статья

По поручению Президента вручены государственные награды работникам транспортной отрасли

Президенттің тапсырмасы бойынша көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Президентский корпус Дата события 1 августа 2025 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.

01 Август 2025, 14:55 По поручению Президента вручены государственные награды работникам транспортной отрасли В преддверии Дня работников транспорта Премьер-министр Олжас Бектенов от имени Главы государства Касым-Жомарта Токаева поздравил специалистов и ветеранов отрасли с профессиональным праздником и вручил государственные награды. В своем выступлении Премьер-министр подчеркнул ключевую роль транспортно-логистического сектора в развитии экономики страны. «Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поставил перед нами задачу – увеличить потенциал транспортного сектора и развивать Казахстан как надежный транзитный хаб. В этом контексте важен упорный труд специалистов отрасли, которые обеспечивают безопасную и бесперебойную перевозку пассажиров и грузов. Отечественная транспортная отрасль по итогам первых 6 месяцев текущего года показала динамичный рост – на 22,7%. Это результат самоотверженного труда и добросовестной работы таких специалистов и ветеранов отрасли, как вы», — подчеркнул Олжас Бектенов. Отмечены масштабные меры по модернизации инфраструктуры, цифровизации и повышению транзитного потенциала Казахстана, реализуемые по поручению Президента. В настоящее время ведется ремонт 13 тыс. км автодорог, строится более 1,3 тыс. км новых железнодорожных линий, современные логистические хабы и аэропорты. К 2029 году планируется увеличить объем транзитных грузов, проходящих по территории страны, до 100 млн тонн. Особое внимание уделено развитию мультимодальных маршрутов, включая Транскаспийский транспортный коридор – для реализации данного проекта модернизируются порты Актау и Курык. Также по поручению Президента, озвученного на заседании Национального курултая в марте текущего года, началось строительство магистрали «Центр – Запад» по маршруту Астана – Аркалык – Торгай – Иргиз с выходом на ТМТМ, что позволит сократить маршрут между центральными и западными регионами страны на 560 км. Отмечено развитие авиационной отрасли. Так, почти во всех аэропортах страны действует пятая степень свободы воздуха. В целях развития туризма строятся новые аэропорты в курортных зонах Катон-Карагая, Зайсана и Кендерли. Открыты новые пассажирские терминалы в Алматы, Кызылорде и Шымкенте. Ведется работа по восстановлению аэропорта Аркалык. Премьер-министр подчеркнул, что в целом казахстанская транспортная отрасль становится все более технологичной и клиентоориентированной за счет внедрения новых цифровых решений, в том числе автоматизированных систем управления, цифровой диспетчеризации. За вклад в развитие транспортной отрасли Олжас Бектенов от имени Президента вручил государственные награды и почетные звания отличившимся работникам. «В этом году в рамках Года рабочих профессий в систему государственных наград впервые введено почетное звание «Заслуженный работник транспортной отрасли Казахстана». Это искреннее признание вашего труда со стороны Президента и всего казахского народа. Сегодня в других регионах страны также проходят церемонии чествования передовиков производства и ветеранов транспортной отрасли. По всей республике государственные награды и почетные звания будут вручены около 200 работникам. Это яркое свидетельство поддержки специалистов отечественной транспортной отрасли, которые прилагают усилия на благо страны», — подчеркнул Олжас Бектенов. От имени награжденных с ответным словом выступили Канат Шаймин и Ануарбек Шулгауов. Работники транспортной отрасли выразили благодарность Президенту и отметили, что высокая оценка их труда служит стимулом к дальнейшей добросовестной работе на благо Казахстана. «Искренне благодарны Главе государства за признание наших заслуг и оказанное уважение. Неустанный труд во благо страны – наш гражданский долг. Эта награда – большая радость и источник вдохновения для дальнейшей добросовестной службы. Пусть наш труд и далее служит народу!», — сказал директор филиала АО «НК «КТЖ» – «Курорт – Боровское рельсосварочное предприятие» Ануарбек Шулгауов. Награждены: Орденом «Парасат» Айдар Беков – директор ТОО «Жана-Арқа-2006» Агабек Айденов – инженер сантехнических систем АО «Международный аэропорт Алматы» Почетным званием «Қазақстанның көлік саласының қайраткері» Канат Шаймин – советник генерального директора ТОО «КАЖсервис» Орденом «Құрмет» Талгат Ластаев – вице-министр транспорта РК Гульнар Булекбаева – главный менеджер Департамента пути и сооружений филиала АО «НК «Қазақстан темір жолы» – «Дирекция магистральной сети» Нурдаулет Байгазиев – директор филиала ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» – «Шымкентское отделение ГП» Айдар Оржанов – генеральный директор ТОО «НМСК «Казмортрансфлот» Насипбай Смагулов – директор ТОО «АБИ-Астана» Олег Чеканов – начальник линейной станции ТО ВС г. Шымкент инженерно-авиационной службы АО «Авиакомпания «SCAT» Нурбол Абызбаев – директор Туркестанского областного филиала ТОО «КАЖсервис» Талгат Бекбергенов – дорожный рабочий ДЭУ №72 г. Каркаралинск Карагандинского областного филиала ТОО «КАЖсервис» Медалью «Ерен еңбегі үшін» Евгений Альшанский – электромеханик Павлодарской дистанции сигнализации и связи филиала АО «НК «Қазақстан темір жолы» – «Павлодарское отделение магистральной сети» Аргынказы Сейтжан – машинист электровоза грузового движения Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо филиала ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» «Карагандинское отделение ГП» Мухтар Ыдырысов – машинист тепловоза Актогайского эксплуатационного локомотивного депо филиала ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» – «Алматинское отделение ГП» Айнур Салменова – главный диспетчер ТОО «Каспий Авто Парк» Юрий Оленев – менеджер по обслуживанию в аэропорту АО «FlyArystan» в г. Караганда Василий Устименко – машинист тракторной техники комплексной колонны по обслуживанию скорой медицинской помощи, аэродрома и хозобеспечения службы спецтранспорта АО «Аэропорт Усть-Каменогорск» Александр Ершов – старший инженер оперативного технического обслуживания воздушного судна АО «Эйр Астана» в г. Алматы Игорь Карлин – ведущий инженер систем отопления, вентиляции и кондиционирования АО «Международный аэропорт Алматы» Жумабай Култанов – ветеран автодорожной отрасли, дорожный рабочий ДЭУ№51 Кызылординского областного филиала ТОО «КАЖсервис» Жанат Жусупов – начальник дорожно-эксплуатационного участка № 5 города Кокшетау ТОО «КАЖсервис» Ержан Байжан – оператор маркировочной машины дорожно-эксплуатационного участка №77 п. Аксу-Аюлы Карагандинского областного филиала ТОО «КазАвтоЖолсервис» Ануарбек Шулгауов – директор филиала АО «НК «КТЖ» - «Курорт - Боровское рельсосварочное предприятие» Аскар Шокулбаев – мастер производственного обучения 5 уровня филиала АО «НК «ҚТЖ» – «Центр оценки и развития персонала железнодорожного транспорта» Юрий Кашкаров – наладчик контрольно-измерительных вагонов мобильно-диагностического комплекса №70156 (118) Астана филиала АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» #Премьер-министр РК #Гражданская авиация #Логистика #Поручение Президента #Транспорт Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

01 Тамыз 2025, 14:55

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.

Премьер-министр өз сөзінде көлік-логистика секторының ел экономикасын дамытудағы басты рөлін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға көлік секторының әлеуетін арттырып, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту міндетін қойды. Бұл орайда, жолаушылар мен жүк тасымалын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етіп отырған көлік қызметкерлерінің қажырлы еңбегі қашанда маңызды. Отандық көлік саласы биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 22,7% деңгейінде қарқынды өсім көрсетті. Мұның барлығында өздеріңіз сияқты сала мамандары мен ардагерлерінің маңдай тері, адал еңбегі жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру бойынша ауқымды шаралар атап өтілді. Қазіргі уақытта 13 мың шақырым автожол жөнделуде, 1,3 мың шақырымнан астам жаңа теміржол желілері, заманауи логистикалық хабтар мен әуежайлар салынуда. 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктердің көлемін 100 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін қоса алғанда, мультимодальды маршруттарды дамытуға ерекше назар аударылуда – бұл жобаны жүзеге асыру үшін Ақтау және Құрық порттары жаңғыртылуда. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша биыл наурыз айында Ұлттық құрылтай отырысында Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз бағыты бойынша ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» магистралінің құрылысы басталды, бұл елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы маршрутты 560 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар авиация саласының дамуы да атап өтілді. Еліміздің түгелдей дерлік әуежайында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесі бар. Туризмді дамыту мақсатында Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынуда. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында жаңа жолаушылар терминалдары ашылды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министр Қазақстанның көлік саласы тұтастай алғанда жаңа цифрлық шешімдерді, оның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық диспетчерлендіруді енгізу нәтижесінде барған сайын технологиялық және клиентке бағдарланған сипатқа ие болып келе жатқанан атап өтті.

Олжас Бектенов Президент атынан еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табыс етті.

«Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында мемлекеттік марапаттар жүйесіне алғаш рет “Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері” деген құрметті атағы енгізілді. Мұны Мемлекет басшысының және бүкіл Қазақ елінің өздеріңіз сияқты нағыз еңбек адамдарына деген шынайы құрметі деп қабылдаңыздар. Бүгін еліміздің басқа да өңірлерінде көлік саласының өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлерін ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Республика бойынша 200-ге жуық адамға мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табысталады. Бұл – ел игілігі жолында еселі еңбек етіп жатқан отандық көлік саласы қызметкерлерін қолдаудың айқын көрінісі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Марапатталғандар атынан Қанат Шаймин мен Әнуарбек Шұлғауов сөз сөйледі. Көлік саласының қызметкерлері Президентке ризашылықтарын білдіріп, олардың еңбегіне берілген жоғары баға Қазақстан игілігі үшін әрі қарай да адал жұмыс істеуге ынталандыратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысына біздің еңбегімізді мойындағаны және құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ел игілігі үшін қажымай еңбек ету – біздің азаматтық борышымыз.

Бұл марапат – біз үшін үлкен қуаныш. Одан әрі де адал қызмет етуге жаңаша жігер мен шабыт береді. Еңбегіміз халық игілігіне жарасын», — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры Әнуарбек Шұлғауов.

Айдар Беков – «Жаңа-Арқа – 2006» ЖШС директоры

Ағабек Әйденов – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ сантехникалық жүйелерінің инженері

«Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен

Қанат Шаймин – «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі

Талғат Ластаев – ҚР көлік вице-министрі

Гүлнәр Бөлекбаева – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Жол және құрылыстар департаментінің бас менеджері

Нұрдәулет Байғазиев – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры

Айдар Оржанов – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының» ЖШС бас директоры

Нәсіпбай Смағұлов – «АБИ-Астана» ЖШС директоры

Олег Чеканов – «SCAT» әуекомпаниясы» Шымкент қаласындағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету желілік стансасының бастығы

Нұрбол Абызбаев – «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС Түркістан облыстық филиалының директоры

Талғат Бекбергенов – «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының Қарқаралы қаласы №72 жол пайдалану бекетінің жол жұмысшысы

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Евгений Альшанский – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының электромеханигі

Арғынқазы Сейітжан – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының жүк қозғалысының электровоз машинисі

Мұхтар Ыдырысов – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Алматы жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Ақтоғай локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі

Айнұр Салменова – «Каспий Авто Парк» ЖШС бас диспетчері

Юрий Оленев – «FlyArystan» АҚ-ның Қарағанды қаласындағы әуежайда қызмет көрсету жөніндегі менеджері

Василий Устименко – «Өскемен әуежайы» АҚ Жедел медициналық көмекке, әуеайлаққа қызмет көрсету және шаруашылықпен қамту жөніндегі кешенді колоннасының тракторлы техника машинисі

Александр Ершов – «Air Astana» АҚ-ның Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженері (Алматы қаласы)

Игорь Карлин – «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ жылыту, желдету және ауаны баптау жүйесінің жетекші инженері

Жұмабай Құлтанов – автожол саласының ардагері, «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының №51 жол пайдалану бекетінің жол жұмысшысы

Жанат Жүсіпов – «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС Көкшетау қаласы филилалының №5 жол-пайдалану учаскесінің басшысы

Ержан Байжан – «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының Ақсу-Аюлы кентіндегі №77 жол-пайдалану учаскесінің таңбалау автокөлігінің операторы

Әнуарбек Шұлғауов – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры

Асқар Шокулбаев – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» өндірістік оқыту шебері

Юрий Кашкаров – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жол диагностикалық орталығы» Астана филиалының №70156 (118) мобильді-диагностикалық кешенінің қадағалау-өлшеу вагондарының баптаушысы.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз