Глава государства выступил на бизнес-форуме «Казахстан –Болгария»
Жаңалықтар
Рабочий вывод
Что важно в документе
Визит Радева открывает новый этап стратегического партнерства.
Болгария – дружественная страна и важный стратегический партнер.
За 30 лет установлены прочные дипломатические связи.
Президент Касым-Жомарт Токаев выразил признательность Президенту Румену Радеву и представителям болгарского бизнеса за активное участие в бизнес-форуме «Казахстан – Болгария». Глава государства убежден, что мероприятие придаст новый импульс экономическому и инвестиционному сотрудничеству двух стран. – Официальный визит Президента Радева в Казахстан знаменует собой начало новой главы в нашем стратегическом партнерстве, которое служит движущей силой нашего общего прогресса. За тридцать лет между Казахстаном и Болгарией сложились прочные и уважительные политические и дипломатические отношения. Казахстан рассматривает Болгарию как дружественную страну и очень важного стратегического партнера. Однако имеются значительные неиспользованные возможности для расширения нашего торгово-инвестиционного сотрудничества. Мы считаем, что Казахстанско-болгарская межправительственная комиссия по экономическому сотрудничеству могла бы стать важной платформой для наращивания связей между двумя странами, – отметил Президент Казахстана. Далее Глава государства подчеркнул, что Казахстан готов к раскрытию новых возможностей экономического взаимодействия, и перечислил приоритетные секторы для расширения сотрудничества. – Первое – транспортное сообщение. Казахстан и Болгария занимают уникальное географическое положение. Наша страна, расположенная в самом сердце Евразии, служит жизненно важным звеном в обеспечении континентальной связанности. Мы обеспечиваем 85% всех сухопутных перевозок между Европой и Китаем. Благодаря расширяющейся инфраструктуре Среднего коридора, включая современные железные дороги, сухие порты и логистические центры, мы соединяем Восток и Запад эффективнее, чем когда-либо прежде. В прошлом году грузоперевозки по этому маршруту выросли на 62%, достигнув 4,5 млн тонн. Это ярко демонстрирует его растущую значимость. Ожидается, что к 2028 году пропускная способность увеличится до 10 млн тонн. Мы стремимся расширять грузоперевозки по этому маршруту и приветствуем присоединение BMF Port Burgas – ключевого логистического центра на Черном море – к Среднему коридору, – сказал Касым-Жомарт Токаев. Вторым перспективным направлением Президент назвал устойчивую энергетику. По его словам, Казахстан добился определенного прогресса в развитии своего сектора возобновляемой энергетики. – Наша страна стала привлекательным местом для крупных международных инвесторов в зеленую энергетику. В настоящее время в Казахстане насчитывается более 150 объектов возобновляемой энергетики, общая мощность которых превышает 3 ГВт. Мы считаем, что совместные усилия в рамках инициативы Black Sea Energy будут способствовать достижению наших общих целей по декарбонизации. Между тем Казахстан прилагает усилия по увеличению добычи газа, проводя геологоразведочные работы и участвуя в международных проектах. Будучи мировым лидером по добыче урана, наша страна начала процесс строительства атомных станций, которые должны увеличить наши энергетические мощности, что в свою очередь положительно скажется на нашем экономическом сотрудничестве, – подчеркнул Глава нашего государства. Далее в выступлении был охарактеризован потенциал отечественного агробизнеса. – Наша сельскохозяйственная продукция уже экспортируется в более чем 70 стран мира. Казахстан, ежегодно поставляющий более восьми миллионов тонн пшеницы и двух миллионов тонн муки, входит в десятку крупнейших мировых экспортеров зерна. Мы заинтересованы в развитии сотрудничества с болгарскими партнерами в производстве мясной и молочной продукции, меда, растительных масел. Мы приветствуем интерес компании Lekkerbek к инвестированию в мясопереработку в городе Шымкенте. Данный проект позволит внедрить современные технологии и повысить экспортный потенциал региона, – заявил Президент. По мнению Главы государства, значительные возможности для сотрудничества с болгарскими партнерами имеются и в фармацевтическом секторе. Особое внимание в выступлении было уделено цифровой трансформации. Президент сообщил, что государство и частный сектор Казахстана широко внедряют передовые цифровые решения. – Чтобы повысить нашу конкурентоспособность, мы стали пионерами в разработке технологий искусственного интеллекта. Наши усилия по созданию передовой IТ-инфраструктуры, включающей строительство суперкомпьютеров и центров обработки данных, станут основой будущего прогресса Казахстана. Параллельно мы запускаем Международный центр искусственного интеллекта, призванный содействовать развитию экономики, основанной на искусственном интеллекте. Г-н Президент, Вы сообщили мне о впечатляющих достижениях Вашей страны в освоении искусственного интеллекта и создании собственного суперкомпьютера. Эти достижения закладывают основу для наших взаимных обменов в этой чрезвычайно важной области. В Казахстане создается пилотная зона CryptoCity, в которой криптовалюты будут интегрированы в повседневные транзакции и более широкую экономическую деятельность, – отметил Касым-Жомарт Токаев. Он также пригласил болгарские компании изучить возможности, предлагаемые Международным финансовым центром «Астана», и присоединиться к динамичной экосистеме МФЦА. В завершение своего выступления Президент вновь подтвердил готовность Казахстана углублять партнерство с Болгарией по широкому спектру направлений.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.
– Президент Радевтің Қазақстанға жасаған ресми сапары стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Бұл – біздің ортақ өркендеу жолындағы ықпалдастығымызға қозғау салады. Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Болгария арасында берік әрі өзара құрметке негізделген саяси және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қазақстан Болгарияны достас ел әрі өте маңызды стратегиялық серіктес санайды. Дегенмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықта пайдаланылмаған әлеует жеткілікті. Екі ел арасындағы байланысты жандандыруда Қазақстан-Болгария экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы маңызды алаңға айналады деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміз экономикалық ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға дайын екенін жеткізіп, басым бағыттарды атап өтті.
– Бірінші – көлік қатынасы. Қазақстан мен Болгария географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан. Еуразияның қақ ортасында тұрған біздің еліміз құрлықаралық байланысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Еуропа мен Қытай арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан аумағымен өтеді. Орта дәліз инфрақұрылымын дамытудың арқасында, яғни, заманауи теміржолдар, құрғақ порттар мен логистикалық орталықтар сала отырып, Шығыс пен Батыс арасын бұрынғыдан әлдеқайда тиімді жалғаймыз. Былтыр аталған дәліздің бойымен тасымалданған жүктің көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жетті. Бұдан осы бағыттың маңызы арта түскенін аңғаруға болады. 2028 жылға қарай жолдың жүк өткізу мүмкіндігі 10 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемін арттыруға ниеттіміз және Қара теңіздегі негізгі логистикалық орталық – Бургас портының Орта дәлізге қосылуын құптаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент орнықты энергетиканы перспективті бағыттың бірі ретінде атады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның жаңартылатын энергия саласы айтарлықтай ілгеріледі.
– Жасыл энергетиканы дамыту ісінде ірі халықаралық инвесторлар үшін тартымды елге айналдық. Бүгінде Қазақстанда 150-ден астам қайта жаңартылатын энергия нысаны бар. Олардың қуаттылығы 3 ГВт-тан асады. Black Sea Energy бастамасы аясындағы бірлескен күш-жігеріміз декарбонизация бойынша ортақ мақсаттарымызға қол жеткізуге ықпал етеді деп санаймыз. Сондай-ақ Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және халықаралық жобаларға қатысу арқылы газ өндіру көлемін ұлғайтуға күш салады. Уран өндіруде әлемдегі көшбасшы елміз. Осы орайда энергетикалық қуатымызды арттыра түсетін атом станциясының құрылысы басталады. Бұл экономикалық ынтымақтастығымызға оң әсер етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, отандық агробизнестің әлеуетін арттыруға баса назар аударылды.
– Біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады. Жыл сайын нарыққа 8 миллион тоннадан астам бидай мен екі миллион тонна ұн шығаратын Қазақстан әлемдегі ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіреді. Болгариялық серіктестерімізбен ет пен сүт өнімдерін, бал, өсімдік майын өндіруде ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Шымкент қаласында ет өңдеу ісіне инвестиция құюды көздеп отырған Lekkerbek компаниясының ниетін қолдаймыз. Бұл жоба заманауи технологиялар енгізіп, аймақтың экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев болгариялық серіктестермен фармацевтика секторында ықпалдастық орнатудың әлеуеті зор деп санайды. Президент өз сөзінде цифрлық трансформацияға баса назар аударды. Сонымен қатар Қазақстанда мемлекет те, жеке сектор да өз істеріне озық цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп жатқанын айтты.
– Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын әзірлеуді қолға алдық. Осылайша, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан алғашқы елге айналдық. Озық ІТ инфрақұрылым жасақтау, соның ішінде суперкомпьютерлер мен мәліметтерді өңдеу орталығын құру Қазақстанның келешектегі дамуының өзегі болмақ. Сонымен қатар жасанды интеллектіге негізделген экономиканы дамытуға ықпал ететін Халықаралық жасанды интеллект орталығын іске қосамыз. Президент мырза, Сіз еліңіздің жасанды интеллектіні игеру және өзінің суперкомпьютерін жасау ісіндегі керемет жетістіктері жөнінде айттыңыз. Аталған табыстарыңыз осы ерекше маңызды салада тәжірибе алмасуға негіз болады. Қазақстанда CryptoCity пилоттық аймағы дайындалу үстінде. Мұнда криптовалютаны күнделікті сауда жасауға, қызметтердің ақысын төлеуге және экономикада кеңінен пайдалануға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Болгария компанияларын Астана халықаралық қаржы орталығы ұсынатын мүмкіндіктерді зерделеп, қарқынды дамып келе жатқан АХҚО экожүйесіне қосылуға шақырды. Сөз соңында Президент Қазақстанның Болгариямен барлық бағыт бойынша серіктестікті тереңдетуге дайын екенін растады.