Совместные проекты в продбезопасности обсудили Премьер-министр Олжас Бектенов и Гендиректор FAO Цюй Дунъюй
Премьер-министр Олжас Бектенов пен FAO-ның бас директоры Цюй Дунъю азық-түлік қауіпсіздігіндегі бірлескен жобаларды талқылады
Паспорт доказательности qazvision:document:1159 · 584663fac3cf
Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: 584663fac3cf1c8a30ff60d9ae5f9c3ce1983246b110e4a4251e11854c70413f
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан планирует реализовать более 600 инвестиционных проектов в агропродовольственном секторе на сумму свыше $4,8 млрд в ближайшие три года.
Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с Генеральным директором Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (FAO) Цюй Дунъюем, прибывшим в Казахстан для участия в Астанинском международном форуме. Рассмотрен ход реализации договоренностей, достигнутых в ходе переговоров на высшем уровне в 2024 году. Обсуждены актуальные вопросы и планы работ в рамках Программы партнерства Казахстан-FAO.
Внимание уделено перспективам углубления сотрудничества в сфере агропереработки и наращивания экспорта сельскохозяйственной продукции с высокой добавленной стоимостью. Премьер-министр РК акцентировал внимание на том, что сельское хозяйство является одной из ключевых отраслей национальной экономики. Казахстан экспортирует сельхозпродукцию в 80 стран мира и занимает 32-е место из 113 стран в Глобальном индексе продовольственной безопасности.
«Усилия по развитию отрасли приносят результаты: в прошлом году мы зафиксировали рост валовой продукции сельского хозяйства на 13,7%. В ближайшие годы Казахстан намерен активно развивать агропереработку и увеличить долю продукции с высокой добавленной стоимостью до 70%. Планируется строительство новых и модернизация действующих перерабатывающих предприятий. В течение следующих трёх лет мы планируем реализовать более 600 инвестиционных проектов в агропродовольственном секторе на сумму свыше $4,8 млрд» , — подчеркнул Олжас Бектенов.
Казахстан заинтересован в обмене передовыми агротехнологиями, а также развитии научных подходов к производству. Генеральный директор FAO высоко оценил потенциал Казахстана и выразил уверенность в дальнейшем углублении взаимодействия. «Казахстан, обладая обширными земельными ресурсами, богатым агробиоразнообразием и стратегическим положением в самом центре Евразии, имеет колоссальный потенциал для того, чтобы стать мировым лидером в области устойчивого сельского хозяйства.
Будучи девятой по величине страной в мире, Казахстан имеет все возможности и амбиции для того, чтобы превратить свои агропродовольственные системы в движущую силу устойчивого развития, экономического роста и экологической ответственности. FAO гордится крепким партнерством с Казахстаном и намерено и далее поддерживать страну в достижении продовольственной безопасности, внедрении инноваций и продвижении устойчивых решений для будущих поколений» , — сказал Цюй Дунъюй.
Одним из приоритетов сотрудничества является внедрение цифровых решений в аграрном секторе. Казахстан инициировал создание геоинформационной системы на базе искусственного интеллекта и единой цифровой платформы FitoSpace для борьбы и профилактики распространения стадных саранчовых. Данный сервис позволит повысить точность мониторинга, минимизировать использование пестицидов и снизить экологические риски, что будет способствовать эффективности сельского хозяйства и усилению фитосанитарного контроля.
Кроме того, отмечена необходимость дальнейшего развития ветеринарной системы и биобезопасности. Обсуждены перспективы укрепления взаимодействия по устойчивому управлению водными ресурсами. Казахстаном начата работа по исследованию возможностей создания отдельной Программы партнерства Казахстана и FAO по управлению водными ресурсами. Также стороны подчеркнули важность совместной работы по борьбе с деградацией земель и опустыниванием.
Казахстан заинтересован в расширении сотрудничества с FAO по реализации инициатив, особенно актуальных для семи регионов страны, подверженных воздействию засухи и пыльных бурь. В целом деятельность Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН в Казахстане охватывает содействие в разработке национальных стратегических документов в области развития агропромышленного комплекса страны. На данный момент портфель проектов FAO в Казахстане включает в себя более 55 инициатив, в том числе 33 реализованных проекта, а также 22 текущих.
28 Мамыр 2025, 16:41
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті.
Кездесуде 2024 жылы жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы қаралды. Сондай-ақ Қазақстан – FAO серіктестік бағдарламасы аясындағы өзекті мәселелер мен жұмыс жоспарлары талқыланды.
Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және қосылған құны жоғары агроөнімдері экспортын ұлғайту перспективаларына назар аударылды.
ҚР Премьер-министрі ауыл шаруашылығы ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі екенін баса айтты. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемнің 80 еліне экспорттайды және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінде 113 елдің ішінде 32-ші орында.
«Саланы дамыту жұмыстары өз нәтижесін беруде: өткен жылы біз ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13,7%-ға өскенін атап өттік. Қазақстан таяу жылдарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді белсенді түрде дамытып, қосылған құны жоғары өнім үлесін 70%-ға жеткізуге ниетті. Жаңа өңдеу кәсіпорындарын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Алдағы үш жылда біз агроазық-түлік саласында жалпы құны $4,8 млрд-тан асатын 600-ден астам инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов. Қазақстан озық агротехнологиялармен алмасуға, сондай-ақ өндіріске ғылыми көзқарастарды дамытуға мүдделі.
FAO-ның бас директоры Қазақстан әлеуетін жоғары бағалап, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.
«Қазақстан, Еуразияның қақ ортасында орналасқан, орасан зор жер ресурстары мен бай агробиоалуантүрлілікке ие, стратегиялық орналасуымен тұрақты ауыл шаруашылығында әлемдік көшбасшыға айналуы үшін зор әлеуетке ие. Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орындағы ірі ел ретінде Қазақстанның агроазық-түлік жүйелерін орнықты дамудың, экономикалық өсудің және экологиялық жауапкершіліктің қозғаушы күшіне айналдыруда әлеуеті мен амбициясы жетерлік. FAO Қазақстанмен берік серіктестігін мақтан тұтады және елімізді азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуде, инновацияларды енгізуде және болашақ ұрпақ үшін орнықты шешімдерді ілгерілетуде одан әрі қолдау көрсетуге ниетті» , — деді Цюй Дунъюй.
Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – аграрлық секторда цифрлық шешімдерді енгізу. Қазақстан шегірткелерінің таралуын бақылау және оның алдын алу мақсатында жасанды интеллект негізінде геоақпараттық жүйені және FitoSpace бірыңғай цифрлық платформасын құруға бастамашы болды. Аталған қызмет мониторингінің дәлдігін жақсартуға, пестицидтер пайдалануды және экологиялық қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді, бұл ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға және фитосанитариялық бақылауды күшейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, ветеринарлық жүйені және биоқауіпсіздікті одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді. Су ресурстарын тұрақты басқару бойынша өзара іс-қимылды нығайту перспективалары талқыланды. Қазақстан Су ресурстарын басқару бойынша Қазақстан мен FAO-ның жеке серіктестік бағдарламасын құру мүмкіндіктерін зерттеу жұмысын бастады.
Сондай-ақ тараптар жердің тозуы және шөлейттенуімен күрес бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан құрғақшылық пен шаңды дауылдан зардап шеккен елдің жеті өңірі үшін өзекті бастамаларды жүзеге асыру үшін FAO-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
Жалпы, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Қазақстандағы қызметі елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы ұлттық стратегиялық құжаттарды әзірлеуге жәрдемдесуді қамтиды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы FAO жобаларының қоржыны 55-тен астам бастаманы, оның ішінде 33 іске асырылған жобаны, сондай-ақ 22 жүзеге асып жатқан жобаны қамтиды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Тезисы из этого документа (1)
Контекст
Фрагмент первоисточника 1340–1484
добавленной стоимостью до 70%. Планируется строительство новых и модернизация действующих перерабатывающих предприятий. В течение следующих трёх лет мы планируем реализовать более 600 инвестиционных проектов в агропродовольственном секторе на сумму свыше $4,8 млрд» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Казахстан заинтересован в обмене передовыми агротехнологиями, а также развитии научныхПерейти к полному тексту
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.