Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» стала масштабным экологическим движением и неотъемлемой частью повседневной жизни казахстанцев
Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды
Паспорт доказательности qazvision:document:1033 · 70c5e0459bf3
Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: 70c5e0459bf3e3122e5b451bd29c2af7d3519e1133d52f8cb09bdb129bebf94b
Рабочий вывод
Что важно в документе
Подчёркнута важность сохранения ледников как экологической задачи.
Алтай как колыбель тюркской цивилизации подчёркивает культурно-гуманитарное значение форума.
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов на первой Международной экологической конференции в г. Манжерок (Республика Алтай) отметил проблему обмеления Каспия как один из ключевых региональных вызовов. В ходе выступления на пленарном заседании Премьер-министр подчеркнул, что экологическая безопасность является не просто частью «зеленой» мировой повестки, а важным условием для устойчивого развития любой страны. В Казахстане системно принимаются меры по защите окружающей среды.
По поручению Президента Касым-Жомарта Токаева активно реализуется программа «Таза Қазақстан», которая стала масштабным экологическим движением и неотъемлемой частью повседневной жизни казахстанцев. Она направлена на формирование культуры бережного отношения к природе, родной земле: на постоянной основе организуются экоакции по очистке природных территорий, берегов водоемов и высадке деревьев.
Также Правительством модернизируется экологическое законодательство, внедряются передовые природоохранные технологии, проводится цифровизация экологического контроля. Создается Фонд охраны биоразнообразия, развивается сеть особо охраняемых территорий, восстанавливается популяция редких и исчезающих видов животных, таких как тугайный олень, кулан, архар, джейран и снежный барс. Идет работа по реинтродукции туранского тигра и лошади Пржевальского.
Олжас Бектенов акцентировал внимание на снижении уровня Каспийского моря, подчеркнув необходимость активизации регионального взаимодействия между Прикаспийскими государствами. « С начала 2000-ных годов наблюдается тенденция снижения уровня Каспийского моря. Для изучения этой и других проблем создан Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря. Прогнозы ученых неутешительны. Нужны решительные скоординированные действия всех прикаспийских государств для сохранения этого уникального водоема», — отметил Премьер-министр.
В контексте водных вызовов Олжас Бектенов обратил внимание и на ситуацию в Приаралье. Казахстан возглавляет Международный фонд спасения Арала. В стране ведется работа по его восстановлению, укрепляется Кокаральская дамба, воссоздается дельта Сырдарьи, реализуются проекты по поддержке рыбной отрасли и озеленению высохшего дна бывшего моря. Премьер-министр также отметил важность работы, направленной на сохранении ледников. По прогнозам экспертов, к 2100 году объем ледников Центральной Азии значительно снизится.
В связи с этим по инициативе Президента Казахстана на саммите в Эр-Рияде было предложено Партнерство водных башен, объединяющего усилия по изучению и защите ледников. В Алматы действует Центрально-Азиатский региональный гляциологический центр под эгидой ЮНЕСКО, ставший ведущей платформой для региональных исследований. При этом подчеркнута готовность Казахстана к реализации совместных гидротехнических проектов – от регулирования водохранилищ до автоматизации учета воды.
Премьер-министр отметил символичность места проведения форума – Алтай, который считается колыбелью тюркской цивилизации и важным элементом культурно-гуманитарного взаимодействия. В пленарном заседании приняли участие председатель Правительства Российской Федерации Михаил Мишустин, премьер-министры Армении Никол Пашинян, Беларуси Александр Турчин, Кыргызстана Адылбек Касымалиев, Таджикистана Кохир Расулзода, Узбекистана Абдулла Арипов, а также заместитель председателя Кабинета министров Туркменистана Нокергулы Атагулыев.
Наряду с вопросами обмеления Каспия, таяния ледников и сохранения биоразнообразия, обсуждалось применение современных технологий в сфере охраны окружающей среды, внедрение инновационных решений в управление водными ресурсами и развитие трансграничного экотуризма.
25 Шілде 2025, 12:03
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану проблемасын аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті.
Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов экологиялық қауіпсіздік әлемдік «жасыл» күн тәртібінің бір бөлігі ғана емес, кез келген елдің орнықты дамуы үшін маңызды шарт екенін айтты.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жүйелі түрде қабылданады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде ол ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Табиғатқа, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама аясында табиғи аумақтарды, су қоймаларының жағалауларын тазарту және ағаш отырғызу бойынша экоакциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Сондай-ақ, Үкімет экологиялық заңнаманы жаңғыртуда, табиғат қорғау саласына озық технологияларды енгізуде, экологиялық бақылауды цифрландыруда. Биоалуантүрлілікті қорғау қоры құрылуда, ерекше қорғалатын аумақтар желісі дамытылуда, тоғай бұғысы, құлан, арқар, қарақұйрық және қар барысы сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің популяциясы қалпына келтірілуде. Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жұмыстары жүргізілуде.
Олжас Бектенов Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аудартып, Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.
«2000-шы жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де проблемаларды зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет» , — деді Премьер-министр.
Су тақырыбына қатысты сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов Арал маңындағы жағдайға да назар аударды. Бүгінде Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады. Елімізде оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, Көкарал бөгеті нығайтылуда, Сырдария сағасы қайта қалпына келтірілуде, балық саласын қолдау және бұрынғы теңіздің кеуіп қалған түбін көгалдандыру бойынша жобалар іске асырылуда.
Премьер-министр, сондай-ақ, мұздықтарды сақтауға бағытталған жұмыстардың да маңыздылығын атап өтті. Сарапшылардың болжамынша, 2100 жылға қарай Орталық Азия мұздықтарының көлемі айтарлықтай кішірейеді. Осыған байланысты Қазақстан Президентінің бастамасымен Эр-Рияд саммитінде мұздықтарды зерттеу және қорғау бойынша күш-жігерді біріктіретін «Су мұнаралары серіктестігін» құру ұсынылды. Алматыда ЮНЕСКО қамқорлығымен құрылып, өңірлік зерттеулердің жетекші платформасына айналған Орталық Азиялық өңірлік гляциологиялық орталық жұмыс істеп тұр.
Бұл ретте Қазақстанның су қоймаларын реттеуден бастап суды есепке алуды автоматтандыруға дейінгі бірлескен гидротехникалық жобаларды іске асыруға дайын екендігі атап өтілді.
Премьер-министр форум өтіп жатқан орынның символдық мәніне де назар аудартты. Алтай өлкесі - түркі өркениетінің бесігі, әрі мәдени-гуманитарлық өзара әріптестіктің маңызды элементі.
Пленарлық отырысқа Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, сондай-ақ Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нокергулы Атагулыев қатысты. Жиында Каспийдің таяздануы, мұздықтардың еруі және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерімен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында заманауи технологияларды қолдану, су ресурстарын басқаруға инновациялық шешімдерді енгізу және трансшекаралық экотуризмді дамыту жайы талқыланды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Тезисы из этого документа (2)
Контекст
Фрагмент первоисточника 2354–2437
воссоздается дельта Сырдарьи, реализуются проекты по поддержке рыбной отрасли и озеленению высохшего дна бывшего моря. Премьер-министр также отметил важность работы, направленной на сохранении ледников. По прогнозам экспертов, к 2100 году объем ледников Центральной Азии значительно снизится. В связи с этим по инициативеПерейти к полному тексту
Контекст
Фрагмент первоисточника 3002–3180
захстана к реализации совместных гидротехнических проектов – от регулирования водохранилищ до автоматизации учета воды. Премьер-министр отметил символичность места проведения форума – Алтай, который считается колыбелью тюркской цивилизации и важным элементом культурно-гуманитарного взаимодействия. В пленарном заседании приняли участие председатель Правительства Российской Федерации Михаил Мишустин, премьер-министрыПерейти к полному тексту
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.