все озвученные замечания и предложения и примет необходимые меры для их реализации », – сказал Спикер Палаты и поблагодарил руководство и членов Правительства, Председателей Национального Банка и Высшей аудиторской палаты за содержательное и конструктивное обсуждение.
С докладами перед участниками заседания также выступили Министр финансов Мади Такиев, Председатель Национального Банка Тимур Сулейменов, Председатель Высшей аудиторской палаты Алихан Смаилов. Наряду с сенаторами, участие в заседании Палаты приняли заместители Премьер-министра, главы Министерств, Агентств и национальных компаний.
Обсудив отчеты Правительства и Высшей Аудиторской Палаты, сенаторы утвердили кандидатуру депутата Нурлана Бекенова, как содокладчика от имени Сената на предстоящем совместном заседании Палат Парламента, где будет рассматриваться этот вопрос.
Кроме того, на заседании в первом чтении был рассмотрен Закон РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам экологии и совершенствования отдельных отраслей экономики». Законодательные изменения направлены на цифровизацию экологической сферы, развитие климатического регулирования и усиление экоконтроля. Поправки оптимизируют работу Национальной гидрометеорологической службы Казахстана, проведение экологической экспертизы и общественных слушаний, а также упрощают выдачу разрешений для инвестиционных проектов. Исключение сделано для морской разведки углеводородов, где сохраняется строгий экологический режим.
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері мен күн тәртібіне шығарылған заңды қарады.
Есептерді талқылау барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың өсімі 6,5 пайызды құрағаны атап өтілді. Бұл оң динамика инвестиция көлемінің артуының, іскерлік белсенділіктің жандануының және өңдеу өнеркәсібі секторының нығаюының нәтижесінде қамтамасыз етілгені де назарға алынды. Сонымен қатар сақталып отырған бюджеттік ынталандыру инфляциялық қысымды күшейтіп, халықтың нақты табысының төмендеуіне әсер етті. Осыған байланысты сенаторлар бюджетті жоспарлаудың сапасын арттыру қажет екенін айтып, бірқатар жүйелі мәселеге назар аударды.
« Бүгін біз Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарап, талқыладық. Былтыр инвестициялар тарту, іскерлік белсенділіктің артуы және өңдеу секторын дамыту нәтижесінде экономикалық өсім 6,5 пайызды құрады. Сонымен қатар сенаторлар бюджетті жоспарлаудың сапасына, борыштық жүктеменің өсуіне, өңірлердің орталыққа тәуелділігіне, бюджеттен тыс қорлардың қызметіне және басқа да мәселелерге қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Жалпы, Бюджет кодексі Үкіметтің қаржы ресурстарын басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтті. Алайда бюджетке сегіз рет түзету енгізілуі және қаражаттың ауқымды түрде қайта бөлінуі жоспарлау дәлдігінің төмендігін көрсетеді », – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет қаражатын формалды түрде игеру тәжірибесін тоқтату керектігі жөнінде айтқанына назар аударды. Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев қаржыландыру нақты экономикалық нәтиже беретін және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін жобаларға ғана бағытталуға тиіс екенін тілге тиек етті.
« Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бюджет қаражатын формалды түрде игеру тәжірибесін тоқтатып, қаржыны азаматтарымызға және ел экономикасына нақты пайда әкелетін жобаларға ғана бағыттауды тапсырды. Бүгінгі талқылау бюджет процесінің сапасын арттыру жоғары жауапкершілікті, атқарушылық тәртіпті және нақты нәтижеге бағдарлануды талап ететінін көрсетті. Сонымен қатар жаңа Салық кодексі мемлекет кірістері мен бизнестің дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге тиіс. Үкімет айтылған барлық ескерту мен ұсыныстарды мұқият зерделеп, оларды іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдайды деп сенеміз », – деп, Палата Төрағасы мазмұнды әрі сындарлы пікір алмасуға қатысқан Үкімет мүшелеріне, Ұлттық Банк пен Жоғары аудиторлық палатаның басшылығына алғыс білдірді.
Отырыста Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов және Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайылов баяндама жасады. Палата отырысына сенаторлармен қатар Премьер-министрдің орынбасарлары, министрліктердің, агенттіктердің және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.
Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін талқылағаннан кейін Парламент Палаталарының алдағы бірлескен отырысында осы мәселе бойынша Сенат атынан қосымша баяндама жасайтын депутат Нұрлан Бекеновтің кандидатурасын мақұлдады.
Сонымен қатар Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бірінші оқылымда қаралды. Аталған заң аясындағы түзетулер экология саласын цифрландыруға, климаттық реттеуді дамытуға және экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған. Қабылданатын өзгерістер Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысын жетілдіруге, экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ, инвестициялық жобалар үшін рұқсат беру тәртібін жеңілдетуге жол ашады. Бұл ретте көмірсутектерді теңізде барлау жұмыстарына қатысты қатаң экологиялық талаптар сақталатынын атап өткен жөн.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)
A session of the Senate of the Parliament of the Republic of Kazakhstan was held under the chairmanship of Maulen Ashimbayev, Speaker of the Senate of the Parliament of the Republic of Kazakhstan. Deputies reviewed the reports of the Government and the Supreme Audit Chamber on the execution of the republican budget for 2025, as well as a number of laws.
During the review of the reports, the national economy grew by 6.5% last year. This positive trend was driven by an influx of investment, a more active business environment, and a strengthening manufacturing sector. However, ongoing fiscal stimulus has led to increased inflationary pressure, resulting in a decline in real incomes. This has highlighted the need to improve budget planning, leading the senators to identify a number of systemic issues.
"Today, we reviewed and discussed the Government's report and the Supreme Audit Chamber's conclusion on the execution of the 2025 republican budget. Last year, economic growth was 6.5%, achieved through investment, increased business activity, and a strengthened manufacturing sector. However, senators raised questions about the quality of budget planning, the growing debt burden and the regions' dependence on the center, as well as the activities of off-budget funds and other areas. In particular, the Budget Code has made government financial management more flexible. However, eight adjustments and a large-scale reallocation of funds indicate poor budget planning," said Maulen Ashimbayev.
The Speaker of the Chamber recalled Head of State Kassym-Jomart Tokayev's demand to end the practice of formally appropriating budget funds. He emphasized that funding should be allocated exclusively to projects that deliver tangible economic impact and bring real benefits to the population.
"President Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev has instructed us to end the practice of formal budget spending and to allocate funds only to projects that will bring real benefits to our citizens and the national economy. Today's discussion demonstrated that improving the quality of the budget process requires greater responsibility, disciplined execution, and a focus on concrete results. Furthermore, the new Tax Code must balance state revenues with business development. We hope that the Government will carefully study all the comments and suggestions voiced and take the necessary measures to implement them," the Speaker of the Chamber said, thanking the leadership and members of the Government, the Chairmen of the National Bank, and the Supreme Audit Chamber for the informative and constructive discussion.
Finance Minister Madi Takiyev, Chairman of the National Bank Timur Suleimenov, and Chairman of the Supreme Audit Chamber Alikhan Smailov also addressed the meeting. Along with senators, Deputy Prime Ministers, heads of ministries, agencies, and national companies participated in the Chamber meeting.
After discussing the reports of the Government and the Supreme Audit Chamber, the senators approved the candidacy of Deputy Nurlan Bekenov as a co-rapporteur on behalf of the Senate at the upcoming joint session of the Chambers of Parliament, where this issue will be considered.
Furthermore, the Law of the Republic of Kazakhstan "On Amendments and Additions to Certain Legislative Acts of the Republic of Kazakhstan on Environmental Issues and the Improvement of Certain Sectors of the Economy" was considered in its first reading at the meeting. These legislative changes are aimed at digitalizing the environmental sphere, developing climate regulation, and strengthening environmental oversight. The amendments streamline the work of the National Hydrometeorological Service of Kazakhstan, the conduct of environmental assessments and public hearings, and simplify the issuance of permits for investment projects. An exception is made for offshore hydrocarbon exploration, where strict environmental regulations remain in place.
(Press department of the Senate, 74-72-27. Photo - N. Baybulin)