Цифровая трансформация экономики по поручению Президента: Правительство расширит перечень товаров, подлежащих маркировке и запустит пилотный проект по усилению контроля за надбавками на СЗПТ
Экономиканы цифрлық трансформациялау бойынша Президент тапсырмасы: Үкімет таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейтіп, ӘМАТ-қа белгіленетін сауда үстемелерін бақылауды күшейтетін пилоттық жобаны іске қосады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство выполняет поручения Президента по системной работе в торговле.
Расширение списка товаров с обязательной маркировкой.
Пилотный проект по контролю надбавок на социально значимые товары.
05 Август 2025, 11:26 Цифровая трансформация экономики по поручению Президента: Правительство расширит перечень товаров, подлежащих маркировке и запустит пилотный проект по усилению контроля за надбавками на СЗПТ На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены состояние и перспективы цифровой трансформации сферы торговли. «Главой государства поставлена задача цифровой трансформации всех отраслей экономики. Как мы видим, в сфере торговли ведется системная работа. В рамках полной прослеживаемости и идентификации товаров внедряется Национальный каталог товаров. Это основа для классификации товаров на всех этапах: от производства или ввоза до оптовой и розничной реализации», — подчеркнул Олжас Бектенов. Премьер-министр отметил, что во исполнение поручений Президента ведется системная работа в сфере торговли. Обеспечена интеграция информационных систем «Астана-1» и «Электронные-счета фактуры». Вместе с тем действующая система цифровой прослеживаемости товаров пока охватывает ограниченные категории продукции и опирается на разрозненные справочники и форматы данных. В этой связи министерствам финансов и торговли совместно с другими госорганами необходимо активизировать работу по внедрению Национального каталога товаров во всех отраслях. К активному подключению к данной работе призван казахстанский бизнес. Отдельное внимание уделено вопросам дальнейшей модернизации системы технического регулирования. «Предприниматели отмечают непрозрачность процедур сертификации и дублирование бумажных документов. Эти вопросы должна решить система технического регулирования Е-КТРМ, направленная на модернизацию механизма сертификации, аккредитации и стандартизации. В этой связи министерствам торговли, финансов и цифровизации необходимо до конца текущего года обеспечить полную интеграцию Е-КТРМ с информационными системами отраслевых госорганов. У бизнеса немало вопросов и к расширению маркировки на многие группы товаров. Проект Цифровая маркировка товаров призван защитить отечественный рынок от контрафактной и некачественной продукции, повысить конкурентоспособность отечественных производителей. Считаю, что Министерством торговли не проведена должная работа по информированию предпринимателей о важности маркировки и ее положительных эффектах. Поэтому нужно усилить информационно-разъяснительную кампанию и продолжить расширение перечня товаров, подлежащих маркировке», — подчеркнул Олжас Бектенов. Отмечена важность инициатив по запуску агромаркетплейса и системы прослеживаемости, которые будут способствовать существенному росту экономической активности в сельских населенных пунктах. Министерству торговли поручено обеспечить координацию работы профильных госорганов и акиматов. Министерству сельского хозяйства – до конца года разработать механизмы, стимулирующие работу сельхозпроизводителей через агромаркетплейс. В рамках внешнеторговой деятельности необходимо помочь бизнесу в части автоматизации процессов ввоза, прозрачности сделок и сертификации. Министерству торговли совместно с «Казпочтой» до конца года нужно запустить пилотный проект электронной торговой площадки В2В. Премьер-министр акцентировал внимание на том, что все эти вопросы требуют гибкого межведомственного взаимодействия и постоянного открытого диалога с бизнесом. По итогам рассмотрения вопроса цифровой трансформации сферы торговли Олжас Бектенов дал ряд поручений профильным министерствам: Министерствам торговли, финансов совместно с заинтересованными госорганами к 1 октября текущего года завершить распределение товарных групп в системе общего классификатора товаров, работ и услуг. Для обеспечения качественной интеграции ведомственных информационных систем с Национальным каталогом товаров необходимо проведение анализа и актуализации нормативных правовых актов. Министерству финансов совместно с заинтересованными госорганами поручено провести соответствующую работу. В целях усиления контроля за торговыми надбавками на социально значимые товары Министерству торговли необходимо до 1 октября текущего года обеспечить запуск пилотного проекта цифровых продовольственных ваучеров в Кокшетау и Павлодаре. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Поручение Президента #Торговля #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
05 Тамыз 2025, 11:26
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму болашағы қаралды.
«Мемлекет басшысы экономиканың барлық саласын цифрлық трансформациялау міндетін қойды. Көріп отырғанымыздай, сауда саласында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Тауарларды толық қадағалау және сәйкестендіру аясында Тауарлардың ұлттық каталогы енгізілуде. Бұл тауарларды өндіруден немесе әкелуден бастап, көтерме және бөлшек саудада өткізуге дейінгі барлық кезеңде оларды жіктеуге негіз болады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Президент тапсырмасын орындау аясында сауда саласында жүйелі жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. «Астана-1» және «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйелерінің интеграциясы қамтамасыз етілді. Алайда тауарларды цифрлық қадағалаудың қолданыстағы жүйесі өнімдердің шектеулі санаттарын ғана қамтиды және әр жерде бөлек-бөлек орналасқан анықтамалықтар мен деректер форматына сүйенеді. Сондықтан қаржы, сауда министрліктері басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тауарлардың ұлттық каталогын барлық салада енгізу жұмыстарын күшейтуі қажет. Осы жұмыстарға белсенді түрде атсалысуға бизнес те шақырылды.
Техникалық реттеу жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Кәсіпкерлер сертификаттау рәсімдерінің ашық болмауы мен қағаз құжаттардың қайталанатынын айтуда. Бұл мәселелерді сертификаттау, аккредиттеу және стандарттау тетігін жаңғыртуға бағытталған Е-ТРМК техникалық реттеу жүйесі шешуге тиіс. Осыған байланысты сауда, қаржы және цифрландыру министрліктері биылғы жылдың соңына дейін Е-ТРМК жүйесін салалық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен толық интеграциялауды қамтамасыз етуі қажет. Тауарлардың көптеген тобына таңбалауды енгізу мәселесіне қатысты бизнес тарапынан сұрақтар аз емес. Тауарларды цифрлық таңбалау жобасы ішкі нарықты контрафактілік және сапасыз өнімдерден қорғауға, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Меніңше, Сауда және интеграция министрлігі тарапынан таңбалаудың маңыздылығы мен оң әсері туралы кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру науқанын күшейтіп, таңбалауға жататын тауарлар тізбесін кеңейтуді жалғастыру керек» , — деп деп атап өтті Олжас Бектенов.
Агромаркетплейсті және қадағалау жүйесін іске қосу жөніндегі бастамалардың маңыздылығы аталып өтті. Олар ауылдық елді мекендерде экономикалық белсенділіктің барынша өсуіне ықпал ететін болады. Осыған байланысты сауда министрлігіне салалық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл соңына дейін агромаркетплейс арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмысын ынталандыратын тетіктерді әзірлеу міндеттелді. Сыртқы сауда қызметі аясында тауарларды әкелу үдерістерін автоматтандыру, мәмілелердің ашықтығы мен сертификаттау мәселелерінде бизнеске көмек көрсету қажет. Сауда министрлігіне «Қазпоштамен» бірлесіп, жыл соңына дейін В2В электрондық сауда алаңының пилоттық жобасын іске қосу тапсырылды.
Премьер-министр осы мәселелердің барлығы икемді ведомствоаралық өзара іс-қимылды және бизнеспен тұрақты ашық диалог жүргізуді талап ететінін атап өтті.
Сауда саласын цифрлық трансформациялау мәселесін қарау қорытындысы бойынша Олжас Бектенов салалық министрліктерге бірқатар тапсырма берді:
Сауда, Қаржы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қазанына қарай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы жіктеуіші жүйесінде тауарлық топтарды бөлуді аяқтау.
Ведомстволық ақпараттық жүйелердің Тауарлардың ұлттық каталогымен сапалы интеграциясын қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіп, оларды жаңарту қажет. Осыған байланысты Қаржы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды.
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленетін сауда үстемелерін бақылауды күшейту мақсатында Сауда министрлігіне осы жылдың 1 қазанына дейін Көкшетау және Павлодар қалаларында цифрлық азық-түлік ваучерлерінің пилоттық жобасын іске қосу тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз