статья

Реализация поручений Президента в сфере цифровизации: Олжас Бектенов обсудил с генеральным директором «Яндекс Global» Даниилом Шулейко развитие цифровых сервисов

Президенттің цифрландыру саласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру: Олжас Бектенов «Яндекс Global»-дың бас директоры Даниил Шулейкомен цифрлық сервистерді дамытуды талқылады

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 9 июля 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Позиция

Премьер-министр дал ряд поручений профильным ведомствам по совместной реализации цифровых проектов.

09 Июль 2025, 12:15 Реализация поручений Президента в сфере цифровизации: Олжас Бектенов обсудил с генеральным директором «Яндекс Global» Даниилом Шулейко развитие цифровых сервисов Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с генеральным директором «Яндекс Global» Даниилом Шулейко и руководителем Yandex Qazaqstan Тимуром Шалекеновым. Обсуждены перспективы развития цифровых сервисов, платформенной занятости и реализации технологических проектов в Казахстане. В настоящее время Правительство работает над формированием сбалансированного регулирования платформенной занятости с учетом особенностей налогообложения самозанятых. В данном контексте особую актуальность приобретает инициатива, реализуемая Yandex Qazaqstan. Яндекс Такси стало первым в стране налоговым агентом. Общее число участников платформы с момента запуска в сентябре прошлого года уже достигло 86 тыс. человек. В развитие проекта инвестировано более 4,9 млрд тенге, в качестве агента компанией удержано и перечислено в бюджет 4,3 млрд тенге. «Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил активно внедрять цифровые решения для удобства граждан. Для эффективного регулирования платформенной занятости Правительство заинтересовано в новых подходах к социальной защите, налогообложению и правовому статусу самозанятых и фрилансеров. Для вывода данного сектора из тени и вовлечения в активную экономику важно обеспечить плавный переход на новый налоговый режим с 1 января 2026 года. Вопрос касается деятельности сотен тысяч наших граждан», — подчеркнул Олжас Бектенов. Генеральный директор «Яндекс Global» Даниил Шулейко отметил плодотворное сотрудничество и подтвердил намерение компании продолжать развитие технологических инициатив в стране. Кроме того, в ходе встречи рассмотрены планы по развитию сервиса междугородних пассажирских перевозок. На сегодня Yandex Qazaqstan обеспечена большая часть ключевых направлений по стране. Акцентировано внимание на вопросах безопасности на дорогах. Так, для безопасности пассажиров и водителей введена проверка водительских удостоверений, проводится селфи-контроль и регулярные фотоосмотры автомобилей. Система автоконтроля отслеживает скорость, уровень усталости водителей и другие параметры. В режиме реального времени фиксируются нештатные ситуации и ДТП, а также контролируются отклонения от маршрута и другие риски. Внимание также уделено другим технологическим инициативам, реализуемым компанией. Так, в пилотном режиме внедряется голосовой помощник на базе искусственного интеллекта в контакт-центре 1414 с поддержкой казахского и русского языков. Развивается проект визуализации экстренных вызовов скорой помощи на карте города. По итогам встречи стороны подтвердили готовность к продолжению совместной работы. Премьер-министр дал ряд поручений профильным ведомствам по совместной реализации цифровых проектов. #Премьер-министр РК #Международное сотрудничество #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

09 Шілде 2025, 12:15

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Яндекс Global»-дың бас директоры Даниил Шулейкомен және Yandex Qazaqstan-ның жетекшісі Тимур Шалекеновпен кездесті. Онда Қазақстанда цифрлық сервистерді дамыту, платформалық жұмыспен қамту және технологиялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Қазіргі уақытта Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу ерекшеліктерін ескере отырып, платформалық жұмыспен қамтуды тең дәрежеде реттеуді жолға қою бойынша жұмыс жүргізуде. Осы тұрғыда Yandex Qazaqstan жүзеге асырып жатқан бастама ерекше бір маңызға ие.

Яндекс Такси еліміздегі алғашқы салық агенті болып отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында іске қосылған сәттен бастап платформаға қатысушылардың жалпы саны 86 мың адамға жетті. Жобаны дамытуға 4,9 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды, ал агент ретінде компаниядан 4,3 млрд теңге салық ұсталып, бюджетке аударылды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға ыңғайлы болу үшін цифрлық шешімдерді қарқынды түрде енгізуді тапсырды. Платформалық жұмыспен қамтуды реттеу барысын тиімді ету үшін Үкімет әлеуметтік қорғауға, салық салуға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен фрилансерлердің құқықтық мәртебесіне жаңаша әдіспен қарауға мүдделі. Аталған секторды көлеңкеден шығару және экономикаға белсенді түрде тарту үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа салық режиміне біртіндеп көшу маңызды. Бұл жердегі мәселе біздің жүздеген мың азаматтарымыздың қызметіне қатысты болып отыр» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Яндекс Global»-дың бас директоры Даниил Шулейко біздің елмен әріптестік жемісті жүзеге асып жатқанын атап өтіп, компанияның технологиялық бастамаларын дамытуды жалғастыру ниетін жеткізді.

Одан бөлек, кездесу барысында қалааралық жолаушылар тасымалы сервисін дамыту жоспарлары да қаралды. Бүгінгі таңда Yandex Qazaqstan еліміздегі негізгі бағыттардың басым бөлігін қамтып отыр.

Жолдардағы қауіпсіздік мәселелеріне де баса назар аударылды. Жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жүргізуші куәліктерін тексеру енгізілді, селфи-бақылау және автомобильдерді тұрақты фототексеру жүргізіледі. Автоматты басқару жүйесі жылдамдықты, жүргізушілердің шаршау деңгейін және басқа да параметрлерді бақылайды. Штаттан тыс жағдайлар мен ЖКО нақты уақыт режимінде тіркеледі, сондай-ақ маршруттан ауытқулар және басқа да тәуекелдер бақыланады.

Компания жүзеге асыратын басқа да технологиялық бастамаларға назар аударылды. Мәселен, пилоттық режимде 1414 байланыс орталығы арқылы қазақ және орыс тілдерінде сөйлейтін жасанды интеллект негізіндегі дауыстық көмекші енгізілуде. Қала картасында шұғыл жедел жәрдем шақыруларын визуализациялау жобасы әзірленуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді. Премьер-министр цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру бойынша жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз