Спикер Сената обсудил итоги Курултая с жителями Западно-Казахстанской области
Сенат Төрағасы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен Құрылтайда қозғалған мәселелерді талқылады
Западно-Казахстанская область
Паспорт доказательности qazvision:document:113 · 4f7775157e7f
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 4f7775157e7f05b6f49fe8e3942185b538cd0c33f1d25eec5384582b7ede2545
qazvision:citation:document:MA-2025-S01
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
ЗКО вносит вклад в промышленность, сельское хозяйство и МСБ; план привлечь 841 млрд тенге инвестиций.
В апреле пройдет расширенное заседание Совета по взаимодействию с маслихатами в новом формате.
Акцент на качественной реализации задач Курултая для построения Справедливого Казахстана.
Спикер Сената Маулен Ашимбаев провел ряд встреч с трудовыми коллективами, депутатами маслихатов, членами Ассамблеи народа Казахстана, представителями общественности и молодежью Западно-Казахстанской области. На повестке – задачи по реализации поручений Главы государства, озвученных на IV заседании Национального Курултая, пути дальнейшего усиления содействия Сената развитию регионов, а также взаимодействие Палаты с маслихатами по ключевым направлениям.
В ходе встречи с депутатами маслихатов и представителями общественности особое внимание было уделено вопросам, связанным с реализацией политических, экономических и социальных реформ. В этом ключе Маулен Ашимбаев подчеркнул важность качественной реализации задач, поставленных Президентом страны в ходе IV заседания Национального Курултая, для построения Справедливого, безопасного и сильного Казахстана.
Залогом успешного экономического развития страны, как и новых точек роста в регионе, повышения благосостояния граждан, по мнению Спикера Сената, прежде всего, является комплексная работа на всех уровнях, активное участие заинтересованных сторон и конструктивное взаимодействие, в том числе для своевременного принятия необходимых законов.
«Президент страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев на IV заседании Национального Курултая подробно остановился на актуальных вопросах развития Казахстана. Развитие экономики регионов обозначено как одно из ключевых направлений. Особое внимание на Курултае уделено вопросам внутренней политики, идеологии, образования. Все озвученные инициативы направлены на реализацию идеи построения справедливого, безопасного, чистого и сильного Казахстана. Мы должны системно и эффективно работать над реализацией этих и других задач», – сказал Председатель Палаты и призвал коллег-депутатов маслихатов области активнее принимать участие в законодательной работе Сената на благо достижения общих целей.
В этой связи Председатель Сената напомнил участникам встречи, что в апреле запланировано проведение расширенного заседания Совета по взаимодействию с маслихатами в новом формате, на котором будут обсуждаться задачи, обозначенные Главой государства на II республиканском форуме депутатов маслихата.
Вместе с тем, Маулен Ашимбаев остановился на важных аспектах диверсификации экономики, развития обрабатывающей промышленности и сельского хозяйства. Обсудили участники встречи и актуальные для регионов инициативы Главы государства, касающиеся привлечения инвестиций и внедрения новых технологий, запуска современных предприятий и создания рабочих мест.
На сегодняшний день, как было отмечено в ходе встречи, Западно-Казахстанская область занимает одну из лидирующих позиций по темпам роста экономики. Наряду с этим высокие показатели были достигнуты в части ликвидации последствий паводков в прошлом году и по их предупреждению в этом году.
«Сегодня Западно-Казахстанская область вносит большой вклад в развитие таких отраслей страны, как промышленное производство, сельское хозяйство, малый и средний бизнес. Успешно реализуются различные программы и стабильно растет экономика региона. В этом году планируется привлечь 841 миллиард тенге инвестиций, будут реализованы крупные проекты в сфере сельского хозяйства, переработки, промышленности, туризма и других направлениях. Следует отметить оперативность выполнения поставленных Президентом страны задач по ликвидации последствий паводков и оказания помощи пострадавшим в прошлом году. Сегодня ведется системная работа по предупреждению паводков. Сенат, как Палата, представляющая регионы, продолжит работу по содействию развитию региона», – сказал Маулен Ашимбаев в своем выступлении.
Роль молодежи в реализации реформ и развитии Казахстана обсудили сенаторы в ходе встречи с представителями активной молодежи области в стенах Западно-Казахстанского университета имени Махамбета Утемисова. Как подчеркнул Спикер Сената, драйвером модернизации страны является интеллигентная, образованная, гибкая к требованиям современности молодежь с созидательными ценностями. Поэтому сегодня ведется системная поддержка молодых казахстанцев, реализуются комплексные реформы, разрабатываются стратегические программы и государственные проекты, в том числе по подготовке специалистов новой формации.
«По инициативе Главы государства в стране проводятся масштабные политические, экономические и социальные реформы. Реализуется программа «Национальный фонд – детям». Принят закон о накопительной системе «Келешек», расширены возможности для обучения и прохождения стажировок за рубежом в рамках программы «Болашак». Таким образом, мы видим, что обеспечиваются социальные гарантии, условия для получения качественного образования и личностного роста для молодежи. Поэтому и молодые люди со своей стороны должны осознавать ответственность перед страной и прилагать все усилия для реализации задач, обозначенных Главой государства по построению Справедливого Казахстана», – сказал Спикер Сената и ознакомил участников встречи с законодательной работой Сената по ключевым направлениям.
Кроме того, сенаторы осмотрели дома, которые были построены по поручению Главы государства в пригороде областного центра для пострадавших от прошлогоднего весеннего паводка, посетили Центр абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью «Ақжайық», который действует совсем недавно и рассчитан на 150 мест. Для граждан с особыми потребностями здесь функционируют кабинет лечебной физкультуры с применением роботизированных комплексов. Имеется также игровой спортзал, где проходят тренировки параспортсменов по бочча, бассейн и учебный корпус со специальными кабинетами для реабилитации.
