статья

Снижение материнской и младенческой смертности определено Президентом приоритетом здравоохранения — Олжас Бектенов

Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді — Олжас Бектенов

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 5 августа 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Премьер-министр акцентировал важность программы «Аналар саулығы» для здоровья женщин.

Оценка

Премьер-министр отметил значимость работы в рамках президентских поручений.

05 Август 2025, 12:41 Снижение материнской и младенческой смертности определено Президентом приоритетом здравоохранения — Олжас Бектенов На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены меры по снижению материнской и младенческой смертности. С докладом выступила министр здравоохранения Акмарал Альназарова, также слово было предоставлено руководителю программ по здравоохранению и питанию Детского фонда ЮНИСЕФ Бауржану Жусупову, руководителю Туркестанского областного перинатального центра №3 Ардаку Аязбекову. По данным Министерства здравоохранения, за 6 месяцев 2025 года показатель материнской смертности снизился на 10%, младенческой – на 26,3%. Акмарал Альназарова доложила, что в числе принимаемых мер – актуализация стандартов и клинических протоколов по акушерству и педиатрии, увеличение тарифов по педиатрическим профилям, на роды и акушерские операции, внедрение инновационных методов лечения и др. Премьер-министр подчеркнул важность проводимой работы с учетом поставленных Президентом задач. «Глава государства определил снижение материнской и младенческой смертности важным приоритетом развития системы здравоохранения. Эти показатели отражают социально-экономическое благополучие регионов и сказываются на глобальном индексе конкурентоспособности страны. В целом принимаемые меры позволили достичь устойчивого снижения показателей материнской и младенческой смертности. Безусловно, это результат работы наших медицинских работников», — отметил Олжас Бектенов. Премьер-министр акцентировал внимание на необходимости расширения подготовки профильных специалистов. В частности, важно развивать в столице и регионах учебные центры на базе ведущих клиник, внедрять программы непрерывного обучения и повышения квалификации для акушеров, гинекологов, неонатологов, педиатров и реаниматологов. Вместе с тем необходимо обеспечить приток квалифицированных кадров в сельские населенные пункты для повышения доступности медицинской помощи для будущих мам и детей. Отмечена важность постоянной работы по улучшению условий для безопасных родов, в том числе оснащению современным оборудованием перинатальных центров. «Мы должны усилить работу по предупреждению сложных и критических случаев при родах, чтобы приблизиться к показателям развитых стран. Это амбициозная цель, но она достижима при правильной организации системы здравоохранения. За последние годы нам уже удалось снизить материнскую и младенческую смертность более чем в 6 раз. Главой государства поручено продолжить работу по строительству современных перинатальных центров. Необходимо до 1 ноября завершить подготовку всей необходимой документации и начать строительство таких центров в Шымкенте и Караганде», — поручил Олжас Бектенов. Премьер-министр подчеркнул важность реализации программы «Аналар саулығы», направленной на подготовку женщин к беременности, своевременную диагностику заболеваний и оздоровление. Также необходимо обеспечить равный доступ к качественной медицинской помощи для всех, что требует скоординированной работы государственных органов как на центральном, так и на местном уровнях. В целях снижения дефицита кадров Олжас Бектенов поручил Министерству здравоохранения совместно с акиматами принять меры по укомплектованию существующих и вновь вводимых объектов здравоохранения медицинскими специалистами. Отмечена необходимость отразить данный показатель в новой Концепции развития здравоохранения до 2030 года. Перед акиматами поставлена задача по улучшению инфраструктуры и укреплению материально-технической базы организаций родовспоможения и детства. Всем регионам поручено обеспечить выделение подъемных средств молодым врачам, приезжающим работать на селе. Министерству здравоохранения и национальным научным центрам дано поручение на постоянной основе обеспечить трансферт новых технологий в региональные медицинские организации для улучшения качества диагностики и лечения. #Заседание Правительства #Здравоохранение #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

05 Тамыз 2025, 12:41

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі шаралар қаралды.

Онда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады, сондай-ақ ЮНИСЕФ балалар қорының Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының басшысы Бауыржан Жүсіпов, №3 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының басшысы Ардақ Аязбеков сөз сөйледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 6 айында ана өлімі 10%-ға, нәресте өлімінің деңгейі 26,3%-ға төмендеген. Ақмарал Әлназарова қабылданып жатқан шаралар қатарында акушерлік және педиатрия бойынша стандарттар мен клиникалық хаттамаларды өзектендіру, педиатриялық бейіндер бойынша, босану мен акушерлік операцияларға тарифтерді ұлғайту, емдеудің инновациялық әдістерін енгізу және тағы басқа да шаралар бар екенін баяндады.

Премьер-министр Президент қойған міндеттерді ескере отырып, атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді. Бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне әсер етеді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл – медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесі» , — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр сала мамандарын даярлауды кеңейту қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, елордада және өңірлерде жетекші клиникалар базасында оқу орталықтарын дамытып, акушерлер, гинекологтер, неонатологтер, педиатрлар мен реаниматологтер үшін үздіксіз оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын енгізу маңызды. Сонымен қатар болашақ аналар мен балалар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендерге білікті кадрлардың келуін қамтамасыз ету қажет.

Қауіпсіз босану жағдайларын жақсарту, оның ішінде перинаталдық орталықтарды заманауи жабдықтармен жабдықтау бойынша тұрақты жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

«Біз дамыған елдердің көрсеткіштеріне жақындау үшін босану кезіндегі күрделі және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет. Денсаулық сақтау жүйесін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, көздеген мақсатқа қол жеткізуге болады. Соңғы жылдары ана мен бала өлімін 6 еседен астам төмендете алдық. Мемлекет басшысы заманауи перинаталдық орталықтардың құрылысын жалғастыруды тапсырды. Осы жылдың 1 қарашасына дейін барлық қажетті құжаттаманы дайындау жұмыстарын аяқтап, Шымкент пен Қарағандыда осындай орталықтардың құрылысын бастау қажет» , — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр әйелдерді жүктілікке дайындауға, ауруларды уақтылы диагностикалау мен сауықтыруға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ барлық адамның сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет, бұл орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысын талап етеді.

Кадр тапшылығын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау нысандарын медицина мамандарымен толықтыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл көрсеткіш Денсаулық сақтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында көрініс табуы қажеттігі атап өтілді.

Өңір әкімдіктеріне инфрақұрылымды жақсарту, босандыру және бала күтімі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту міндеті қойылды. Барлық өңірде ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген жас дәрігерлерге көтерме қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне, ұлттық ғылыми орталықтарға диагностика мен емдеу сапасын жақсарту үшін өңірлік медициналық ұйымдарға жаңа технологиялар трансфертін тұрақты негізде қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз