Президент Касым-Жомарт Токаев и Генеральный секретарь Антониу Гутерриш посетили Региональный центр ООН в Алматы
Жаңалықтар
Рабочий вывод
Что важно в документе
ЦУР являются приоритетом национальной стратегии Казахстана.
Мероприятие важно для Казахстана и ООН.
Призыв к объединению усилий правительства, гражданского общества и частного сектора.
г. Алматы Глава государства Касым-Жомарт Токаев и Генеральный секретарь Организации Объединенных Нации Антониу Гутерриш приняли участие в церемонии подписания Соглашения между Правительством Казахстана и ООН о создании Регионального центра ООН по целям в области устойчивого развития для Центральной Азии и Афганистана. Свое выступление Касым-Жомарт Токаев начал со слов благодарности Генеральному секретарю ООН Антониу Гутерришу за его участие в этом знаменательном событии. Президент отметил, что сегодняшнее мероприятие имеет большое значение как для Казахстана, так и для Организации Объединенных Наций. Это событие является важным и мощным сигналом для всей международной общественности о значимости Центральной Азии, которая становится крайне важным актором на глобальной карте. Он добавил, что подписанное Соглашение официально закрепляет создание Регионального центра по ЦУР и знаменует собой важный этап в многолетнем и плодотворном сотрудничестве Казахстана и ООН. – На фоне нарастающей геополитической турбулентности, конфликтов, климатических изменений и угроз продовольственной безопасности Организация Объединенных Наций должна играть ключевую роль в обеспечении более безопасного и стабильного мира. ООН остается для Казахстана незаменимым и важнейшим столпом международного порядка. С момента своего вступления в Организацию 33 года назад Казахстан последовательно проявляет себя как ответственный, проактивный и миролюбивый член международного сообщества, – заявил он. По мнению Главы государства, открытие центра ООН в Алматы отражает возрастающее стратегическое значение региона. – Сегодня Центральная Азия демонстрирует беспрецедентное единство и твердую приверженность принципам добрососедства и общего прогресса. Страны региона проводят политические и социальные реформы, принимают решительные меры по диверсификации экономик, инвестируют в развитие человеческого капитала и создают более инклюзивные институты. Мы стремимся раскрыть потенциал Центральной Азии как активного посредника в решении ключевых международных вопросов и последовательно продвигаем конструктивную и ориентированную на будущее повестку на глобальной арене. В этом контексте создание Регионального центра ООН в Алматы является своевременным и стратегически важным шагом, – подчеркнул он. Президент полагает, что Центр станет катализатором скоординированных действий по укреплению устойчивости и динамичности наших экономик, развитию региональных инноваций и углублению сотрудничества. – Полномочия и функции данного Центра не будут пересекаться с деятельностью других организаций как в пределах региона, так и за его пределами. Напротив, Центр будет дополнять уже предпринимаемые усилия, внося дополнительную ценность благодаря тому, что будет сфокусирован на реальных потребностях жителей всего региона. Печальную известность приобрели такие проблемы Центральной Азии, как экологическая деградация Аральского моря и сокращение площади Каспийского моря. Для их эффективного решения необходимо укреплять региональное взаимодействие и усиливать вовлеченность Организации Объединенных Наций. В этой связи Казахстан проведет Региональный экологический саммит в Астане в апреле 2026 года в партнерстве с агентствами ООН, – сообщил Глава государства. Как далее отметил Касым-Жомарт Токаев, долгосрочный мир и устойчивое развитие Афганистана имеет решающее значение для обеспечения региональной безопасности. – Казахстан по-прежнему привержен поддержке афганского народа через оказание гуманитарной помощи, реализацию образовательных проектов, развитие торговли и инициатив в области продовольственной безопасности. Объем торговли между нашими странами неуклонно растет. Мы убеждены, что мир и развитие в Афганистане должны идти рука об руку. Человеческое достоинство и международное право неразрывно связаны между собой. Без усилий, направленных на их обеспечение, невозможно достижение прочной стабильности, – добавил Президент. Глава государства подчеркнул, что Казахстан рассматривает Цели устойчивого развития в качестве приоритета своей национальной стратегии. – Достигнуто многое, но мы ни в коем случае не должны успокаиваться в реализации планов по ускорению экономического развития и удовлетворению правовых потребностей наших граждан. Наша цель – сохранить лидирующую роль Казахстана в регионе в проведении глубоких экономических реформ и модернизации нашего общества на основе верховенства Закона и Порядка. Наша цель – построение по-настоящему Справедливого государства, в котором будут обеспечены права человека и соблюдены высокие экологические стандарты. Мы придаем приоритетное значение дальнейшей цифровизации, развитию искусственного интеллекта, а также созданию диверсифицированной транспортной инфраструктуры, чтобы превратить Казахстан в подлинный евразийский хаб международной грузовой торговли, – сказал он. Президент призвал правительства, гражданское общество и частный сектор объединиться и работать вместе для достижения общего прогресса. Только совместными усилиями Центральная Азия сможет по-настоящему развиваться как регион стабильности, возможностей и устойчивого роста. В завершение своей речи Президент выразил искреннюю признательность Генеральному секретарю ООН Антониу Гутерришу за проявление высокой дипломатии и лидерства в непростое время. Он заверил, что Казахстан и впредь будет поддерживать усилия Генерального секретаря во главе всемирной Организации. В свою очередь Антониу Гутерриш выразил благодарность всем присутствующим и заявил, что открытие данного Центра означает начало новой главы для региона на пути к достижению Целей устойчивого развития. – Открытие Центра символизирует новую эру сотрудничества в Центральной Азии, основанную на общих приоритетах и совместных решениях. Центр обладает огромным потенциалом для того, чтобы продемонстрировать, как прочные связи между лидерами региона могут привести к более глубокой экономической интеграции. Я высоко оцениваю дальновидность и лидерство Президента Токаева, который способствует формированию нового облика Центральной Азии, призванной играть все более значимую роль в мировом порядке, – подчеркнул Генсек. Он также отметил, что рад находиться в Алматы на открытии регионального центра накануне третьей Конференции ООН по вопросам развивающихся стран, не имеющих выхода к морю, которая пройдет в Туркменистане. – Центр может стать важным новатором в реализации Программы действий для таких государств. Сегодня мы с уверенностью можем сказать: Казахстан больше не является страной, не имеющей выхода к морю. Благодаря автомобильным и железнодорожным коридорам, оптоволоконным сетям Казахстан стал центром глобальной торговой системы, мировой логистики, транспорта и телекоммуникаций. Ваша страна действительно является мостом. Мостом между Востоком и Западом, Севером и Югом, – сказал Антониу Гутерриш. В завершение своей речи Генеральный секретарь высоко оценил внутриполитический курс Казахстана и его внешнюю политику. – Я искренне восхищаюсь Казахстаном. Для меня Казахстан – это символ мудрости, страна, которая строит мосты между народами и является миротворцем. Это место, где представители различных этнических и религиозных групп могут собираться вместе в поисках путей к общему будущему. Я никогда не забуду, что Казахстан отказался от ядерного оружия и благодаря этому решению стал символом мира и разоружения, что сегодня актуально как никогда ранее. Казахстан был и остается голосом разума в мире, где, к сожалению, все реже находится место для самого разума, – подытожил Генеральный секретарь.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі осы айтулы іс-шараға қатысқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ризашылығын білдірді.
Президент бүгінгі іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл оқиға дүниежүзілік картада өте салмақты акторға айналып келе жатқан Орталық Азияның маңызы жөнінде халықаралық қоғамдастыққа айқын белгі бергенін жеткізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, қол қойылған келісім арқылы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталықтың құрылуы ресми түрде бекітілді. Бұл – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың маңызды кезеңі.
– Геосаяси дүрбелеңдер мен қақтығыстар белең алып, климаттық өзгерістер күрделенген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген шақта Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқаруға тиіс. Қазақстан үшін БҰҰ халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала береді. Еліміз Ұйымға кірген сәттен бастап, 33 жыл бойы халықаралық қоғамдастықтың жауапты, белсенді әрі бейбітсүйгіш мүшесі екенін жан-жақты танытып келеді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.
– Бүгінде Орталық Азия бірлігі бекем және тату көршілік пен ортақ прогресс қағидаттарына бейіл өңір екенін паш етіп келеді. Аймақ елдері саяси және әлеуметтік реформалар жүргізіп, экономиканы әртараптандыру бойынша батыл шаралар қабылдап жатыр. Адам капиталын дамытуға күш салып, анағұрлым инклюзивті институттар құруды қолға алды. Біз халықаралық өзекті мәселелерді шешуге белсенді араласатын мәмілегер ретінде Орталық Азияның әлеуетін ашуға және жаһандық аренада конструктивті әрі келешекті көздеген күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетуге ұмтыламыз. Осы орайда Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығын ашу уақтылы және стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.
– Аталған Орталықтың құзыреті мен функциялары аймақтағы немесе одан тысқары жерлердегі басқа ұйымдардың қызметін қайталамайды. Керісінше, Орталық аймақ халқының нақты сұранысына назар аударудың арқасында қабылданып жатқан шараларды толықтырып, оның мән-мазмұнын арттыра түседі. Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс пен Каспий теңізінің тартылуы сияқты Орталық Азия проблемалары баршаға белгілі. Бұл түйткілдердің тиімді шешімін табу үшін өңірлік ықпалдастықты нығайтып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымын белсенді түрде тарту қажет. Осы ретте Қазақстан келесі жылдың сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммит өткізеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызға ие.
– Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, сауда-саттықты жандандыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бастамалар арқылы ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастырады. Екі ел арасындағы сауда көлемі ұдайы өсіп келеді. Біз Ауғанстанның бейбіт тіршілігі мен дамуы қатар жүруі керек деп санаймыз. Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды қамтамасыз етуге күш жұмылдырмайынша, тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын өзінің ұлттық стратегиясының басымдықтары ретінде қарастыратынын айтты.
– Жетістіктеріміз көп. Алайда біз экономикалық дамуды жеделдетуге және азаматтарымыздың құқықтық қажеттіліктерін өтеуге қатысты жоспарларымызды қалайда іске асыруымыз керек. Мақсатымыз – жан-жақты экономикалық реформа жүргізу, заң мен тәртіп үстемдігіне негізделген қоғам құру ісінде Қазақстанның аймақтағы жетекші рөлін сақтап қалу. Біз адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз ететін, жоғары экологиялық стандарттарды сақтайтын Әділетті мемлекет құрғымыз келеді. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні одан әрі дамытуға баса мән береміз. Сондай-ақ Қазақстанды халықаралық жүк тасымалы бойынша еуразиялық хабқа айналдыру үшін әртараптандырылған көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға күш саламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ортақ игілікке қол жеткізу үшін үкіметті, азаматтық қоғамды және жеке секторды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тек соның арқасында Орталық Азия шын мәнінде тұрақтылықтың, мүмкіндіктер мен орнықты өсімнің мекені ретінде дами алады.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, осындай қилы кезеңде жоғары дипломатия мен көшбасшылық үлгісін көрсетіп келе жатқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғыс айтты. Президент еліміздің Ұйым Бас хатшысының бастамаларына алдағы уақытта да қолдау білдіретінін жеткізді.
Антониу Гутерриш барлық қатысушыға ықылас танытып, аталған Орталықты ашу арқылы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңір үшін жаңа кезеңнің басталғанын айтты.
– Бұл ортақ басымдықтар мен бірлескен шешімдерге негізделген Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірін білдіреді. Аталған Орталық аймақ көшбасшылары арасындағы берік байланыстардың жан-жақты экономикалық интеграцияға қалай ұласатынын көрсететіндей әлеуетке ие. Мен Президент Тоқаевтың сарабдал саясаты мен көшбасшылығын жоғары бағалаймын. Оның бастамалары әлемдік тәртіпте рөлі артып келе жатқан Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етуде, – деді Бас хатшы.
Сондай-ақ Антониу Гутерриш Түркіменстанда өтетін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясы қарсаңында Алматыға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
– Орталық осындай мемлекеттер үшін іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруда жаңашыл тәсіл ұсына алады. Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды. Біз мұны сенімді түрде айта аламыз. Автокөлік және темір жол дәліздері, талшықты-оптикалық желілері арқасында Қазақстан жаһандық сауда жүйесінің, әлемдік логистиканың, көлік және телекоммуникацияның орталығына айналды. Сіздердің елдеріңіз шын мәнінде Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көпір болып отыр, – деді Антониу Гутерриш.
Бас хатшы сөзінің соңында Қазақстанның ішкі саяси бағдары мен сыртқы саясатына жоғары баға берді.
– Қазақстанға шын жүректен тәнтімін. Мен үшін Қазақстан –даналықтың символы, халықтар арасына дәнекер болып, бейбітшілікке үндейтін ел. Бұл – түрлі этнос пен дін өкілдері бас қосып, ортақ келешекке апаратын жолды бірге іздейтін мекен. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын ешқашан ұмытпаймын. Осы шешімнің нәтижесінде Сіздердің елдеріңіз бейбітшілік пен қарусызданудың символына айналды. Бүгінгі таңда бұл өте өзекті. Қазақстан әрдайым парасаттылық танытқан әрі сол биігінде қалады. Өкінішке қарай, қазіргі әлемге осындай байыпты ұстаным жетпей тұр, – деді Антониу Гутерриш.