Ознакомились депутаты и с технологией выпускаемой продукции на предприятиях ТОО «Packaging Systems», специализирующемся на выпуске бигбэгов и вагонных вкладышей для сыпучих грузов, и мебельной фабрики – ТОО «Квант». В ходе встреч с трудовыми коллективами были обсуждены актуальные вопросы, волнующие жителей региона, а также перспективы дальнейшего расширения производств и привлечения инвестиций.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және жастармен кездесулер өткізді. Іс-шаралар барысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру және Сенаттың өңірлерді дамытуға ықпалын одан әрі күшейту мәселелері, сондай-ақ, Палатаның мәслихаттармен бірлескен жұмысының маңызды бағыттары талқыланды.
Мәслихат депутаттарымен және облыс жұртшылығымен кездесуде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асыру барысына баса мән берілді. Мәулен Әшімбаев Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстан құру үшін ел Президенті Ұлттық құрылтайдың IV отырысында белгілеп берген басымдықтарды сапалы іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Палата Спикері барлық деңгейдегі кешенді жұмыс, мүдделі тараптардың белсенділігі, сындарлы өзара іс-қимыл, соның ішінде қажетті заңдарды уақтылы қабылдау, ең алдымен, еліміздің табысты экономикалық дамуының, өңірлердің өркендеуінің және азаматтардың әл-ауқатының артуының кепілі екенін айтты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізді дамытуға қатысты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Өңірлердің экономикасын өркендету негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Құрылтайда ішкі саясат, идеология, білім беру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Айтылған барлық бастамалар Әділетті, Қауіпсіз, Таза және Қуатты Қазақстан құру идеясын іске асыруға арналған. Осы және басқа да міндеттерді сапалы іске асыру үшін жүйелі әрі тиімді жұмыс істеуіміз керек», – деп, Сенат Төрағасы облыстық мәслихат депутаттарын ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін Палатаның заң шығару қызметіне белсенді қатысуға шақырды.
Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев сәуір айында Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жаңа форматтағы кеңейтілген отырысын өткізу жоспарланып отырғанын тілге тиек етті. Онда Мемлекет басшысы Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында белгілеп берген міндеттер талқыланбақ.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев экономиканы әртараптандырудың, өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыттарына тоқталды. Кездесуде ел Президентінің өңірлерге қатысты инвестициялар тарту, жаңа технологиялар енгізу, жаңа кәсіпорындарды іске қосу және жұмыс орындарын ашу жөніндегі өзекті бастамалары да талқыланды.
Іс-шарада атап өтілгендей, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы экономиканың өсу қарқыны бойынша айтарлықтай деңгейде. Сондай-ақ былтыр су тасқынының салдарын жою және биыл оның алдын алу бағытындағы жұмыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізілгені сөз болды.
«Бүгінде Батыс Қазақстан облысы елімізде өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес сияқты маңызды салалардың дамуына үлкен үлес қосып отыр. Түрлі бағдарламалар табысты іске асырылып, өңірдің экономикасы тұрақты өсіп келеді. Биыл 841 млрд теңге инвестиция тартылып, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, өнеркәсіп, туризм және тағы басқа салалар бойынша ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Былтырғы су тасқынының салдарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты Президентіміз жүктеген міндеттер жедел орындалғанын да атап өткен жөн. Биыл да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата ретінде облыстардың дамуына қолдау көрсету бағытындағы жұмысты жалғастыра береді», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар сенаторлар Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Онда қолға алынған реформаларды іске асыру және ел дамуындағы жастардың рөлі жан-жақты талқыланды. Сенат Төрағасы атап өткендей, зияткер, білімді, жасампаз, заман талаптарына жедел бейімделетін жастар – елімізді жаңғыртудың қозғаушы күші. Сондықтан қазір жас буынға жүйелі қолдау көрсету үшін кешенді реформалар жүзеге асырылып, стратегиялық бағдарламалар мен мемлекеттік жобалар қолға алынуда. Соның ішінде жаңа формациядағы мамандар даярлауды көздейтін бастамалардың мәні зор.
«Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізіліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асырылуда. «Келешек» жинақтаушы жүйесі туралы заң қабылданды. «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде оқу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері кеңейтілді. Осылайша, өскелең ұрпақтың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге, сапалы білім алуына және жеке тұлға ретінде дамуына қажетті жағдай жасалып отыр. Сондықтан жастар да өз тарапынан ел алдындағы жауапкершілікті сезініп, Мемлекет басшысы белгілеп берген Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолындағы міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға тиіс», – деп, Палата Спикері Сенаттың заңнамалық жұмыстарына назар аударды.
Сонымен қатар, сенаторлар былтырғы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналып Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған үйлерге арнайы барды. Сондай-ақ жақында іске қосылған 150 орындық «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығының қызметімен танысты. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін роботты кешендер қолданылатын емдік дене шынықтыру кабинеті жұмыс істейді. Одан бөлек, орталықта бочча параспорттары бойынша жаттығу залы, оңалтуға арналған арнайы кабинеттер қарастырылған бассейн және оқу ғимараты бар.
Депутаттар сусымалы жүктерге арналған бигбэгтер мен вагон төсемдерін шығаратын «Packaging Systems» ЖШС мен «Квант» жиһаз фабрикасының өндіріс технологиясымен танысты. Еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер мен өндірістерді одан әрі кеңейту және инвестициялар тарту тетіктері талқыланды.