Закон и порядок: Олжас Бектенов провел заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений
Заң мен тәртіп: Олжас Бектенов Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено разработать новую наркополитику, нацеленную на первопричины.
Поручено усилить блокировку наркосайтов и связанных денежных переводов.
Важно развивать Центры поддержки семьи и цифровизацию для борьбы с бытовыми преступлениями.
24 Июль 2025, 09:00 Закон и порядок: Олжас Бектенов провел заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений Премьер-Министр Олжас Бектенов провел заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений при Правительстве РК с участием министров внутренних дел Ержана Саденова, здравоохранения Акмарал Альназаровой, просвещения Гани Бейсембаева, культуры и информации Аиды Балаевой, а также акимов областей и городов Астаны, Алматы, Шымкента, представителей Генпрокуратуры, КНБ и Агентства по финансовому мониторингу. На заседании рассмотрены меры по борьбе с наркопреступностью, алкоголизмом и вопросы эффективности проводимой работы по профилактике правонарушений в сфере семейно-бытовых отношений. Министр внутренних дел Ержан Саденов доложил, что за полгода изъято 6,4 тонны наркотиков, заблокировано свыше 17 тыс. наркосайтов, задержаны 474 наркопреступника, в том числе 28 администраторов Telegram-каналов. Возбуждено 21 уголовное дело в отношении организованных преступных группировок, три из них – транснациональные. Проведено свыше 11 тыс. антинаркотических мероприятий. Кроме того, за отчетный период пресечено 107 тыс. фактов распития алкоголя в общественных местах и 7 тыс. нарушений в сфере оборота алкоголя. В отношении 11 тыс. лиц вынесен запрет на употребление спиртных напитков. Согласно данным, озвученным министром здравоохранения Акмарал Альназаровой, сегодня на диспансерном учете состоят более 17 тыс. лиц с наркотической зависимостью. За последние пять лет в 1,5 раза снизилось число опиоидных зависимых, при этом увеличилось количество пациентов с зависимостью от синтетических стимуляторов и комбинированного употребления наркотиков. С конца 2024 г. введено консультативное наблюдение за лицами с вредным потреблением без синдрома зависимости, охвачено порядка 3 тыс. человек. Наркологическая помощь оказывается в 20 региональных центрах психического здоровья, 79 городских и 205 районных кабинетах, также работает Республиканский научно-практический центр психического здоровья. На уровне первичной медико-санитарной помощи функционируют 94 молодежных центра здоровья, куда в 2024 г. обратились свыше 700 тыс. человек. В 2025 г. утверждены новые методические рекомендации по усилению эффективности лечения. Продолжается пересмотр перечня противопоказаний к госпитализации. Премьер-министр подчеркнул, что, несмотря на усилия правоохранительных органов, проблема наркомании сохраняется, особенно среди молодежи. «Президент страны Касым-Жомарт Токаев определил принцип «Закон и порядок» в качестве одного из фундаментальных постулатов функционирования государства и общества. Госорганы и, в первую очередь, правоохранительные структуры, обязаны обеспечить безусловную реализацию этой установки Главы государства. Опасная тенденция, волнующая все общество – это распространение наркомании среди молодежи. К сожалению, она набирает все более масштабные обороты. Ситуация осложняется новыми способами их распространения – через интернет, почтовые отправления, «закладки», обезличенные электронные платежи. Все это исключает физический контакт «наркодиллер-сбытчик-потребитель». Поэтому сейчас гораздо сложнее задерживать распространителей», — отметил Олжас Бектенов. Руководитель Правительства поручил принять меры по совершенствованию механизмов выявления и блокирования наркосайтов и подобных объявлений, проработать вопросы блокирования денежных переводов, связанных с оборотом наркотиков. Внимание было уделено усилению контроля за аптечным отпуском препаратов, вызывающих зависимость, созданию реабилитационной инфраструктуры, в том числе для несовершеннолетних, активизации работы по выявлению и лечению наркозависимости. В рамках борьбы с алкоголизмом в республике поручено расширять движение «трезвых населенных пунктов». В настоящее время их количество составляет свыше 400. Предложено стимулировать активистов и акиматы, реализующие соответствующие инициативы. Сегодня в нетрезвом состоянии совершаются более половины убийств, каждое третье хулиганство и четвертый грабеж. Олжас Бектенов поручил разработать новую наркополитику, ориентированную не только на борьбу с последствиями, но и с первопричинами распространения наркотиков. Межведомственной комиссией также рассмотрены вопросы эффективности проводимой работы по профилактике правонарушений в сфере семейно-бытовых отношений и оказания психологической помощи. По информации МВД, за последние три года количество обращений по фактам домашнего насилия сократилось на 35%. При этом с начала 2025 г. отмечено снижение на 20% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Количество семейно-бытовых преступлений сократилось на 34,9%. Премьер-министр отметил, что, несмотря на положительную динамику, предотвращение и профилактика домашнего насилия является актуальным вопросом семейно-демографической политики страны. «Принцип «Закон и Порядок», определенный Главой государства, означает, что какое-либо насилие, рукоприкладство недопустимы в обществе. По поручению Президента мы усилили законодательство. Ужесточена ответственность за противоправные действия в отношении женщин и детей», — подчеркнул Олжас Бектенов. Руководитель Правительства акцентировал внимание на необходимости усиления мер по предотвращению насилия, укреплению межведомственной координации, расширению информационной работы среди населения, взаимодействию с неправительственными организациями и оказанию психологической помощи. В прошлом году в Министерстве внутренних дел создано специализированное подразделение по борьбе с семейно-бытовым насилием, которое совместно с заинтересованными госорганами ведет профилактическую работу. Обсуждена проблема детей-свидетелей домашнего насилия. Министерству просвещения поручено разработать механизм раннего выявления и поддержки таких несовершеннолетних. Олжас Бектенов отметил важность развития сети Центров поддержки семьи, эффективной цифровизации и объединения усилий всех ведомств в борьбе с бытовыми преступлениями. В завершение заседания Премьер-министр поручил местным исполнительным органам обеспечить для лиц, подпадающих под амнистию, комплексную адаптацию, сопровождение и профилактику рецидивов, включая бытовое насилие. #Премьер-министр РК #МВД РК #МВК #Минздрав #Минкультуры #Образование Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
24 Шілде 2025, 09:00
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Оған ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, Бас прокуратура, ҰҚК және Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері қатысты.
Отырыста есірткі қылмысына, маскүнемдікке қарсы күрес жөніндегі шаралар және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі жөнінде мәселелер қаралды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жарты жыл ішінде 6,4 тонна есірткі тәркіленгенін, 17 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталғанын, 474 есірткі қылмыскері, оның ішінде 28 Telegram-канал әкімшілері ұсталғанын баяндады. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды, олардың үшеуі трансұлттық деңгейдегі топтар. Есірткіге қарсы 11 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Сонымен қатар есепті кезеңде қоғамдық орындарда ішімдік ішудің 107 мың фактісі және алкоголь айналымы саласындағы 7 мың заң бұзушылықтың жолы кесілді. 11 мың адамға спирттік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтқан мәліметтерге сәйкес, бүгінде диспансерлік есепте есірткіге тәуелділігі бар 17 мыңнан астам адам тұр. Соңғы бес жылда опиоидқа тәуелділер саны 1,5 есе азайған, керісінше синтетикалық стимуляторларға және есірткіні аралас қолдануға тәуелді болып қалған пациенттер саны артқан. 2024 жылдың соңынан бастап тәуелділік синдромы жоқ, бірақ есірткіні өзіне зиянды түрде тұтынатын адамдарға консультациялық бақылау енгізілді. Онымен бүгінде 3 мыңға жуық адам қамтылды. Наркологиялық көмек 20 өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында, 79 қалалық және 205 аудандық кабинеттерде көрсетіледі, сондай-ақ Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы жұмыс істеп тұр. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде 94 жастардың денсаулық орталығы бар, оған 2024 жылы 700 мыңнан астам адам жүгінді. 2025 жылы емдеудің тиімділігін арттыру бойынша жаңа әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімдер тізбесін қайта қарау жалғасуда.
Премьер-министр құқық қорғау органдарының қанша күш салып жатқанына қарамастан, нашақорлық мәселесі, әсіресе жастар арасында сақталып отырғанын атап өтті.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Заң мен тәртіп” қағидатын мемлекет пен қоғам қызметінің негізгі постулаттарының бірі ретінде айқындап берді. Сондықтан да мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары Мемлекет басшысының осы нұсқауы сөзсіз орындалуын бірінші кезекте қамтамасыз етуі міндетті. Бүкіл қоғамды алаңдатып отырған қауіпті тенденция – жастар арасында нашақорлықтың таралуы. Өкінішке қарай, ол күннен күнге белең алып барады. Жағдай оны таратудың жаңа әдістерімен шиеленісе түсуде, олар – интернет арқылы, пошта арқылы, “жасырып кету”, иесі белгісіз электронды төлемдер. Мұның барлығы “наркодиллер-өткізуші-тұтынушы” үштігінде физикалық байланыстың болмауына әкеліп отыр. Сол себепті де қазір таратушыларды ұстау әлдеқайда қиын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр есірткі сайттары мен соған ұқсас хабарландыруларды анықтау және бұғаттау тетіктерін жетілдіре түсу жөнінде шаралар қабылдауды, есірткі айналымына байланысты ақша аударымдарын бұғаттау мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Нашақорлықты тудыратын препараттардың дәріханалық қозғалысын бақылауды күшейтуге, оңалту инфрақұрылымын құруға, оның ішінде кәмелетке толмағандар үшін нашақорлықты анықтау және емдеу жөніндегі жұмысты жандандыруға назар аударылды.
Республика бойынша маскүнемдікке қарсы күрес шеңберінде ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің қозғалысы кеңейтілетін болады. Қазіргі уақытта олардың саны 400-ден асады. Осындай бастамаларды жүзеге асырып жүрген белсенділер мен әкімдіктерді ынталандыру ұсынылды. Бүгінде кісі өлтірудің жартысынан көбі, әрбір үшінші бұзақылық және төртінші тонау қылмысы мас күйде жасалады.
Олжас Бектенов есірткінің таралуының салдарымен ғана емес, негізгі себептерімен де күресуге бағытталған жаңа есірткі саясатын әзірлеуді тапсырды.
Ведомствоаралық комиссия сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және психологиялық көмек көрсету, оның ішінде құқық бұзушыларға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мәселелерін қарады.
ІІМ мәліметінше, соңғы үш жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша өтініштер саны 35%-ға азайған. Бұл ретте 2025 жылдың басынан бергі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеу байқалады. Отбасылық-тұрмыстық қылмыстар саны 34,9%-ға қысқарған.
Премьер-министр оң динамикаға қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі елдің отбасылық-демографиялық саясатында өзекті болып қалып отырғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты қоғамда қандай да бір зорлық-зомбылыққа, қол сұғушылыққа жол берілмейтінін білдіреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз заңнаманы күшейттік. Әйелдер мен балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікті қатаңдаттық» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр зорлық-зомбылықтың алдын алу, ведомствоаралық үйлестіруді нығайту, халық арасында ақпараттық жұмысты кеңейту және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар мен психологиялық көмек көрсету шараларын күшейту қажеттігіне назар аударды.
Өткен жылы Ішкі істер министрлігінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды. Аталған бөлімше мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы салада профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құзыретті қызметтердің өзара іс-қимылы ұйымдастырылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балалар мәселесі талқыланды. Білім министрлігіне мұндай кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және қолдау тетігін әзірлеу тапсырылды.
Олжас Бектенов Отбасын қолдау орталықтары желісін дамытудың, тиімді цифрландырудың және барлық ведомстволардың тұрмыстық қылмыстарға қарсы күресте күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс соңында Премьер-министр жергілікті атқарушы органдарға рақымшылыққа іліккен азаматтарды кешенді бейімдеуді, сүйемелдеуді және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоса алғанда, рецидивтердің алдын алуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз