QAZ.VISION · ЦИТАТАБиыл елімізде төрт ауқымды жоба қолға алынатын болды. Мен бұл туралы Құрылтай кезінде айттым. Көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады. 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды. Ауыл және аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайтын болады. Жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді.